Құқық негіздері пәні бойынша лекциялар тезисі Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері Жоспар «Құқық негіздері»



бет5/11
Дата16.10.2023
өлшемі66,49 Kb.
#116012
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Еңбек шартын жасасу үшін қандай құжаттар қажет?
2.Еңбек шарты қандай мерзімге жасалуы мүмкін?
3. Оқушы оқуды жұмыспен ұштастырады. Еңбек шартына сәйкес оған 4.5 сағатқа созылатын жұмыс күні белгіленді. Бұл заңды ма?
4. Сынақ мерзімі еңбек өтіліне қосылады ма?
5. Жұмысқа қабылдау кезінде қандай адамдарға сынақ мерзімі белгіленбейді?
6. Қандай жағдайларда еңбек шарты жарамсыз деп танылады?
7.Ұйымға студенттер практикаға небәрі 2 айға келеді. Еңбек шартын, бұйрықты рәсімдеу керек пе?
8. Қызметкерді жұмысқа қалай тіркеу керек?
9. Сіз еңбек шартын тоқтатудың қандай негіздерін білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер

  1. ҚР Еңбек Кодексі

  2. Зейнеткерлік заңнама: нормативтік актілер жинағы.- Алматы: Юрист,2004



5. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері.
Жоспар

  1. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негізгі ережелері.

  2. Неке тұрудың шарттары

Отбасылық құқық – бұл некеден және отбасына тиісті затардан туындайтын жеке және мүліктік қатынастарды реттейтін нормалар саласы. Отбасылық құқықтың негізгі көзі «Неке және отбасы туралы» 17.12.1998ж. ҚР заңы болып табылады. 3-бап неке-отбасылық заңнамамен реттелген қатынастарды белгілейді. Оларға мыналар жатады: некеге тұрудың шарттары мен тәртібі, некені тоқтату және оны жарамсыз деп тану; азаматтық құқық пен міндеттер, отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және мүліктік емес қатынастар; ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасына орналастыру тәртібі; азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі.
Неке ұғымы отбасылық құқықтағы негізгі түсініктердің бірі болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 1-бабында некені ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы ретінде анықтайды. Некеге тұру тәртібі 13-баппен реттеледі. Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.
Некені қию үшін арыз берген күннен бастап бір ай мерзім күту заңмен белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда мерзім қысқаруы мүмкін.
Некеге тұрудың шарттары мыналар болып табылады: 1) еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі; 2) неке жасына жетуі. Заң еркектер мен әйелдер үшін бірдей неке жасын - он сегіз жасты белгілейді. Дәлелді себептер болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
Некеге тұруға мынадай жағдайларда жол берілмейді: 1) басқа тіркелген некеде тұрғанда; 2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың арасында; 3) асырап алушылар мен асырап алғандардың ; 4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған болса.
Некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері туындайды. Некелік заңнамамен реттелген жеке құқыққа ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдау еркі жатады. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық негізінде құруға міндетті. Ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады.
Заң мүліктік құқықты егжей-тегжейлі реттейді. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Мұндай мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады:
1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;
2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;
3) жеке пайдалану заттары.
Неке шарты ерлі-зайыптылар мүлкінің басқа режимін белгілеуі мүмкін. Ол некеге тұру мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. Сондай-ақ неке оны бұзу салдарынан да тоқтатылады.
АХАЖ органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі.
Басқа жағдайлардың бәрінде неке сот тәртібімен бұзылады. Сот некені сақтап қалу үшін шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінен аспайтын мерзім тағайындауға құқылы.
Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері отбасылық заңнамада реттелген. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады. Әрбір баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, ата-анасының тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Бала өзінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда - сотқа өз бетінше өтініш жасауға құқылы.
Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттері тең болады.
1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):
1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;
2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;
3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4) балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;
5) заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен жүзеге асады.
Алименттік міндеттемелер отбасы мүшелерінің мүдделерін құқықтық қамтамасыз етудің бір түрі болып табылады. Әдетте ол ата-аналардың айырылысуы кезінде болады. Неке туралы Заңның 1-бабында алимент - алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты деп түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ата-аналар алимент төлеудің мөлшері, шарты және тәртібі қарастырылған жазбаша түрде, нотариат куәландырған келісім жасай алады.
Мұндай келісім болмаған жағдайда отбасы мүшелері сотқа шағымдануға құқылы. Сот тәртібімен кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.
Балалар да өзінің ата-анасын асырап-бағуға және қамқорлық жасауға міндетті. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарды асырап-бағу мөлшері сотпен анықталады.
Егер сот ата-аналардың ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, сондай-ақ ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған болса балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.
Заңға сәйкес асырап-бағуды алуға жұбайларының құқығы бар, оның ішінде бұрынғы жұбайларының да құқығы бар. Бұл құқық сондай-ақ отбасының басқа мүшелеріне де тиісті (атасына, әжесіне, әпкесіне, аға-інілеріне, балаларды тәрбиелеушілерге).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет