І. Кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс жҥйесі монография



Pdf көрінісі
бет116/121
Дата27.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#129731
түріМонография
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121
қ/ғ

к'/г'

п/б

п'/б'
алмасуларын позициялық алмасуға 
емес, бейпозициялық алмасуға жатқызады. Ғалым қазақ тілінің дыбыстарын 
дауысты, дауыссыз және сонант деп топтастырады; 
в) Ә.Жҥнісбеков, Н.Уәлиев т.б. ғалымдар
к-қ

г-ғ 
дауыссыздарын екі 
фонема деп тҥсінеді (
к

г
); 
г) Ә.Қҧрышжанов, Ә.Жҥнісбеков 
ф

х

һ
дауыссыздарын шығыс 
тілдерінен енген фонемалар деп пайымдаса, Б.Сағындықҧлы 
ч
аффрикаты 
батыс хун бҧтағына жататын тҥркі тілдері ҥшін архетип болатынын дәлелдейді; 
ғ) Ә.Жҥнісбеков қазақ (тҥркі) тілінде сӛз екпіні жоқ, оның қызметін 
сингармонизм атқарады деп дәлелдесе, М.Жҥсіпҧлы сингармонизм сӛздің 
негізгі просодиялық доминантасы, сӛз екпіні кӛмекші, жанама қызметті 
атқаратынын айтады; 
д) Ә.Жҥнісбеков, М.Жҥсіпҧлы сингармонизмді тек дауыстылардың ғана 
ҥндестігі емес, дауысты мен дауыссыздардың ҥндестігі деп тҥсінеді. 
Х.Досмҧхамедҧлы 1924 жылы бҧл пікірді бірінші болып айтқан. І.Кеңесбаев 
сингармонизмді дәстҥрлі ҧғымда тҥсінген: сингармонизм – дауыстылар 
гармониясы. Дегенмен, ХХ ғасырдың 50-60-жылдары сингармонизмнің қазақ 
тілі материалы негізінде терең, кең, жан-жақты зерттелуі тек І.Кеңесбаевтың 
еңбегінде кездеседі. 
І.Кеңесбаевтың қазақ тілі дыбыс жҥйесін сегменттік және бейсегменттік 
(просодиялық), парадигматикалық және синтагматикалық қырларынан зерттеуі 
– бҥгінге дейін теңсіз дҥние. Себебі оның ізденістерінің қорытындылары 
фонетикалық және фонологиялық ілімдердің Қазақстанда дамуына зор әсерін 
тигізді, ғылыми негіз болды. 


ҚОPЫТЫHДЫ 
Тҥркі және қазақ тіл білімінің зерттеліп, дамуына елеулі ҥлес қосқан 
ғалымдардың бірі – І.Кеңесбаев. 1930 жылдардан бастап фонетика мәселелері 
бойынша ғылыми-зерттеу жҧмыстарын жҥргізген ғалым 1954 жылы "Қазiргi 
қазақ тiлi" академиялық грамматикасының дыбыс жҥйесі бӛлімін жазып 
шыққан. Бҧл – жоғарғы оқу орындарына арналған фонетика курсының алғашқы 
тҥпнҧсқасы. Оған дейін тҥркі әлемінде мҧндай диапазонды, сапалы еңбек 
жазылмаған. 1962 жылы бҧл еңбек толықтырылып, дамытылып, жҥйеленiп 
қайта басылым бетiн кӛрдi. Осы кезден бастап ол фонетиканың басты оқулығы 
деген атқа ие болып, ӛз қызметiн атқарып келді. Қазіргі уақытта да қолданыста. 
Ғылыми фонетикадағы ғалым пікірлерінің, қағидаларының ескірмегені, кҥні 
бҥгінге дейін сақталуы І.Кеңесбаев фонетикасының ӛте жоғары деңгейдегі 
теориялық негізіне, тілдің дыбыстық жҥйесінің дҧрыс анықталуы мен 
дыбыстық заңдылықтарды ӛте зерек белгілеуіне байланысты деп бағалауға 
мҥмкіндік береді. Аталған еңбектің қҧндылығын, маңызын, ғылым 
тарихындағы алатын орнын айқындау мақсатымен оған дейiнгі тҥркітану ілімі 
мен қазақ тiл бiлiмiндегі фонетика мәселесiнiң зерттелу жайына, танылу 
деңгейiне және ғалым ой-пікірлерінің кейінгі зерттеушілерде қаншалықты 
дамығанына тоқталу қажеттілігі туды. Осыған орай жҧмыста тҥркi тiлдерiндегі, 
сондай-ақ қазақ тіл біліміндегі дыбыс жҥйесіне қатысты зерттеулер 
сипатталып, І.Кеңесбаевтың монографиясы белгілі бір даму кезеңінің бастау 
кӛзі екені анықталды. Оларға тән ӛзара ҧқсастықтар мен айырым-белгілер 
сараланды. Ой байланысы мен сабақтастығы кӛрсетіліп, бірқатар пікірлер 
І.Кеңесбаев 
тарапынан 
кеңейтіліп 
жетілдірілгені 
айтылды. 
Ғалым 
тҧжырымдарының, қағидаларының кейінгі зерттеушілердің еңбектеріндегі 
кӛрінісі айқындалды.
Белгілі бір ғылыми бағыттың дамуы, ӛркендеуi оған дейін болған 
еңбектерден ӛзгешелiгiнен, ойының тереңдiгiнен, теориялық қағидаларының, 
ҧғымдарының, зерттеу әдіс-тәсілдерінің кейінгі еңбектерде жалғастық 
табуынан байқалады. I.Кеңесбаев ой-тҧжырымдарының ӛз заманында дыбыс 
жҥйесінің зеpттелуiне, дамуына қаншалықты ҥлес қосқаны және кейінгі 
ғалымдар еңбектерінде сабақтастық табуы тӛмендегі салыстыpа қарастыру 
баpысынан кӛpiнеді. Сондай салыстыpа қаpастыpу нәтижесiнде тӛмендегiдей 
тҥйiнге келдiк: 

Тілдің дыбыс туралы ілімінің негізгі бірлігі – фонема. Фонеманы 
зерттеуде І.Кеңесбаев Л.В.Щербаның фонологиялық теориясын (Ленинград 
фонологиялық мектебі) басшылыққа алған. Қазақ тілі материалы негізінде 
дыбыс пен фонеманың айырым-белгілерін кеңейте және тереңдете кӛрсетіп, 
қазақ тілінің дыбыс жҥйесі туралы ілімнің ілгері жылжуына ықпалын тигізген. 

Қазақ тілі фонетикасын іштей бірнеше салаға жіктеп кӛрсеткен ғалым – 
І.Кеңесбаев. Оған дейінгі зерттеушілердің еңбектерінде тіл дыбыстары 
қарастырылатын аспектісіне қарай сараланбаған-тын. І.Кеңесбаев оларды бір-
бірінен ажыратып, тҥсінік берген. 



Тiл дыбыстаpы – кҥрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесі. Тіл 
дыбыстарының тҥрлерін, қасиеттерін, жалпы дыбыс туралы ҧғым жӛнінде 
қазақ және жалпы тҥркі тіл білімінде алғашқы сӛз қозғаған ғалымдардың бірі – 
І.Кеңесбаев. І.Кеңесбаев қазақ тіл білімінде дауыссыз дыбыстардың жасалуын 
толық тӛрт сала бойынша классификациялаған – жасалу орны, жасалу жолы, 
ҥндестік қасиеттері (сингармонизм), дауыс қатысы. Ғалымның "Қазіргі қазақ 
тілі" оқулығынан кейін дауыссыз /


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет