Құқық негіздері пәні бойынша лекциялар тезисі Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері Жоспар «Құқық негіздері»



бет4/11
Дата16.10.2023
өлшемі66,49 Kb.
#116012
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1 Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңбері.
2.Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері.
3.Азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен міндеттері.
4. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық кепілдіктері, олардың түрлері.
5 Мемлекеттік қызметшілердің түсінігі және жіктелуі.
6.Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері
7.Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні мен түрлері. Әкімшілік-алдын алу шараларының түсінігі мен мақсаты


Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет. Алматы: Заңгер, 2004.
2. Жетпісбаев Б.А. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершілік. Оқу құралы, Алматы: Жеті жарғы, 2000.
3. ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі



  1. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы негіздері.

Жоспар

  1. Еңбек құқығы құқық саласы ретінде.

  2. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.

Еңбек құқығы - бұл жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жеке, ұжымдық және басқа да шарттардың негізінде белгілі бір еңбек қызметін іске асыру бойынша азаматтардың еңбек бостандығы конституциялық құқығын жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын еңбек қатынастарын реттейтін құқық саласы.
Еңбек құқығының негізгі қайнар көзі Конституция және ҚР Еңбек Кодексі. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР 23.01.2001ж. Заңы, «Әлеуметтік серіктестік туралы» 18.12.2000ж., «Еңбек қауіпсіздігі және қорғалуы туралы» 22.02.2004ж., «Кәсіподақтар туралы»9.04.1993ж. және басқа да еңбек заңнамаларында мазмұндалған.
Ұжымдық шарт - бұл жазбаша шарт түрінде ресімделген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (өкілдері) және қызметкерлердің бір немесе бірнеше өкілінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін қол қойған құқықтық акт.
Еңбек шарты - бұл қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалатын екіжақты келісім, ол бойынша қызметкер белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс берушінің актілерін орындауға, ал жұмыс беруші уақытында және толық көлемде қызметкердің еңбекақысын, заңмен және тараптардың келісімі бойынша көзделген басқа да ақшалай төлемдерді төлеуге, еңбек туралы заңнамамен және ұжымдық шартпен көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі; белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына; жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына; маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.
Әлеуметтік қамсыздандырылу мемлекеттік салада маңызды орын алады. Мемлекеттік-ұйымдастырушылық қоғамда әлеуметтік қамсыздандырылу - бұл белгісіз ұзақ мерзімдегі әрекет аумағы (мысалы, қарттық жасына байланысты зейнетақы төлеу).
Әлеуметтік қамсыздандырылу бойынша материалдық құқықтық қатынастар нысаны - бұл әлеуметтік қатынастардың нақты бір түрі. Құқықтық қатынастар процедурасында мемлекеттік органдардың әлеуметтік қамсыздандырылудың нақты түрін тағайындау туралы шешімі объект болады.
Төлем (зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы т.б.), қызмет, жеңілдіктер - материалдық құқықтық қатынастар объектісі болып табылады.
Әлеуметтік қорғау туралы заңнамаға сәйкес субъективті құқықтар мен міндеттемелерге ие қатысушы құқықтық қатынастар субъектісі болып табылады.
Зейнетақылық құқықтық қатынас - бұл әлеуметтік қорғаудың құқықтық нормаларымен реттелген азаматтың әлеуметтік қорғау органдарымен қатынасы, ол зейнетақы тағайындайтын органның шешімі негізінде туындайды, осы шешім негізінде азамат жүйелі түрде белгілі бір мерзімде белгіленген көлемде зейнетақы алып тұруға құқылы, ал орган тиісінше оны төлеп тұруға міндетті.
Төленетін зейнетақы түріне байланысты зейнетақылық құқықтық қатынастардың келесі түрлері бар:
а) жасына қарай
б) қызмет істеген жылдары бойынша
Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша өтемақы - бұл радиациялық қауіпті аймақтар бойынша ядролық сынақтар, экономикалық апат салдары, жаппай қуғын-сүргінге ұшырау т.б. залалдар үшін төленетін әлеуметтік - қамтамасыз ету сипатындағы төлемдер.
Жеңілдіктер - бұл белгілі бір азаматтар мен мүгедектерге көлік шығындарын, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төлемдерін қысқартуға, протез салдыруға т.б. жағдайларда ұсынылатын заттық сипаттағы әлеуметтік-қамтамасыз ету көмегі.
Барлық жәрдемақы, өтемақы, жеңілдіктер, атауында тұрғандай мақсатты мәнге ие. Мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесіне мүгедектігіне, асыраушысынан айырылғанда және жасына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет