ҚҰҚЫҚ негіздері


  Демалыс уақытының түсінігі мен түрлері. Жұмыс уақытындағы үзіліс



Pdf көрінісі
бет171/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   389
9.5  Демалыс уақытының түсінігі мен түрлері. Жұмыс уақытындағы үзіліс. 

Жыл сайынғы еңбек демалысы. Оны беру тəртібі, өзгерту жəне 

ұзартылуы. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы. ҚР 

Еңбек кодексі оқу демалысына ақы төлеу тəртібі 

Еңбек  құқығында  демалыс  уақыты  ретінде  қызметкердің  еңбек  міндеттерін 

орындаудан  бос  уақыты  танылады.  Бұл  уақытты  олар  өз  қалауы  бойынша 

пайдалана  алады.  Заңдарда  қызметкерге  демалу  жəне  тамақтану  үшін  үзіліс 

белгіленген.  

Еңбек туралы заңдарда демалыс уақытының келесі түрлері белгіленген: 

- Күнделікті жұмыс барысындағы үзіліс – тынығуға жəне тамақтануға арналған 

үзіліс, ауысымішілік жəне арнаулы үзілістер; 

- Жұмыс күндері арасындағы күн сайынғы –ауысымаралық  демалыс күндері, 

- Апта сайынғы демалыс күндері, 

- Жыл сайынғы мереке күндері, 

- Жыл сайынғы еңбек демалысы. 

Қызметкерге  күнделікті  жұмыс  (жұмыс  ауысымы)  ішінде  тынығуға  жəне 

тамақтануға  арналған  ұзақтығы  жарты  сағаттан  кем  болмайтын  бір  үзіліс 

берілуі тиіс. Ол күнделікті жұмыс басталғаннан кемінде 3 сағат өткеннен кейін 

жəне 4 сағаттан  кешіктірілмей  берілуі  керек.  Ұзақтығы 8 сағаттан  асатын 

күнделікті  жұмыста  жұмыс  уақытының  икеммді  жиынтық  есебі  кезінде 

тынығуға  жəне  тамақтануға  арналған  үзіліс  күнделікті  жұмыс  басталғаннан  

кемінде 4 сағаттан  кейін  белгіленуі  мүмкін,  тынығуға  жəне  тамақтануға 

арналған  үзіліс  беру  уақыты,  оның  ұзақтығы  еңбек  тəртіптемесі  ережесінде, 

еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді. 

Жұмыс  уақытының  жиынтық  есебін  белгілеу  кезінде  жұмыстың  аяқталуы 

мен  келесі  жұмыс  күнінің  (жұмыс  ауысымының)  басталуы  арасындағы 

қызметкердің  демалыс  ұзақтығының  сақталуы  міндетті  болып  табылады. 

Қызметкердің  жұмыстың  аяқталуы  мен  оның  келесі  күні  басталуы  (жұмыс 



213 

 

ауысымы)  арасындағы  күнделікті  (ауысымаралық)  тынығуының  ұзақтығы 12 



сағаттан кем болмауға тиіс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет