Құқық негіздерінің қайнар көздері


Студенттің білімін пысықтау сұрақтары



бет34/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75
Байланысты:
Ëåêöèÿ ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? ???û? íåã³çäåð³ êóðñûíû? ï?í³ æ

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.
1.Жұбайлардың мүліктік құқықтары.
2.Некенің сот арқылы және сотсыз бұзылуы дегеніміз не?
3.Балалардың мүмліктік құқықтары.
4.Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері.
5.Тәрбиеші ананың құқықтары мен міндеттері
6.Патронат түсінігі мен пайда болу негіздері.
7.Патронаттық тәрбиедегі балалардың құқықтары мен міндеттері.


Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001
2.Ғ.Сапарғалиев Қазақстан Респубикасыың Конституциялық құқығы Алматы. 2004
3. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы / 1997 ж 14 шілде (өзгертулер мен толықтырулар 2014ж)
4. Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы(өзгертулер мен толықтырулар 2014ж)
5 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Е.Баянов, А.,2007
6.Ю.Г.Басин, М.К. Сулейменов. Гражданский Кодекс Респуб­лики Казахстан. Коментарий. Особ.часть.А2000
7. «Гражданское право». Учебник. Особ.часть Автор Г.А.Жайлин. Изд. «Дәнекер» А.2001
8. Ғ.Төлеуғалиев.Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы.Оқулық. Алматы,2002
9.Ғ.А. Жайлин «Азаматтық құқық» Жалпы бөлім. І Том. Алматы 2003 ж.
10. Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы.Алматы 2010ж.


Лекция 7. Қазақстан Республикасынң азаматтық құқық негіздері.
Жоспар
7.1.Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігінің түсінігі, түрлері.
7.2.Меншік құқығы. Мұрагерлік құқығы.
7.3.Міндеттеме түсінігі.
7.4.Шарттардың жекелеген түрлерінің қысқаша сипаттамасы.


Азаматтық құқық және әркекет қабілеттелегінің түсінігі,түрлері
Азаматтық құқық қатынастары әдетте: а) мүліктік және мүліктік емес; ә) абсолютті және салыстырмалы; б) заттық және міндеттемелік деп ажыратылады.
Бұлайша бөлудің негізіне әртүрлі белгілер алынғандықтан, бір ғана құқық қатынасы бір мезгілде мүліктік, абсолютті, заттық (мысалы, меншік құқық қатынасы) не мүліктік, салыстырмалы, міндеттемелік (мысалы, заем шартынан туындайтын құқық қатынасы) және т.б. болуы мүмкін.
Азаматтық құқық қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының белгілі бір экономикалық мазмұны бар, сонымен бірге мүліктік емес құқық қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке адамның кейбір материалдық емес мүдделерін (есімін, ар-ожданын және басқаларын) қамтамасыз етеді.
Азаматтық құқық негізінен алғанда мүліктік қатынастарды реттейтіндіктен, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар көбінесе мүліктік құқықтардың иелері ретінде әрекет етеді. Ондай құқықтарды, әдетте, беруге болады, яғни олар басқа адамға берілуі мүмкін не оған жалпы құқықтық мираскорлық тәртібімен ауысуы мүмкін. Мүліктік құқықтың жеке, оларды иеленушілердің жеке басынан ажырағысыз, басқаға берілмейтін болуы жиі кездеседі. Оларды басқа адамға беруге не оған жалпы құқықтық мұрагерлік бойынша ауыстыруға болмайды. Мысалы, атақ, ар-ождан құқын, авторлық құқық осындай болады.
2. Құқық қатынастары тағы да абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Бұлайша бөлу қатысушылардың байланысы белгісіне негізделген. Субъективті азаматтық құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары абсолютті құқық қатынастары деп аталады. Мүліктік (мысалы, меншік құқық қатынастары) және жеке мүліктік емес құқық қатынастары (мысалы, туындыға немесе өнертабысқа авторлықпен туындыға құқық қатынастары) абсолютті болуы мүмкін. Бұл арада меншікті заттың бір субъектісі, туындының немесе өнертабыстың авторы басқаруға құқықты болып табылады. Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады. Олардың негізгі міндеті келеңсіз болып табылады және меншік иесінін өз құқығын жүзеге асыруына, автор құқығын бұзбауға және т.б. келіп саяды.
Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір айқын тобы қарсы тұратын құқық қатынастары салыстырмалы деп саналады. Олар бірнешеу болуы мүмкін, бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе занды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.
3. Заттың және міндеттемелік құқық қатынастары. Профессор М.И.Брагинскийдің атап көрсеткеніндей, Рим құқығынан бастау алатын «заттық» немесе «міндеттемелік» болып бөлу ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарында маңызын сақтап қалған. Егер де институциондық жүйе бойынша жасалған кодекстерде (мысал - Француз азаматтық кодексі) бұлайша бөлу онша айқын көрінбесе, павдектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде (Герман азаматтық зандар жинағынан Ресей Федерациясынының кодексіне дейін) оның негізгі маңызы бар.
Мейлінше жалпылама түрінде заттық және міндеттемелік құқық қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады: заттық құқықтық мәселені зат, абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан, соның ізінен шықпайды және, ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге өзіне қарсы тұрғандардың енжарлығын керек етеді. Міндеттемелік құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның (борышкер) іс-әрекеті болуы тән, олар салыстырмалы болады, борышкерден қалмайды және құқықты адам - несие берушіге қарсы тұратын сол борышкердің белсенділігін керек етеді. Мүлікті беру, ақша төлеу, жұмыс орындау және т.б. сондай іс-әрекет болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет