9
игерген жандар. Көбесі сөгілмеген‚ жазудан теперіш көрмеген‚ бұла тілді білгісі келгендерге
бұлардың айтары көп.
“Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері” деген атпен жеке кітапша
болып шыққан (1932)
Басымұлы Қажымның (1896-1939) еңбегі де елеусіз қалмағаны жөн болар.
Оның айтуынша, “Қазақ дыбысының ең соңғы ресми жіктелуі 1929-жылы
Қызылордада
латыншылардың кәнперенсиесінде болды” (22-б).
Еңбек “Қазақ тілінің норматив грамматикасының программасынан” басталады. Мұнда
фонетика ғылымы қарастыратын мәселелер шама-шарқынша айқындалған. Алдымен дыбыс, әріп
мәселелері т‰сіндіріледі. Жаңа әріп пен емленің артықшылықтары айтылады.
Халел айтатын сингармонизмді “таңдайлық әуенді заң”деп атайды. Өйткені “Дыбыстарды
жуандатып, жіңішікертуде таңдай еңбек сіңіреді”, – дейді де, кірме сөздердің жазылуына
тоқталады.
Дауыстылардың саны – тоғыз. “Тоғыз жуанды, жіңішкелі дауысты дыбыстар сөздің жанды
тамыры есебінде болып, сөздің әуеніне тірек болатын болғандықтан, бұлардың барлығына бірден
тоғыз әріп белгіленді” (16-б.), – дейді де, оларды жуан‚ жіңішке, еріндік,
езулік деп қазіргіше
бөледі.
Ерін ‰ндестігін “еріндік ‰ндестік заң” дейді. “Бұдан 70 – 80 жылдар бұрын сөзімізде еріндік
дыбыстардың ‰ндестігі к‰шті болған. Сөздің бас буынында бір еріндік дыбыс болса, аяғына шейін
ерін ‰ндестігін сақтап айтатын болған. Соңғы кезде бұл еріндік ‰ндесті заң өзінің айтылысын
өзгертіп, айни бастайды” (17-б.) – дейді, алайда айну себебін айтпайды, “Еріндік дыбыстардың
‰ндестігі к‰шті болған” тұс, шамасы, Н.
Ильминский, В. Радловтар еңбегіне негізделіп айтылса
керек.
Дауыстыларды “еркін дауыстылар”
(а, е, о, ө, ә)‚ қысаң дауыстылар
(ұ, ‰, ы, і) деп екіге
бөледі. “Еркін” деп отырғаны – қазіргі ашық дауыстылар.
Дауыстылардың жазылуына байланысты: “Қысаң
дауыстылар аяғы ашылса, т‰бірдегі орнын
жоғалтып жіберіп жазамыз. Мысалы: мұрын – мұрны, ерін – ерні, көңіл – көңлім, орын – орным”
(21-б.) – дейді. Сондай-ақ қысаң дауыстылардың сөз басында т‰сіріліп жазылатынына
лұу (ұлу),
Достарыңызбен бөлісу: