І. Кіріспе фонетика туралы т‡сінік



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата17.01.2023
өлшемі297,22 Kb.
#61717
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1-лекция

лақ (ылақ), уақыт (ұуақыт), рас (ырас), ұмытпа (мұтпа) сияқты мысалдар келтіреді. 
‡ндестік заңын “елікті заң” деп, оның екіге бөлінетінін айтады: 1-итіншек еліктіру, 2-
тартыншақ еліктіру (бұлар қазіргі ілгерінді, кейінді ықпал). 
Қ. Басымұлы дыбыстау м‰шелершің т‰ріне, қызметіне тоқталады. 
“Өкпенің кеңірдек арқылы тартылған ауаны сыртқа шығарғандағы дем алысынан “дыбыстық 
ұйытқы” туады. “Дем ұйытқысының ашаланып ‰зілуінен дара екпінді буындар туады, екпін сөздің 
аяқ буынына келеді” (23-б)‚ – дейді. 
Дыбыстау “ауыздың ішінен өту, өтпеу жайына қарай төрт өткелді болады”: 1-ашық өткелді, 2-
қақтықпалы, 3-с‰зілмелі, 4-өткелсіз, қазіргіше айтқанда, 1-дауыстылар, 2-‰нділер, 3-ызыңдар, 4-
шұғылдар. 
Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылардың бірі‚ аса көрнекті ғалым‚ 
профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың (1899-1938) ғылыми зерттеулерінің дені 
фонетикаға арналған. 
Дыбыстардың пайда болуы‚ тіл дыбыстарының табиғаты‚ өзіндік ерекшеліктері‚ қазақ 
тіліндегі дыбыстардың саны‚ сапасы‚ олардың іштей жіктелуі‚ буын‚ оның т‰рлері‚ ‰ндестік‚ 
еміле‚ термин т.б. мәселелер төңірегінде ж‰йелі де келелі ойлар‚ тұжырымдар жан-жақты 
айтылған.
1
Қ. Жұбанов: “Фонетика дыбыс жайындағы ілім деу дұрыс емес. Өйткені ол дыбыс біткеннің 
бәрін қарамайды… Фонетика тілдің дыбысты пайдалану техникасын қарайды”‚ – дейді (70-б.) 
Мұнысы қазіргі фонологияны мегзейді. 
Фонема туралы алғашқы т‰сінікті де Қ. Жұбановтан кездестіреміз: “Фонема бір сөзбен екінші 
сөзді айыруға жарайды (бал‚ бас)”… 
“Баба” сөзіндегі соңғы б басқаша естіледі‚ сонда да бұндағы екі б – бір фонема. Сондай-ақ 
қайыр – хайыр дегендегі қ мен х екі дыбыс болғанымен бір фонема (50-б.) 
Қ. Жұбановтың айтуынша: “Қазақ тілінде сапасы 26 т‰рлі дыбыс бар. Бұлардың е-ден 
басқаларының бәрі де бірде жуан‚ бірде жіңішке болып‚ екі т‰рлі айтылады да‚ 51 дыбыстың 
орнына ж‰реді” (184-б.) Мұндағы 26-ны фонема деп т‰сінгеніміз жөн. Бұны А. Байтұрсынұлы 24 
фонема‚ 43 дыбыс т‰рінде анықтайтыны бар. Қ. Жұбановтың оған қосқаны – ұу және ый. Бұларды 
ол: “Қосынды дауыстылар бір дауысты‚ бір дауыссыз екі дыбыстан құралған: ұу – ұ+у‚ ый – ы+й. 
1
ƽáàíîâ ². ²àçຠòiëi æ¼íiíäåãi çåðòòåóëåð. Àëìàòû‚ “±ûëû씂 1999. 


10
Сондықтан бірде таза дауысты дыбыс бола тұрып‚ бірде тігісінен сөгіліп екі дыбыс болып кетеді” 
(185-б.) дейді. 
Кезінде Н. Ильминский бастап‚ В. Радлов‚ П. Мелиоранский қостап‚ қазақ тілінде кездесетін 
й‚ у ‰нділерін дауыстылармен қабаттастырып‚ қос дауыстыларды (двухгласные) қаптатқаны 
мәлім. Мынау соның соңғы табан тіреген жері. Осы к‰нгі бірде жуан‚ бірде жіңішке болып 
келетін‚ жұртты шатастырып ж‰рген и‚ у “дауыстыларының” негізі осылай қаланған. 
Қ. Жұбановтың фонетикалық іліміне алда әлденеше қайтара ж‰гінетін боламыз. 
1940 жылы қазақ халқы орыс графикасына негізделген осы к‰нгі жазуға к‰рт көшуге мәжб‰р 
болды. Көп ұзамай орыс (“халықаралық”) сөздерін орыс тіліндегідей айтып‚ жазу басталды‚ к‰ні 
б‰гінге дейін жалғасуда. 
Саясат құрбанына айналған қазақ тілі орыс тілі фонемаларының шырмауына біржола т‰сті. 
Қазақ тілі қойыртпақтанып‚ әріп‚ дыбыс дейтін ұғымдар сапырылысып кетті. Тіл дыбыстарының 
саны ала-құла айқындалып‚ тіл заңдары шала-пұла баяндалып келді. 
Кеңестік кездегі фонетикалық ілімнің жеткен биігі‚ шырқау шыңы – академик І. 
Кеңесбаевтың кіріспеде аталған оқулығы. Оқулық ретінде зерделейтін болғандықтан‚ ондағы 
көзқарас‚ тұжырымдарды таратып айтуды студенттердің өзіне қалдырамыз. Тек қосарымыз‚ соңғы 
50 жылдағы ізденіс зерттеулердің дені осы оқулықтағы тұжырымдар мен ойларды қалайда 
қағидаға айналдыруға қызмет етіп келді. 
Қазақ тілінің дыбыс ж‰йесі төңірегінде соңғы 60 жылда айтылып бір арнаға құятын ой-
пікірлерден оқшауырақ көзқарастағы ғалым – профессор Әлімхан Ж‰нісбек. Ол тілді 
шырмауықтай шырмап алған жат жұрттық дыбыстардан арылтып‚ өзінің табиғи болмысына тән 
дыбыстары мен ‰ндесім‚ ‰йлесімін терең зерделеп танып білуімізге зор ‰лес қосып ж‰р (алда 
ретіне қарай таратып айтатын боламыз). 
Қазақ тілінің зерттеле бастағанына 150 жыл толды. 150 жылдық зерттеудің қорытындысы 
іспетті “Қазақ грамматикасы” (Астана‚ 2002) атты зор еңбек д‰ниеге келді. Кітап фонетикадан (19 
дауысты‚ 17 дауыссыздан) басталатынын ескерте кеткен артық болмас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет