I модуль. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері


Диагностикалық, ұйымдастырушылық, үйретушілік



бет4/15
Дата12.04.2023
өлшемі206,5 Kb.
#81722
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ПЕДОГОГИКА ОБЩИЙ

Диагностикалық, ұйымдастырушылық, үйретушілік.

  1. Педагогикалық процестің негізгі қарама-қайшылықтары топтастырылады:

Тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтары, ұжымның дамуының қарама-қайшылықтары, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың қарама-қайшылықтары.

  1. Балалар ұжымы қалыптасуының екінші кезеңіне тән ерекшеліктер:

Ұжымның өзі-өзі басқаруға көшуі, сынып белсенділерінің әр түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыруы, шығармашылық ынтымақтастықтың пайда болуы, қоғамдық пікірдің қалыптасуы, ұжым дәстүрінің пайда болуы, ұжым мақсатының әрқайсысы үшін маңызды болуы.

  1. Қазақстанда сынып жетекшісі қызметі алғаш рет енгізілді:1934 жылы.

  2. Тұтас педагогикалық процестің тәрбиелік механизіміне жатады:Оқытушы мен оқушының өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы.

  3. Педагог-тәрбиешінің іс-әрекет жүйесі тұрады:Мақсаттылық, диагностикалық, ұйымдастырушылық, болжау, жобалау, конструктивтік, коммуникативтік, түзетушілік, рефлексивтік іс-әрекеттерден.

  4. Сыныптағы микротоптың тиімді құрамы:Бес адамнан тұратын микротоп.

  5. Тәрбиенің заңдылықтары:Оқыту процесінің тәрбие процесіне тәуелділігі.

  6. Сынып жетекшісі жауапты негізгі құжаттар: Сынып журналы, тәрбие жұмысының жопары, оқушылардың жеке іс-қағаздары, оқушы тұлғасының даму картасы, оқушының күнделігі, ата-аналар жиналысы және оның хаттамасы, тәрбиелік іс-шаралар үлгілері, әлеуметтік-психологиялық зерттеулер қорытындысы.

  7. Отбасының негізгі қызметтері:Репродуктивті, коммуникативті, тәрбиелік, шаруашылық-экономикалық, рекреативті.

  8. Отбасының рекреативті қызметі:Бос уақыттағы іс-әрекетті ұйымдастыру.

  9. Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері көрсетілген:«Неке мен отбасы туралы» заңда.

  10. Отбасының педагогикалық процесі диагностикасының негізгі өлшемдері:Отбасының мінездемесі, адамгершілік-психологиялық атмосферасы, ата-анасының педагогикалық мәдениеті, оқушының мінездемесі.

  11. Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейі:Жоғары, жеткілікті, төмен.

  12. Мектеп пен отбасының өзара байланысының негізгі формасы болып табылады:Ата-аналар жиналысы.

  13. Қазіргі заманда отбасының тәрбиелік әсері:Төмендеген.

  14. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізіледі:Оқу жылында 2 рет.

  15. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет - бұл:Әрбір оқушы субьектілік ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік алатын мұғалім ұйымдастырған оқушылардың бірлескен іс-әрекеті.

  16. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет формасына жатпайды:Оқушының сабақтағы жауабы.

  17. Ұжымдық оқыту тәсілдері мәселесін зерттеумен айналысқандар:В.К.Дьяченко, А.Г.Ривин.

  18. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің маңызды белгісі:Жалпы мақсатқа жету үшін ұжымның барлық мүшелерін біріктіру қажеттілігін оқушылардың саналы түсінуі.

  19. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің бастапқы кезеңі:Жоспарлау.

  20. Ұжымдық-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру процесінде мұғалім сүйенеді:Оқу белсенділерінің жұмысына.

  21. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру - бұл:Мұғалімнің оқушылардың білім, білік, дағдыны меңгерудегі белсенділігін, дербестігін арттыруға бағытталған мақсатты іс-әрекеті.

  22. Белсендірудің негізгі мақсаты – бұл:Білім алушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру.

  23. Оқу белсенділігінің әдіснамалық негізі болып табылады:Таным теориясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет