Патологиялық – анатомиялық өзгерістер. Малды сойып қарағанда, ас қазанда гиперемия,кілегейлі қабықтарының қанаталағандығы байқалады. Ішкі ағзаларының қабынулары, бүйрек пен бауырдың дистрофиясын байқауға болады.
Емі. Емдеудің негізгі бағыты – бірінші кезекте организмге түскен улы затты шығару немесе оны бейтараптау. Одан кейін барып уланудың белгілеріне қарсы емдеу әдістерін қолдану керек. Жылқылардың асқазанын 0,2 % - ды танин ерітіндісімен жуады, сіңіргіш және тұнба түзетін дәрілік заттарды қолданады. Ірі қара малына кейде руминотомия кофеинді жібереді. Мал қатты қозған жағдайда тыныштандыратын, жүрек пен тыныс алу ағзаларының қызметтерін реттейтін дәрілік заттарды тағайындайды.
Уланудың алдын алу үшін шқп тағайындағанда оның ішінде улы қорғансын шөбінің болмауын қадағалау керек. Оны ажырату аса қиындыққа түспейді. Улы қорғасын өсімдікгінің уы басқа өсімдіктерге де сіңіретінін естен шығармау керек. Малды әсіресе ерте жазғытұрым улы қорғасын өсетін жерге жаймаған дұрыс. Жергілікті малдар улы өсімдіктерге көп жоламайды, ал жаңадан келген малдар улы өсімдіктерді жеп қоюы мүмкін. Оны да ескерген жөн.
Алдын алу шаралары негізінен малдардың жайылымдық жерлері мен шабындықты мұқият бақылауда ұстау керек.
Шалған қыстау шөбі – Зимовник луговой – Colchicum autumnale L. Түйнегі бар қысқа сабақты көп жылдық өсімдік. Түйнегінен күзде ірі, қызғылт түсті 1 – 3 гүл өсіп шығады.
Өсімдіктің барлық бөлігінде улы алкалоидтар – колхицин, коламин және аздаған сапониндер кездеседі. Улы заттар өсімдіктің тұқымында1,3% дейін болады. Өсімдікті кептіргенде оның улылығы жойылады. Улану жылқылар мен ірі қара малдарының арасында жиі кездеседі. Ал қой мен ешкі төзімдірек келеді. Организмге түскен улы зат сауын сырлардың сүтімен де бөлінеді. Ондай сүт тек бұзаулар үшін ғана емес адамдар үшін де қауіпті.
Ірі қара малының 1 кг салмағына есептегенде өсімдіктің 8 – 10 г жас жапырағы, шоқалар үшін 0,3 г жас түйіні оларды өлттіретін дозасы болып табылады.
13- сурет.Шалғын қыстау шөбі.
Колхицин - өте күшті капилляр уы. Клинкасы: ішек қатты жиырылады, малдың іші өтеді; бүйректерге әскер етеді – полиурия пайда болады; орталық жүйке жүйесіне әсер әсер ету салдарынан салдану байқалады. Уланудың белгілері өте жәй білінеді. Уланған малдың сілекейі көптеп бөлінеді, жұтыну процесі қиындайды, кейде қан аралас іші өтеді, шашу пайда болады, күйіс қайыратын мал күйіс қайырмайды, ішші кебеді, көздің қарашығы ұлғаяды, дем алысы мен жүрек соғысы нашарлайды, дене қызуы төмендейді. Мал көбінесе жата береді, терісі суиды, дем алысы салданып барып мал өледі. Уланған жылқылардың 40% - ы, ірі қараның 20%-ы, шошқалардың 50% - ы өлім – жітімге ұшырайды.