І. Кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс жҥйесі монография


ғ / фонемасы ызыңдардың тобына  жатқызылып, / г



Pdf көрінісі
бет117/121
Дата27.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#129731
түріМонография
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121
ғ
/ фонемасы ызыңдардың тобына 
жатқызылып, /
г
/ фонемасы шҧғыл дауыссыздар тобында қарастырылуда және 
ол қазіргі мектеп оқулықтарында, ғылыми әдебиеттерде орнығып, тҧрақтады. 
Сондай-ақ кӛмей /
һ
/ фонемасы І.Кеңесбаев еңбегінен кейін дауыс қатысына 
қарай қатаңдардың қатарынан орын алды. 

Буын – кҥрделі фонетика-фонологиялық категория. І.Кеңесбаев 
Л.В.Щербаның (экспираторлық теория) тҧжырымын басшылыққа алып, қазақ 
тілі материалы негізінде буын жігін табудың ғылыми жолын нақтылаған, 
жҥйеге келтірген. Ғалым Қ.Жҧбановтың буын алмасуы жайындағы пікірін 
толықтырып, ҥш, тӛрт дыбысты буын ішіндегі соңы дауыссыз дыбыспен бітетін 
буынға жан-жақты сипаттама берген. 

І.Кеңесбаев тҥркі тіл білімінде екпін жайында қалыптасқан тҥсініктерді 
бойына сіңіре отырып, қазақ тілі екпінін орыс тілі сӛз екпінімен салыстыра 
зерттеген, олардың негізгі айырмашылықтарын анықтаған. І.Кеңесбаев – жалпы 
тҥркі және қазақ тіл білімінде тіркес екпіні жайлы пікір білдірген алғашқы 
зерттеушілердің бірі. 

І.Кеңесбаев алғашқылардың бірі болып игерулі, игерусіз ӛзгерістерді 
жан-жақты талдап, мәнін тҥсіндіріп, ара-жігін ажыратқан; езу сингармонизмі 
мен ерін сингармонизмінің қазақ тіліндегі кҥрделі айырмашылықтарын
қызметтерінің бірдей емес екендігін жҥйелік деңгейде анықтаған. 

I.Кеңесбаев – қазақ тілі дыбыс жҥйесіне арнаған ізденістерінің 
нәтижесін ғылыми-оқыту подстилінің оқулық жанрында лингводидактикалық 
принциптер негізінде жоғары деңгейде жазба мҧра қалдырған ғалым. 

І.Кеңесбаев – тҥркітану ілімінде Н.А.Баскаковтан кейін қазақ тілі 
материалы негізінде сӛздердің фонетикалық транскрипциясын кӛрсеткен 
ғалым. Онда қолданылатын таңбаларды саралап, қызметі мен мәнін тҥсіндірген. 
І.Кеңесбаев аталған мәселелерді қазақ тіл білімінің, жалпы тҥркітану 
ілімінің дыбыс жҥйесіне енгізіп, орнықтыру арқылы ғылым сахнасының 
тӛрінен ӛзіндік орнын алды. Оның тҧжырымдары, қағидалары кейінгі 
зерттеушілер тарапынан дамылып жетілдірілді. Сондай-ақ І.Кеңесбаевтың 
саралаған дыбыс жҥйесінің бірқатар мәселелері жаңа қырынан да 
қарастырылды. Ғалым ой-тҧжырымдарының кейінгі зерттеушілерде жалғастық 
табуы немесе ҥзіліп қалуы – заңды қҧбылыс. Ендеше, І.Кеңесбаев – қазақ тіл 
білімінің, жалпы тҥркітану ілімінің дыбыс жҥйесі бойынша келелі пікір айтып, 
оның қалыптасып дамуына елеулі ҥлес қосқан ірі ғалымдардың бірі деп батыл 
қорытынды жасауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет