10
Сондықтан бірде таза дауысты дыбыс бола тұрып‚ бірде тігісінен сөгіліп екі дыбыс болып кетеді”
(185-б.) дейді.
Кезінде Н. Ильминский бастап‚ В. Радлов‚ П. Мелиоранский қостап‚ қазақ тілінде кездесетін
й‚ у ‰нділерін дауыстылармен қабаттастырып‚ қос дауыстыларды (двухгласные) қаптатқаны
мәлім. Мынау соның соңғы табан тіреген жері. Осы к‰нгі бірде жуан‚
бірде жіңішке болып
келетін‚ жұртты шатастырып ж‰рген
и‚ у “дауыстыларының” негізі осылай қаланған.
Қ. Жұбановтың фонетикалық іліміне алда әлденеше қайтара ж‰гінетін боламыз.
1940 жылы қазақ халқы орыс графикасына негізделген осы к‰нгі жазуға к‰рт көшуге мәжб‰р
болды. Көп ұзамай орыс (“халықаралық”) сөздерін орыс тіліндегідей айтып‚ жазу басталды‚ к‰ні
б‰гінге дейін жалғасуда.
Саясат құрбанына айналған қазақ тілі орыс тілі фонемаларының шырмауына біржола т‰сті.
Қазақ тілі қойыртпақтанып‚ әріп‚ дыбыс дейтін ұғымдар сапырылысып кетті. Тіл дыбыстарының
саны ала-құла айқындалып‚ тіл заңдары шала-пұла баяндалып келді.
Кеңестік кездегі фонетикалық ілімнің жеткен биігі‚ шырқау шыңы – академик І.
Кеңесбаевтың кіріспеде аталған оқулығы. Оқулық ретінде зерделейтін болғандықтан‚ ондағы
көзқарас‚ тұжырымдарды таратып айтуды студенттердің өзіне қалдырамыз. Тек қосарымыз‚ соңғы
50 жылдағы ізденіс зерттеулердің дені осы оқулықтағы тұжырымдар
мен ойларды қалайда
қағидаға айналдыруға қызмет етіп келді.
Қазақ тілінің дыбыс ж‰йесі төңірегінде соңғы 60 жылда айтылып бір арнаға құятын ой-
пікірлерден оқшауырақ көзқарастағы ғалым – профессор
Әлімхан Ж‰нісбек. Ол
тілді
шырмауықтай шырмап алған жат жұрттық дыбыстардан арылтып‚ өзінің табиғи болмысына тән
дыбыстары мен ‰ндесім‚ ‰йлесімін терең зерделеп танып білуімізге зор ‰лес қосып ж‰р (алда
ретіне қарай таратып айтатын боламыз).
Қазақ тілінің зерттеле бастағанына 150 жыл толды. 150 жылдық
зерттеудің қорытындысы
іспетті “Қазақ грамматикасы” (Астана‚ 2002) атты зор еңбек д‰ниеге келді. Кітап фонетикадан (19
дауысты‚ 17 дауыссыздан) басталатынын ескерте кеткен артық болмас.
Достарыңызбен бөлісу: