36. Отбасы әлеуметтік институт ретінде Жалпы әлеуметтануда отбасы және қатынастары терең зерттелген тақырып. Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады,достасады,т.б. жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады. Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік ретінде талдап, зерттейді. Отбасы – бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстытық байланысқа және жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі. Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметіне көнінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп,өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі – ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады. Отбасының объективтік өзгеру процесі оның топ ретіндегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы – неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тәрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар институтционалдық бірлік ретінде зерттеледі.
37. Жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі отбасының рөлі. «Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда жүретін барлық коллизиялар отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады. Сондықтан отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады.
Басқа жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер етеді. Отбасы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді.
Бұл диалектикалық өзара байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде біздің түсінігіміздің негізін құрады. – Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы.
Отбасы шеңберінде сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа шығару адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Осының нәтижесінде қандай да бір құндылықтар кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға айналады. – Отбасы – қоғамның әлеуметтік институт ретінде нақты адамның қоғам өміріне енуіне мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы болып табылады.