І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім


Ақ қорғасын - Чемерица белая – Veratum album L



бет13/20
Дата02.06.2023
өлшемі1,66 Mb.
#98081
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
stud.kz-55662

Ақ қорғасын - Чемерица белая – Veratum album L. Ақ қорғасынның бірнеше түрлері бар. Олардың ішінде улылығы жағынан екі түрі: Лобель қорғасыны және ақ қорғасын ерекше орын алады. Олар көп жылдық шөп тектес өсімдіктер: сабағы жуан, тамыры қысқа толық, жапырақтары ірі, гүлі, ұсақ, ақшыл немесе сары – жасыл түсті.
Өсімдіктің барлық бөлігінде де улы заттар кездеседі, әсіресе тамыры мен тамыр сабақтарында улы заттар көбірек шоғырланады. Оның құрамында көптеген алкалоидтар анықталған: протовератрин, протовератин, йервин – жервин, псевдойервин, рубийверин. Осылардың ең улысы протовератрин болып келеді. Жас өсімдіктердің алкалоидтарының құрамы мен мөлшері әртүрлі болып келеді.
Қалыпты жағдайда мал жайылымда өсімдікті жемейді. Тек жайылымда ерте жазғытұрым шөп аз болғанда,әсіресе төлдер, жеп улануы мүмкін.қолда тұрған малдар құрамында ас қорғасынмен ластанған шөпті бергенде жиі уланады. Өсімдік кепкен кезде де улылығын жоймайды. Сүрлем шөпте қауіпті. Сүрлем кезінде алкалоидтар сілтінің әсерінен сүрлемнің барлық бөліктеріне тарайды және төменгі жағында көбірек шоғырланады.
200 г құрғақ қорғасын жылқыны өлтіретіндігі туралы деректер бар. Әсері: бастапқыда қозу, артынан орталық жүйке жүйесі мен моторлық сезімталдық, секреторлық нерв үштерінің салдануы байқалады. Теріні және кілегей қабықтарды тітіркендіреді, артынан жансыздандырады, жоғалуы, жүрек пен тыныс алу қызметтерінің бұзылуы, сілекей ағу, құсу іштің өтуі орын алады.
Жылқылар өте сезімтал болып келеді және жылдам улануды: көзінің қарашығы ұлғаяды, сілекей көп бөлінеді, тер бұршақтап бөлінеді, кейде шаншу құбылыс байқалады, жиі – жиі мөлдір зәр бөлінеді, мал дірілдеп – қалшылдап тынышсызданады, дем алысы қиындайды, жүректің қызметі нашарлайды, кілегей қабықтары бозарады, дене қызуы төмендейді.
Ірі қара малында сілекей бөлінеді, іші кебеді, кейде қан аралас іші өтеді, шаншу құбылысы байқалады, жүректің қызметі нашарлайды.
Шошқалар құсатындықтан улану көбінесе жеңілдеу түрде өтеді.
Үй құсатарының улануы жиі кездеседі. Әсіресе тауықтарда өте ауыр түрде өтеді. Олар құса алмайтындықтан уланған тауықтар көбінесе өлім – жітімге ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет