Құқық негіздерінің қайнар көздері


Студенттің білімін пысықтау сұрақтары



бет62/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75
Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.
1.Құық қорғау органдарының қызметі туралы жалпы сипаттама.
2.Сот төрелігі дегеніміз не?
3.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін ата.
4.Қазақстандағы адвокатураның кеңестік дәуір мен қазіргі уақытта ұйымдастырылуы және қызметі.
5.Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметі туралы заңнамасы: жәй-күйі және мәселелері.
6.Нотариаттық іс-әрекеттерді іске асырудың тәртібі
7.Нотариаттық іс-жүргізудің негізгі ережелері
Пайдаланылғын әдебиеттер
1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001
2.Ғ.Сапарғалиев Қазақстан Респубикасыың Конституциялық құқығы Алматы. 2004
3. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы / 1997 ж 14 шілде (өзгертулер мен толықтырулар 2014ж)
4. Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы(өзгертулер мен толықтырулар 2014ж)
5.« Қазақстан Республикасының Нотариустардың нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру тәртібі туралы» Нұсқаулық.
6.Тыныбеков С.Т. «Қазақстан Республикасының Адвокатурасы және адвокаттық қызметті» Алматы: Данекер, 2011.
7.ҚР-ның «Адвокаттық қызмет туралы» заңы. 1997ж. 5 желтоқсан (өзгертулер мен толықтырулар 2014ж)

Тақырып 11. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері.
1.1.Қаржылық құқытың жалпы сипаттамасы
1.2.ҚР қаржы құқығының жалпы сипаттамасы мен түсінігі.

1.3.Қаржылық құқық саласының құқықтық реттеу пәні мен әдістері. Қаржылық құқықтың қайнар көздері.

1.4. Қаржылық құқық жүйесі.



Қаржылық құқықтың жалпы сипаттамасы
Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттін атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде «қаржылар» ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай) қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті телемдерді төлей отырып қаржыларды қалыптастыру процесіне араласса, ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу кездерінде оларды бөлу (жұмсау) процесінде қатысады. Қандай да болмасын заңды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың объектісі болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне қызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады. «Қаржы» термині екі мағынадан тұрады деп тұжырымдауға болады:
1. материалдық мағынада;
2. экономикалық категория ретінде.
Материалдық (ақшалай) мағынада «қаржы» деп, мемлекетгің өз қарамағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы - ақшалар болып табылады. Ақшалар 2 нысанда болады: қолда бар және құжат жүзіндегі ақшалар.
Экономикалық категория ретінде қаржы деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы олардың мынадай функциялары арқылы да көрініс табады:
1) бөлу және қайта бөлу функциясы;
2) бақылау функциясы.
Осы аталған функциялар тек мемлекелік уәкілетті органдардың қаржылық кызметтерінің барысында жүзеге асырылады.
Бөлу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.
Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі.
Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.
Ал қаржылық қызметтің, яғни, мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.
Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жанағы қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал осы экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың пәнінің яғни, қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша белгілері болады. Олар мына келесідей болып келеді:
1. Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады;
2. Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады;
3. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады;
4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты қозғалысын білдіреді;
5. Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистің құрамына жатады;
6. Бұл қатынастар әрдайым қаржылық-құқыктық қатынастар түрінде кездеседі.
Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардьщ ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен, қаржылық құқық деп, мемлекеттің қаржыларын, яғни ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын атаймыз.
Қысқартып айтсақ, қаржылық құқық дегеніміз мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің 2 әдісі қолданылады:
1) Мемлекеттік - өктем, императивтік әдіс;
2) Қаржылық - шартты, диспозитивтік әдіс;
Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтың нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынастарға айналады. Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сипатталады:
1) Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып табылады;
2) қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның мүддесін жүзеге асырудын нысаны болып саналады;
3) қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мемлекеттік - өктем сипатта болады;
4) қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субъектілеріне мемлекет пен оның уәкілетті органдары жатады;
5) қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым материалдық сипатта болады.
Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі деп, осы қатынастардың материалдық мәнінен бөлектенбейтін, олардың субъектілерінің қызметтерінің нәтижесін айтамыз.
Қаржылык құқықтық қатынастардың субъектілері нақты қаржылық құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқықтар мен міндеттерге ие болған тұлғалар болып табылады.
Осы айтылғандарды қорыта келіп қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: «қаржылық құқықтық қатынастар деп, мемлекет және қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған, өктем - мүліктік сипатта болатын, қаржылық құқықтық нормаларға негізделген және сол нормалармен реттелетін, маңызы бойынша экономикалық болып табылатын, мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының қаржылық қызметтерінін барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.
Бюджеттік құқық қаржылық құқықтың маңызды бөлімі болып табылады. Бюджеттік құқық қаржылық-құқықтык институт ретінде мемлекетімізде қалыптастырылатын бюджеттерге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Мемлекетіміздегі бюджет жүйесі республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер бөлінеді, сондай-ақ осы бюджеттер мемлекеттік қазынаның құрамдас бөлігі болып есептелінеді және әрқайсысы өте мол ақша қоры түрінде көрініс табады. Бюджеттік құқықтың кұқықтық реттеу аясына - пәніне мыналар жатады:
1) бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;
2) бюджеттің шығыстарынын бағытын (құрамын) анықтау;
3) мемлекеттік бюджеттін құрылысын анықтау;
4) республикалық және жергілікті өкілді органдардың бюджет саласындағы құзыреттерін анықтау;
5) бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу.
Бюджеттік құқықтың өзіне тән құқықтық нормалары, яғни бюджеттік құқықтық нормалары бар.
Бюджеттік құқықтық нормалар мына келесідей белгілермен ерекшеленеді:
1) бұл нормалар мемлекет тарапынан белгіленеді және олардың атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;
2) бұл нормалар қатынастарға қатысушыларға заңи міндеттер жүктейді және өктем билік береді;
3) бұл нормалар әрқашанда мемлекеттік құзыретгі органдардың қандай да болмасын құқықтық нормативтік актілерінде заңдарда, жарлықтарда, өкімде, қаулыда көрініс табады;
4) бұл нормалар қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған;
5) бұл нормалардың құрамында өте сирек кездесетін норма түрлері есептеу нормалары (кірістер мен шығыстардың сандық көрсеткіштері, т.б.) ұшырасады;
6) бұл нормалар көбінесе өктем-әмірлі сипатта болады;
7) бұл нормалардың біршама бөлігі құзырет белгілеу нормаларын құрайды;
8) бұл нормалардың көбі бастапқы кездерінен тиісті заңдарға байланысты, бір жылдың көлемінде ғана зани күшінде болады.
Міне осы құқықтық нормалардың жиынтығы бюджеттік құқықты құрайды. Сонымен, бюджеттік құқық деп мемлекет аумағындағы бюджеттерді қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ осы бюджеттерден бөлінген ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.
Мемлекеттегі бюджеттерді қалыптастыру және бөлу процесіндегі қатынастар екі құқықтық реттеу әдісінің кемегімен реттеледі: біржақты - өктем-әмірлі (императивтік) әдіс және қаржылық-шартты (диспозитивтік) әдіс.
Мемлекетіміздің бюджет жүйесінен әр түрлі, әр деңгейдегі бюджеттер өз орындарын алады. Олар республикалық бюджет, облыстық бюджет, аудандық бюджет, қаладағы аудандық бюджет және т. б.
Негізінде бюджет жүйесі күрделі құрылым болып табылады және көптеген құрамдас элементтердің жиынтығынан тұрады. Сондықтан бюджет жүйесі деп, мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының бюджеттік қатынастардың тиісті қаржылық-құқықтық актілердің, бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа да мемлекеттік уәкілетті оргаңдардын, сондай-ақ бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз.
«Бюджет» терминін ғылыми-құқықтық тұрғыдан алып қарасақ оның өзіне тән құқықтық және экономикалық маңызына байланысты бірнеше мағынадан көрініс табатынын байқаймыз.
Материалдық мағынада, бюджет дегеніміз мемлекеттің шығыстарына жұмсауға арналған орталықтаңдырылған ақша қоры, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі шығыстарды қамтамасыз етуге арналған жергілікті орталықтандырылған ақша қорлары. Экономикалық мағынада бюджет деп, мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, сондай-ақ жұмсау барысындағы экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. Құқықтық мағынада, бюджет дегеніміз, мемлекеттің ең басты, негізгі қаржылық жоспары, былайша айтқанда кіріс және шығыс балансы. Ал заңи-техникалық мағынада бюджет деп, мемлекеттің негізгі қаржылық заңын, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың қаржылық-құқықтық актілерін айтамыз. Енді осы бюджеттерді қаржылық жоспар ретінде қарастыруымыз қажет.
Бюджетті қаржылық жоспар түрінде әзірлеу, қарау, бекіту және атқару процесі бюджеттік жоспарлау деп аталады. Бюджетгік жоспарлау қаржылық жоспарлардың құрамдас белігі болып табылады және күрделі, айрықша біліктілікті қажет қылатын қызмет түрі ретінде ерекшеленеді. Құқықтық ғылым аясында бюджеттік жоспарлаудың орнына көбінесе бюджеттің қаржылық жоспар түрінде белгілі бір сатылардан өтуі. Бюджеттік процестің басты сатылары мыналар:
1) бюджеттің жобасын әзірлеу;
2) бюджеттің жобасын қарау;
3) бюджетті бекіту;
4) бюджетті атқару және атқарылуына бақылау жүргізу;
5) бюджетті жабу және атқарушы жөнінде есеп беру. Бюджеттік процесті жүзеге асыру барысында алға қойылған максат тек жоспарлау, яғни бюджеттің жобасын әзірлеу ғана емес, сонымен қатар оны орындаудан (атқарудан) тұрады. Осы аяда қолданылатын ең басты әдістің бірі — баланстық әдіс, яғни бюджеттін кіріс және шығыс бөлігін теңдестіру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет