Құқық негіздері пәні бойынша лекциялар тезисі Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері Жоспар «Құқық негіздері»



бет2/11
Дата16.10.2023
өлшемі66,49 Kb.
#116012
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Дулатбеков Н.А., Амандықова С.К., Турлаев А.В. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері: Оқу құралы.- Астана: ИКФ «Фолиант», 2000.
2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы / жауапты редактор Г.С. Сапаргалиев, Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
3. Турлаев А.В. Құқық негіздері. - Қарағанды: АРКО баспасы, 2004.
4. Сапарғалиев Г. Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері: оқулық/ Г. Сапарғалиев.-толықтырылған 3 басылымы - Алматы: Атамұра, 2003.



  1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері.

Жоспар

  1. Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің Негізгі заңы.

  3. Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері.

  4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері.

  5. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі.

Конституциялық құқық құқық саласы секілді конституциялық құрылымның негіздерін, азамат пен адамның құқықтық мәртебесін, мемлекеттің саяси-аумақтық ұйымдасуын, жүйесін, құрылу тәртібін, мемлекеттік үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтерінің негізгі принциптері мен құзырлылығын бекітеді.
Конституциялық-құқықтық норма деген мемлекеттің қоғамдық қатынастарын реттейтін, мемлекеттік үкімет пен қоғамды басқаруды ұйымдастыру жөніндегі жеке және қоғамдық мемлекет белгілеген немесе ықпалшара жасаған жалпыға міндетті тәртіп ережесі.
Орындаған қызметтеріне қатысты оларды келесі түрлерге классификациялауға болады: - құқық беруші – барлық мемлекеттік органдарға өкілеттілікті белгілейді; тыйым салушылар – қатал белгіленген тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ереже; міндеттейтіндер - әрекет етуге міндеттерін белгілейді немесе олардың нұсқамаларына қатал түрде сәйкес келгенде ол әрекеттерден тыйылуды мінндеттейді.
Конституциялық құқықтың негізгі институттарының бірі – конституциялық-құқықтық қатынастар. Мемлекеттік үкімет пен мемлекетпен жеке қатынасты іске асыру барысында туындайтын бұл ерекшелікті қоғамдық қатынастардың мазмұны нақты конституциялық-құқықтық нормаларда қарастырылған міндеттерді орындау мен құқық пайдалану бойынша әр түрлі субъектілердің заңды өзара әрекеті болып табылады. (Конституциялық құқық көздерінің санына жататындар: 30.08.1995 ж. ҚР Конституциясы, республиканың конституциялық заңдары, Парламент немесе ерекше жағдайда Президент қабылдаған (ҚР Конституциясы 53 бабының 4 тармағы) кәдімгі заңдар, заңды күші бар Президенттің жарлықтары, атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері, ҚР мойындаған халықаралық-құқықтық шарттар.
Конституция- бұл конституциялық құрылымның негізін реттейтін мемлекет пен қоғамның негізгі заңы, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік құрылудың негіздері мен мемлекеттік үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру.
Осылайша, конституция мемлекеттің басты негізгі нормативтік актісі болып табылады. Онда қоғам өмірінің негізгі барлық саласын реттейтін нормалар бар, ол барлық қолданыстағы заңның нормативтік базасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Ол егеменді Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі 28.01.1993 жылы қабылдаған бірінші Конституциясының орнына келді, 7.10.1998 жылғы Конституциялық заңмен қолданыстағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылданған болатын.
ҚР конституциялық заңдылығының құрылу кезеңі келесі конституциялық актілерді қабылдаумен белгіленген: 1) кеңестік кезең – 21.11.1917 жылғы Алаш партиясының бағдарламасы; 6.10.1920 жылғы Қырғыз АССР еңбекшілерінің құқықтарының декларациясы; 1926 жылғы Конституция жобасы; 1937 және 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясы. 2) 24.04.1990 ж. «Қазақ ССР Президентінің постын бекіту туралы» ; 25.10.1990 жылғы «Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы. 3) 10.12.1991 жылғы «Қазақ ССР атауының өзгеруі туралы ҚР Заңы»; 16.12.1991 жылғы «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңы. 4) 28.01.1993 жылғы ҚР Конституциясы. 5) ҚР 30.08.1995 жылғы Конституциясы. 6) ҚР 7.10.1998 жылғы «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.7) ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы ҚР Заңы. 2007жылы, 21 мамыр.
ҚР Конституциясы оның құрылтайшы сипаты мен 9 бөлім бойынша жинақталған 98 бабын көрсететін кіріспеден тұрады . Онда негізгі мәселелерінің 3 блогы көрсетілген: 1) республиканың конституциялық құрылымының негіздері. 2) жеке бас мәртебесінің құқықтық негіздері. 3) мемлекеттік үкімет органдарының жүйесі мен жергілікті өзін-өзі басқару негіздері.
Конституциялық құқық пен бостандықты мазмұнына қарамастан мына топтарға бөлуге болады: 1) жеке басының құқығы мен бостандығы; 2) әлеуметтік, экономикалық және мәдени; 3) саяси.
Әр адамға жеке бас құқығы туғанда беріледі және азаматтықпен байланысты болмайды. Оған өмір сүруге құқық сияқты құқық жатады (ҚР Конституциясының 15-бабы), жеке бас бостандығына (16-бап), қадір-қасиетіне қол сұқпау (17- бап), жеке басқа қол сұқпау (18- бап), ар-ұят бостандығы (22-бап) және басқалар.
Әлеуметтік-экономикалық құқық адамға жақсы өмір мен әлеуметтік қорғауға құқық береді. Бұл құқық еңбек бостандығына (24-бап), жеке меншік құқығына (26-бап), демалуға құқық (24-бап), зейнеттік қамтамасыз ету (28-бап) және басқалар. Мәдени құқықтарға тегін орта білім беру (30-бап), шығармашылық бостандық (20-бап).
Саяси құқықтарға бостандық бірлестігі құқығы (32-бап), мемлекет істерін басқаруға қатысу (33-бап), сайлау және сайлану (33-бап), сөз бостандығы (20-бап).
Жеке адамның конституциялық міндеттері республика Конституциясы және заңнамасымен белгіленген құқықтық талап түрінде бекітілген міндетті тәртіп пен іс-шара түрлерін орындау. Олар ҚР Конституциясының 34,35, 36, 37 және 38-баптарында айтылған. Мысалы, әрбір адамның Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауы.
Азамат пен адамның құқық пен бостандығына конституциялық құқық –ҚР Конституциясы мен заңнамасымен белгіленген мемлекет органдары мен оның лауазымды тұлғаларының, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың жеке адамның құқығы мен бостандығын нақты іске асыру мен қорғауды қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасауға бағытталған міндетінің жиынтығы. Жалпы, мемлекеттік және ерекше кепілдіктерге бөлінеді. Жалпы кепілдік – саяси , материалдық, рухани кепілдіктерге бөлінеді. Мемлекеттік кепілдеме – ҚР Конституциясы мен басқа нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген азамат пен адамның құқықтары мен бостандығын қорғауды тікелей қамтамасыз ететін саяси құрал мен жағдай жүйесі. Құқық пен бостандық кепілдігіне барлық мемлекет үкіметі органдары қатысады (Президент, Конституциялық Кеңес, Үкімет, Парламент, Прокуратура және т.б.). Құқық пен бостандықтың ерекше заңды кепілдігі ҚР Конституциясының 13,14 және 16- баптарында анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет