І жүргізуші: Қажымас қайрат, ІІ жүргізуші: Шығармашылық табыс, І жүргізуші


ІІ жүргізуші: «Қазақтың жүз әні - I» ойыны



бет2/3
Дата27.10.2022
өлшемі39,5 Kb.
#45689
түріСценарий
1   2   3
Байланысты:
Ұстаздар күні 05.09

ІІ жүргізуші: «Қазақтың жүз әні - I» ойыны. Ортаға тілек айтқандардың арасынан әншілер шығару. Караокемен кез келген әнді айту. Бағасын беру.????


Ойын «Му, Мияу»


І жүргізуші: Әл - Фарабидің мына сөзіне көңіл бөліп көрейікші: «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жақсану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма, бұл сөзден біз орта буын аға апаларымыздың бейнесін көреміз. Оларды құрметпен атап отсем: Шынар, Айжан, Қамар, Айнагүл, Сәния, Дінмұхаммед ағайларымызды шақырамыз. Құттықтау сөз кезегі сіздерде.


ІІ жүргізуші: Ойын: «Қазақтың жүз әні - II» байқауы. Ортаға тілек айтқандардың арасынан әншілер шығару. Караокемен кез келген әнді айту. Бағасын беру.
ІІ жүргізуші: Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы дегендей Құрметті ұстаздар – әріптестер, бүгінгі мерейлі мерекелеріңізге ең тәтті сәби сезімі, шәкірттік мөлдір тілектерін жеткізуде және де олармен өткізген сауалнамаларда өздерінің ұстаздарына деген шын көзқарастарын анықтадық.


І жүргізуші: Сауалнамада «Ең әдемі апай», «Жарасымды киінетін ағай», «Ең көңілді апай», «Сәнді киінетін апай», «Мейірімді ағай» тағы басқа да статустарға жауап берген. Озат тәжірибесі мен шығармашылығы асқақтаған, білім жүйесінде өзіндік қолтаңба қалдырған жеңімпаз ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз, білім көгінде жұлдыздарыңыз жана берсін деп тілейді шәкірттеріңіз. Атап өтсем «Ең әдемі апай» деп көп дауыс жинаған Шынар апайды шақырамын, «Жарасымды киінетін ағай» деп Таңат ағай, «ең көңілді, үнемі күліп жүретін апай» деп Айжанды, «Сәнді талғаммен киінетін апай» подцвет апай Қамарды, «мейірім төгілген жүзінен» Сүндетқалидай мейірбанды ортаға шақырамыз. Сыйлық ұсыну.


І жүргізуші: «Қазақ тілім, өз тілің, ана тілің,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.
Таза сөйле, терең ұқ, көп - көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін», - деп
Зердемізге құятын,
Бар ізгілік бойларына сыятын.
Туған дәстүрі, салт - сананың тірегі,
Бұл жас ұстаздар, алда жүрер үнемі. - дей келе арамызда отырған жалындаған жастарымызды шақырамыз. Гүлмира, Айгүл, Маржан, Света, Күмісай, Анар, Гүлдерай, Илана, Алима, Ұлболсын, Мунира, Фарида, Ақерке, Балияш, Айгерім, Асылбек, Сәкен, Сүндетқали, Манас сынды әріптестеріміздің төл мерекесімен құттықтай, ортамызға шақырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет