I кіріспе бөлім II әдебиетке шолу



бет11/12
Дата07.01.2022
өлшемі77,54 Kb.
#18779
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
stud.kz-82983

III Қорытынды

Жалпы бактериялардың  таралу жолдары

Ас қорыту жолдары инфекциялық ауруларға шалдыққанда қоздырушылар нәжiстерге түседi. Осыған  байланысты бұл аурудың ең қарапайым үш таралу жолы қарастырылады:

Су арқылы — Тырысқақ, дизентерия сияқты аурулар жұғады. Егер гигиена мен санитарияның ең қарапайым ережелерi үнемi орындалмаса, аурулардың нәжiстерi тiкелей ас суларының көздерiне түседi немесе өзендерде жинақталады. Осындай жолмен бұл аурулар халық арасында жылдам тарайды.

Ас арқылы: Ас азық – түлiктерi таза емес суда жуылса, кiр қолмен ұстаса немесе оған шыбындарды қондырса ластанып ластанған қалады.

Заттар арқылы: Кез – келген заттар тiкелей кiрленудiң немесе дұрыс емес қолданудың нәтижесiнде жуынды – шайындымен ластанады. Осындай заттарды қолдан қолға бергенде, ауру астарлап айтқанда «қолдан ауызға» тасымалданады.

Тiкелей ас арқылы тасымалданатын қоздырғыштар толығымен  пiсiрiлмеген немесе қуырылмаған ет жиi астан уланудың себепшiсi болады. Бұл етке сальмонеллалардың жұғуының тiкелей нәтижесi. Ботулизмдi қоздыратын бактерия – Clostridium botilinum. Бұл аспен улану өлiмге алып келедi, Clostridium botilinum токсинi белгiлi токсиндер iшiне улылығы ең жоғары (тышқанның өлiмiне 5-105 мкг дозасы жеткiлiктi). Бұл бактерия ақуызға бай азық – түлiктерде, соның iшiнде ет консерваларда жақсы дамиды.

    Жаралардың ластануы

Тасымалдаушы – жануарлардың шағуымен тасымалданатын инфекциялардан тыс, жараларға аурушаң бактериялардың түсуiмен байланысты бiрқатар ауруларды атауға болады. Ең алдымен бұл iрiңдеу және сiреспе сияқты терең жарақаттардың инфекциялары. Екi ауруда әдетте жараға топырақтан түсетiн Clostridium –ның әр түрлерiмен қозады. Көптеген үстiңгi жарақаттар мен күйген жерлер стафилококктармен және стрептококктармен инфекцияланады.

Қортындылай келе індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.

Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.

   Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.

Індет ошағында жүргізілетін шаралар. Карантин және шектеу қою, алу. Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар. Індет ошағындағы жануарларды вакциналау және фармакопрофилактика.

Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.

Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.

   Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.

Індет ошағында жүргізілетін шаралар. Карантин және шектеу қою, алу. Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар. Індет ошағындағы жануарларды вакциналау және фармакопрофилактика.

Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық-зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады. Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін арнайы телімді биологиялық дәрмектер қолданылады. Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұндай шаралардың қатарына шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады.

 

    



  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет