І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім



бет15/20
Дата02.06.2023
өлшемі1,66 Mb.
#98081
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
stud.kz-55662

Өлген малды сойғанда асқазан мен ішектерде қабыну белгілері, қанталағандық байқалады. Бүйректер мен қуық қабынған. Бас ми қызарған, қанталаған. Күйіс қайыратын малдардың тек қана ұлтабары қабынады, ал ішектер мен бүйректерде өзгеріс болмайды.
Емі. Ауыз қуысы арқылы танин немесе құрамында танины бар дәрілердің үлкен дозасын береді. Емен қабығының және басқа да кілегейлі тұнба жақсы көмектеседі. Терінің асытна кофеин, камфораны жібереді. Асқазанды тазалап жуады, тіаті болмаған жағдайда руминотомия жасайды.
Улы өсімдікті қсірмеудің бір әдічі – жайылымды каинтин тыңайтқышымен жақсылап тыңайтып отыру.
Темекі – Табак – Nicotiana tabacum L. Сабағының биіктігі 1 м дейін жететін, ірі, жабысқақа, түкті жапырағы бар: сыпырғыш тәрізді жинақталған сары - жасыл түсті гүлді бір жылдық өсімдік. Жапырағында алкалоидтардың бірнеше түрлері бар:никотин, норникотин,никотирин, анатабин және басқалары. Олардың мөлшері 0,6-0,8 дейін жетеді. Осылардың ішіндегі ең көбі және токсикология жағынан да маңыздысы – никотин. Оның мөлшері топырақтың, ауа райының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Әдеби деректерге қарағанда никотин оңтүстік жақта, құмды – балшықты топырақта өскен темекілерде көбірек болатын көрінеді.

14- сурет.Темекі.
Никотин – өте күшті у. Ол жүрекке, ішкі бездерге, жадағай бұлшық еттерге әсер етеді. Үлкен мөлшерде бастапқыда аздап қоздырғаннан кейін артвнан орталық жүйке жүйесін салдандырады. Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық тармағына әсері басымырақ. Қаңғыма нерв тармағы арқылы жүректің жұмысын, ас қорыту жүйесінің бездерінің сөл бөлінуін үндетеді. Соның салдарынан сілекей ағу, құсу, іш өту құбылыстары байқала ды. Қан тамырларының өзектерін тарылтады, қанның қысымы жоғарылайды.
Улану көбінесе жжіті түрде өтеді.
Алғашқы клиникалық белгілері улы зат организмге түскеннен кейін бірнеше сағаттан соң – ақ біліне бастайды.
Негізгі клиникалық белгілеріне ауыз қуысынан сілекейдің ағуы, күйіс қаыратын малдардың күйіс қайыруының жоғалуы, месқарынның кебуі, іштің өтуі, шаншу құбылысынң пайда болуы жатады. Уланған мал өте жабырқау, бұлшық еттерінің жиырыылуы өте әлсіз, шатяқтанып, қиралаңдап қозғалады. Кей кезде бастапқыда аздап тынышсызданып, малдың қозғаны байдалады да, артынан депрессиямен жалғасады. Ірі бұлшық еттері дірілдеп, тартылады. Көздің қарашығы ұлғаяды, демікпе пайда болады. Жүректің ырғағы бұзылған, тамыр соғысы әлсіз. Әр малдардың улану дозасы әртүрлі болып келеді. Ірі қара малдары үшін оның жапырағының мөлшері 0,5 – 2кг; жылқылар үшін 0,3-1,2 кг; ұсақ малдарға 50-100г. Уланудың жеңіл түрі созылмалы болып келеді де, асқазан мен ішектердің қабыну процесінің клиникалық белгілерімен сипатталады. Ондай уланған малдың жазылуы 1 – 2 жұмаға дейін созылады.
Емі. Ең алдымен улану заты асқазан мен ішектерден тазалау керек. Оны зонд арқылы жуу және іш өткізетін дәрілер беру арқылы іске асыруға болады. Ірі қара малдарына кей кезде руминотомия жасауға тура келеді. Ауыз қуысы арқылы танин, танальбин, емен қабығының тұнбасын береді. Уланған малдың жалпы жағдайына қарап, аурудың белгілеріне қарсы пайдалы дәрілік заттарды қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет