ҚҰҚЫҚ негіздері


Жыл сайынғы еңбек демалысы. Оны беру тəртібі, өзгерту жəне ұзартылуы



Pdf көрінісі
бет172/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   389
Жыл сайынғы еңбек демалысы. Оны беру тəртібі, өзгерту жəне ұзартылуы. 

    Қызметкерлерге демалыстың мынадай түрлері: 

- жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары; 

- əлеуметтік демалыстар беріледі.  

      Мұндағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы – қызметкердің тынығуына, 

жұмыс  қабілетін  қалпына  келтіруіне,  денсаулығын  нығайтуына  жəне 

қызметкердің өзге де қажеттіліктеріне арналады жəне жұмыс орны мен орташа 

жалақысы  сақтала  отырып,  белгілі  бір  күнтізбелік  күндер  санына  беріледі. 

Еңбек  демалысына  ақы  төлеу  ол  басталғанға  дейін  күнтізбелік  үш  күннен 

кешіктірілмей  жүргізіледі.  Егер  қызметкердің  жекелеген  санаттары  үшін  басқа 

нормативтік  құқықтық  актілерде,  еңбек  шартында,  ұжымдық  шартта  жəне 

жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны 24 күн болатын жыл сайынғы ақылы 

еңбек  демалысы  беріледі.  Қызметкерге  жұмыс  істеген  бірінші  жəне  келесі 

жылдары  үшін  жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалыс  тараптардың  келісімі 

бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жыл сайынғы еңбек 

демалысы  қызметкер  мен  жұмыс  берушінің  арасындағы  келісім  бойынша 

бөліктерге бөлінуі мүмкін. Жыл сайынғы еңбек демалысы: қызметкер жұмысқа 

уақытша  жарамсыз  болған,  жүктілікке  жəне  босануға  байланысты  демалыста 

болған;  егер  бұл  үшін  заңда  босату  көзделсе,  қызметкер  жыл  сайынғы  ақылы 

еңбек демалысы уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда, толық 

не бір бөлігі ұзартылуы мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет