Құқық негіздері пәні бойынша лекциялар тезисі Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері Жоспар «Құқық негіздері»



бет6/11
Дата16.10.2023
өлшемі66,49 Kb.
#116012
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу қалай жүргізіледі?
2. Қайтыс болу туралы өтініш қай уақыттан кешіктірілмей беріледі?
3.Қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ азаматты қайтыс болды деп жариялау және қайтыс болу фактісін анықтау туралы сот шешімдері қайда тіркеледі?
4. ҚР азаматтары мен шетелдіктер арасындағы некені бұзу ненің негізінде жүргізіледі?
5. Шетелдіктердің ерлі-зайыптыларының және азаматтығы жоқ адамдардың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындау тәртібі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27.12.1994 ж.
2. ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1.07.1999 ж.
3. Жайлин Г.А. «А»-дан «Я»-ға дейінгі заңды тұлға. Алматы: Дәнекер, 2003.
4. «Неке және отбасы туралы» 17.12.1998 ж. ҚР Заңы.


6. Қазақстан Республикасының азаматтық құқық негіздері.
Жоспар
1. Жалпы ережелер.
2. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері.
3. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.
4. Міндеттемелік құқық негіздері.
5.Интеллектуалдық меншік құқығы.
Қазақстан құқық жүйесінде азаматтық құқықтар ең бір елеулі салалардың бірі болып табылады. Бұл құқықтық саласының тауар-ақша өзге де теңдікке негізделген, мүліктік қатынастарға негізделген қатысушылардың сол сияқты мүліктік, жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалары.
Азаматтық құқыққа азаматтық заңдар сәйкес келеді. ҚР азаматтық кодексі (ендігі жерде ҚР АК) жалпы бөлімнен (27.12.1994 ж.) және ерекше бөлімнен (01.06.1999 ж.) құралған. Жалпы бөлімде пән, әдіс, азаматтық құқық жүйесі, азаматтық құқықтар қатынастары, азаматтық құқықтар субъектілері және т.б. жалпы сұрақтар қаралады. Ерекше бөлімде нақты міндеттемелер (сатып алу-сату, тасымалдау, сыйлау және т.б.) сондай-ақ мұрагерлік мәселелері, зияткерлік меншік құқығы және халықаралық жеке құқығы қаралады.
Азаматтық құқық қатынастары бұл- мүліктік және жеке мүліктік емес азаматтық құқық қатынастары нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Субъектілік құқықтар және оның қатысушыларының міндеттері оның мазмұның құрайды. Азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары бола алады. Азаматтық құқық қатынастары көп және әртүрлі, одан мүліктік және мүліктік емес; жай және күрделі; абсолюттік және салыстырмалы құқық қатынастары бөлініп шығады.
Субъектілік мағынада ҚР АК 188 бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз мойындалған және заң актілерімен қорғалатын субъектінің өзіне тиісілі мүлікке өз қарауымен иелік етуі, қолдануы және өз ұйғаруымен пайдалануы.
Меншік иесі өз дүниесіне қарасты өз қарауымен кез келген әрекетті жүзеге асыра алады (кепілге беру, сату, жою). Меншік құқығы мезгілсіз.
Меншік иесінің үш тағандық құқықтық өкілеттілігі бар. Иелік ету құқығы – заңды түрде нақтылы мүлікке ие болу. Пайдалану құқығы – заңды түрде өз мүлікінен оның қажетті қасиеттерін пайдалану, алу, сол сияқты мүліктен табыс түсіру. Билік ету құқығызаңды түрде қамтамасыз етілген мүліктің заңды болашағын анықтау мүмкіндігі. Меншік иесі мүлкін өзі ұстауы және осы мақсаттағы шығындарды өзі өтеуі тиіс. Меншік иесінің мүлкі жоғалуы бүлінуі мүмкін.
Меншік құқығы және өзге де мүліктің заттық құқықтарын ажырату қажет. Меншік иесі өз мүлкімен пайдаланып, билік етеді. Өзге заттық құқықтық иесі – бөтен мүлікке ие. Заттық құқыққа : жерге иелік ету, шаруашылық жүргізу құқығы, жедел билік ету құқықтары жатады.
Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне: 1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi; 2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық меншiк 2 түрге бөлінеді:

  • өнертапқыштық құқығы, тауарлық белгі, тауардың шығатын жерінің атауы кіретін өнеркәсіптік меншік;

  • әдебиетке, музыкаға, көркем, аудио-визуалды шығармалар енетін әдеби-көркем.Интеллектуалдық меншіктің екі түрі де мазмұнына қарай абсолютті құқыққа ие, тек қана құқық иесі туындыларын табыс табу мақсатында пайдалана алады, ал үшінші жақты тұлғалардың оның келісімінсіз мұндай құқығы жоқ. Парасат меншігі аясында нысандардың белгілі бір жүйесі пайда болды ( ҚР АК 961-бап): ғылыми жаңалық ашу, өнертабыс, әдеби және көркемтуындылар, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер және т.б.

  • Авторлық құқық – әдебиет пен өнер ғылымдарының шығармаларын тудырушыларға тиесілі жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтың жиынтығы. Авторлық құқықтың нысандары ҚР АК 972-бабында көрсетілген, бұл әдеби шығармалар, сценарийлық туындылар, хореография мен пантомима туындылары, ЭЕМ бағдарламалары және т.б. Авторлық құқық автордың бүкіл өмірінің ішінде және өлгеннен кейінгі 50 жыл ішінде күшінде болады. Авторлық құқықтың пайда болуы шығарманың туу фактісімен ескерілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет