ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет203/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   389
2.  Əкімшілік  айыппұл – барлық  дерлік  құқық  бұзушылық  түрлері  үшін 

белгіленетін  ақшалай,  ең  кең  тараған  жəне  ықпалды  жазалау  шарасы.  Жалпы 

ережеге  сəйкес,  əкiмшiлiк  жаза  қолдану  кезінде  қолданылып  жүрген  заңға 

сəйкес  белгiленетiн  айлық  есептiк  көрсеткiштiң  белгiлi  бiр  мөлшеріне  сай 

келетiн көлемде есептеледі. Сондай-ақ  айыппұл мөлшері: 

-   қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының; 

-  орындалмаған  немесе  тиiсiнше  орындалмаған  салық  мiндеттемесі 

сомасының; 

- аударылмаған (уақтылы аударылмаған) əлеуметтік аударымдар сомасының; 

-  аударылмаған,  уақтылы  жəне  (немесе)  толық  есептелмеген,  ұсталмаған 

(есепке  жазылмаған)  жəне  (немесе)  төленбеген  (аударылмаған)  міндетті 

зейнетақы жарналары сомасының; 

-  заңсыз  кəсіпкерлік  нəтижесінде  алынған  акцизделетін  тауарлар  құны 

сомасының; 

-  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік  есеп  жəне  қаржылық  есептілік 

туралы заңнамасының талаптарына сəйкес есепке алынбаған не тиісті түрде 

есепке алынбаған соманың; 

-  Қазақстан  Республикасының  қаржы  заңнамасын  бұза  отырып  жасалған 

(жүргізілген) мəміле (операция) сомасының; 

-  монополистiк  қызметтi  жүзеге  асыру  немесе  Қазақстан  Республикасының 

электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар 

туралы  заңнамасын,  қаржы  нарығын  жəне  қаржы  ұйымдарының  қызметін 

реттейтін  Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  бұзу  нəтижесiнде 

алынған табыс (түсiм) сомасының; 

-  құқық  бұзушылық  жасалған,  бірақ  бір  жылдан  аспайтын  кезең  үшін 

бекітілген  нормативтерден  тыс  пайдаланылған  энергетикалық  ресурстар 

құнының; 

-  есепке  жатқызылмаған  ұлттық  жəне  шетел  валютасы  сомасының 

пайызымен көрсетіледі. 



244 

 

 ƏҚБтК-те  айыппұлдың  ең  төменгі  жəне  жоғарғы  мөлшері  бекітілген:  жеке 



тұлғалар үшін – 1/5 жəне 500 АЕК(айлық есептік көрсеткіш); лауазымды адамға, 

дара кəсiпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, сондай-

ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерi – 5 жəне 1000 АЕК жəне ірі 

кəсіпкерлік  субъектісіболып  табылатын  заңды  тұлғалар  үшін  - 20 жəне 2000 

АЕК.  

-  пайыздарда  сомадан  орындалмаған-  немесе  орындалған  міндеттемесінің 



еместиісті бейнесімен; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет