е
,
о
,
ө
фонемалары сӛз басында дифтонгоид болатындығын тҥсінген;
дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік деп жіктеген;
дауыстылар мен дауыссыздардың ӛзара айырым-белгілерін ашып
кӛрсеткен;
дифтонгілер қосарлы дыбыстан тҧратындығын, яғни дауысты мен
дауыссыздың қосындысынан жасалатындығын айтқан;
дауыстыларды буын талғайтын және буын талғамайтын деп саралаған;
дауыссыздарды дауыс қатысына, айтылу орны мен жолына қарай
топтастырған;
дауыс қатысына қарай
һ
фонемасын қатаңдардың тобында, айтылу
жолына қарай
г
дауыссызын ызың,
ғ
-ны шҧғылдардардың қатарында
қарастырған;
г
,
к
,
ғ
,
қ
дауыссыздарын артикуляциясына қарай тҥрліше
айтылғандықтан, оларды ӛз алдына жеке фонема деп санаған;
қазақ тілінің байырғы сӛздері не буындары қос дауыссыздан
басталмайтындығын айтқан;
сӛздің
ортасы
мен
соңында
дауысты
дыбыстан
буын
басталмайтындығын тҥсінген;
буын жігін экспираторлық жолмен табуға болатынын айтқан;
буын алмасуы сӛзге дауысты дыбыстан басталған буын жалғанғанда
болатынын пайымдаған;
қазақ тіліндегі буынның дыбыстық қҧрамы мен сӛздің буын санын
анықтаған;
А.Байтҧрсынҧлының пікіріне сҥйеніп, буынның ҥш тҥрін кӛрсеткен;
екпін, оның тҥрлерін кӛрсетіп, мәнін ашқан;
комбинаторлық ӛзгерістерге жататын қҧбылыстарды тҥсіндірген;
сингармонизмді "дауысты дыбыстардың ҥндестігі" деп тҥсінген;
ерін ҥндестігін ҥшінші буыннан аспайтынын айтқан;
тіл ҥндестігіне бағынбайтын қосымшаларды кӛрсеткен;
кірме сӛздер ҥндестік заңына кӛнбейтінін айтқан;
сӛйлемді айтылуы бойынша жазуда фонетикалық транскрипцияны
қолданған.
М.Жҥсіпҧлының пікірінше, қазіргі кезде қазақ тілінің дыбыс жҥйесі ҥш
тҥрлі теорияның негізінде зерттелген, яғни ҥш тҥрлі ғылыми қорытынды
жасалып, ҥш тҥрлі ғылыми тҧжырым қалыптасқан. Олар:
1. Ленинград фонологиялық мектебінің теориясы.
2. Москва фонология мектебінің теориясының кейбір принциптерін
модификацияландырып,
сингармонизм
заңының
принциптерімен
синтездендірудің негізінде пайда болған теория.
3. Сингармониялық (сингармонологиялық) теория [15, 106-107-бб.].
Ленинград фонологиялық мектебінің іргетасын қалаған, ғылыми ой-
тҧжырымдарын қалыптастырып дамытқан, жетілдірген, ӛз мектебінің негізгі
теориялық қағидаларының ғылыми аренада орын алып, орнығуына еңбек
сіңірген ғалымдар Л.В.Щерба, Л.P.Зиндеp, М.И.Матусевичтер болды. Аталған
мектептің тҥлектері оның ҧстанымдарын, идеяларын, әдіс-тәсілдерін
басшылыққа ала отырып, туған тілінде ӛз зерттеулерін жҥргізген. Оларға қазақ
тілшілері Қ.Жҧбанов, І.Кеңесбаев т.б. жатқызуға болады.
Москва фонологиялық мектебінің теориялық негізін қалаушылар –
Н.Ф.Яковлев, А.А.Реформатский, А.М.Сухотин, Р.И.Аванесов, В.Н.Сидоров,
П.С.Кузнецов. Олар Ленинград, Прага т.б. мектеп ӛкілдерінен қолданған
терминдері мен басты ҧғымдарына тҥсінік беруімен, ӛзіндік ҧстанымдарымен,
зерттеу әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Сол себепті аталған мектептер
арасында фонология мәселелерін талдап пайымдауда пікірталастар да жоқ емес.
ХХ ғасыр басында аталған мектептер арасында басталған фонема мәселесі
жӛнінде айтыс әлі тоқтаған жоқ. Москва фонологиялық мектебінің кейбір
теориялық қағидаларын (позициялық принцип және фонема – дыбыстар қоры
ҧғымын т.б.) модификацияландырып, сингармонизм заңының принциптерімен
синтездендірудің негізінде М.Жҥсіпҧлы қазақ тілі дыбыс жҥйесінің мәселелерін
тҥсіндіреді. Яғни ғалым екі фонологиялық теорияның (МФМ мен
сингармониялық теория) кейбір қағидаларын біріктіруінің негізінде қазақ
тілінің дыбыс жҥйесінде жаңа бағыт қалыптастырды.
Сингармониялық
(сингармонологиялық)
теорияның
қалыптасуын
А.Байтҧрсынҧлы мен Х.Досмҧхамедҧлы есімдерімен байланыстырамыз.
А.Байтҧрсынҧлы дыбыстардың саны мен сапасын анықтап, сингармоалфавит
пен сингармоорфографияның басты қағидаларын жасады. Х.Досмҧхамедҧлы
сингармонизмді дауыстылармен қатар дауыссыздардың да ҥндестігі екенін
тҥсініп, оны қазақ тілінің "ҧлы заңы" деп атады. Алайда кеңес ҥкіметі кезінде
сингармонизмнің бҧл қасиеті ескерілмей, тасада қалып қойды. Ғалымдар тҥркі
(қазақ) тілдерінің негізгі просодиялық доминантасы ретінде екпінді алып, сол
бағытта зерттеулерін жҥргізеді. Ахмет пен Халел қалаған теория 80-жылдары
ғана қайта бой кӛтерді. Ә.Жҥнісбеков, М.Жҥсіпҧлы сингармониялық,
сингармофонологиялық теориялардың ҧғымдары мен терминдерін ретке
келтіріп, айналымға енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: |