Құқық негіздерінің қайнар көздері


Мамандандырылған прокуратуралар



бет58/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75
Байланысты:
Ëåêöèÿ ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? ???û? íåã³çäåð³ êóðñûíû? ï?í³ æ

Мамандандырылған прокуратуралар.
Мамандандырылған прокуратураларға әскери, көлік (темір жол, су, әуе көліктерінде), табиғатты қорғау және ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің (колония-түрме) түзету мекемелерінде заңдардың орыдалуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады. ҚР прокуратура органдарының жүйесінде облыстық прокуратуралар құқығында: Оңтүстік – Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтық көлік прокуратуралары жұмыс істейді. Әскери прокуратура құрамын Бас әскери прокуратура, әскери округтік прокуратуралары, гарнизондар прокуратуралары, қала және аудан прокуратураларына теңестірілген біріккен және қосылған әскерлер жатады. Әскери прокуратура органдарын ҚР Бас прокурорының орынбасары – Бас әскери прокурор басқарады. Оны ҚР Бас прокурорының ұсынуы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайды және босатады. Басқа қалған әскери прокурорларды Бас әскери прокурордың ұсынуы бойынша ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды.
Әскери прокуратура өз өкілеттіктерін ҚР Қорғаныс министрліктерінің бөлімшелерінде ҚР заңдарына сәйкес құрылған қалыптасуларда және басқа әскерлерде іске асырылады.
Көлік прокуратурасы теміржол басқармасының құрылымына және көліктер жүйесіне сәйкес, сондай-ақ көліктегі ішкі істер құрылымы есебінен ұйымдастырылады. ҚР Бас прокурорының бұйрығымен көліктік прокурорларға Көлік және коммуникациялар министрлігінің бөлімшелерінде, «Темір жол», «Қазақстан әуе жолы», теңіз флотының қызметінде және оған жататын мемлекеттік кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, сондай-ақ ҚР Кеден комитеті оның және органдарында заңдардың орындалуына қадағалау жүктелген.
Табиғатты қорғау прокуратуралары экологиялық заңдылықтардың орындалуын қадағалауды күшейту мақсатында құрылған. Облыста прокуратура құқығында бір ғана – Каспий табиғатты қорғау прокуратурасы бар. Оның құрамына ауданаралық құқықтардағы әрбіреуі Каспий бассейнінің белгілі учаскелерінде экологиялық заңдардың орындалуын қадағалауды іске асыратын табиғатты қорғау прокуратуралары жатады.
Аймақтардың қатарында тиісті облыс прокурорларына бағынышты ауданаралық құқықтардағы табиғатты қорғау прокуратуралары құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет