«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Табиғи сулардың ластану көздері мен түрлері



бет2/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Табиғи сулардың ластану көздері мен түрлері.

Жер үсті сулары көптеген елді мекендердің су көзі болғандықтан, су объектілерінің ластануының негізгі себебі антропогендік белсенділік болып табылады. Гидросфераның ластануының негізгі көздері:

  • тұрмыстық ағынды сулар;

  • су электр станциясының жұмысы;

  • бөгеттер мен су қоймалары;

  • агрохимияны қолдану;

  • биологиялық организмдер;

  • өндірістік су ағындары;

  • радиациялық ластану.

  1. Экологиялық тәрбие және білім беру: мақсаттары, міндеттері, іске асыру жолдары.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
• экологиялық білімді насихаттау. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады. Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
• өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
• табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;

  1. Атмосфераның, литосфераның, гидросфераның және биосфераның бірлескен эволюциясы.

Атмосфера қабаты
Жерді айнала қоршап тұрған газды қабат — атмосфера деп аталды. Ол гректің “atmos” ауа және “sphaira” — шар деген сөзінен шыққан.
Атмосферара адам, жануарлар және өсімдіктер дем алатын ауа ғана емес, сонымен бірге оған жер шарын қоршаған газды қабаты да жатады. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді. Ауа — әр түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамы, негізінен, азот пен оттегінен тұрады. Бұл газдар су мен жер қыртысында да бар.
Биосфера
Биосфераның негізгі биологиялық қасиеттерінің бірі – кеңістік тұрғысынан біркелкі болмауы. Биосфераның кеңістік бойынша жетілуі өте ұзақ және күрделі биогеохимиялық үрдістердің нәтижесі. Биосферадағы неше түрлі жіктелудің көрінісі – экожүйелер, биогеценоздар және жасанды, табиғи ланшафтар.
Гидросфера
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы
Гидросфера және оныңңүрамдас бөліктері. Гидросфера — Жер шарының су кабығы, ол ғаламшардағы химияның косылыска түспеген табиғи судың барлығьн (сүйык, қатты жөне бу түрівдегі) қамтиды. Гидросфераны жөне оның қүрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды гидрология деп атайды. Гидрология зерттеу объектісіне қарай екі салаға: Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктерін зерттейтін мухиттану мен құрлыстағы суларды зерттейтін құрлық гидрологиясына жіктеледі.
Литосфера
Жердің ішкі құрылысы. Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады. Өйткені зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 15 км-ге дейінгі тереңдікте ғана бұрғыланып (Қола түбегіндегі ұңғыма), оны құрайтын жыныстардың нақты үлгілері алынған. Жердің бұдан тереңде жатқан бөліктері, оны құрайтын жыныстардың құрамы мен қасиеттері жайлы түсінік, негізінен, жер сілкіну кезінде пайда болатын толқындардың қозғалу жылдамдығын, арнайы геофизикалық және сейсмикалық барлау нәтижелерін саралау мен талдау негізінде қалыптасады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет