«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Сыбайлас жемқорлықтың мәдени-тәрбиелік себептері



бет33/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
29. Сыбайлас жемқорлықтың мәдени-тәрбиелік себептері.
Сыбайлас жемқорлықтың мәдени-тәрбиелік себептері қоғамның моральсыздануы, азаматтардың жеткіліксіз хабардарлығы мен ұйымшылдығы, "билік басындағылардың"ерік-жігеріне қатысты қоғамдық пассивтілік.
30. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Қазір барлық дамыған елдер заманға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа әдістерініздеп тырысуда. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікті арттыратын қатаң заңдар қабылдауда.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие болып отыр. Жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Ал бұдан да жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла бұл дертпен күрескеніміз дұрыс.
Қазіргі танда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды факторларына нормативтік-құқықтық базаны әрі қарай жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды болдырмау және ең маңызды шара ретінде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау тәрізді шаралар жатады. Осыған байланысты іске асыратын негізгі шараларға — мемлекеттік органдардың жұмыстарын ашық және анық қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты стандарттарын енгізу әрі шешімдерді қабылдаудағы тиімділікті арттыру мәселесіне кешенділікпен келуге тиіспіз.
31. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің функциялары.
Осы арада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің келесі функцияларын атап өтуге болады:
- танымдық функция (қоғамның түрлі жүйелерінде болып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы процесстерді зерттеу және түсіндіру), ол индивидтің жемқорлық көріністерін құқықтық тәжірибеде біліп, түсінуімен сипатталады. Осы функцияны жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерді зерттеп, түсіндіру жүзеге асады.
- реттеуші функция (өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетің құқықтық талаптармен салыстырмалы түрде қарастыру);
- үлгілеу функциясы (ұғыну, мәнін түсіну негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет моделін қалыптастыру).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет