Демалыс уақыты дегеніміз қызметкердің өз еңбек міндетін орын-даудан босаған жөне оны өз қалауынша пайдалана алатын уақыт. Еңбек туралы заңнамада демалыс уақытының мынадай түрлері белгіленген: күнделікті жүмыс процесіндегі үзілістер, апта сайынғы демалыс күндері, мереке (жүмыс істемейтін) күндер және демалыс.
Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жүмыс (ауысым) ішінде қызметтерге демалу және тамақтану үшін жинақ-тап алғанда үзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. (Еңбек туралы Заңның 53 б. 1 т.) Бүл жерде үзілістің тек ең аз үзақтығы керсетілген. Демалуға жөне тамақтануға арналған үзілістің ең көп үзақтығы өндірістің сипатына және ауысымдық графигіне қарай белгіленеді.
Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс жұмыс уақытына кірмейді. Үзіліс кезінде қызметкер жүмыс орнын тастап кете алады.
Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты мен оның үзақтығы жүмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, үжымдық шар-ттарда белгіленеді. Үзіліс, әдетге жүмыс басталғаннан кейін 4 сағат өткен соң беріледі. Өндіріс жағдайына байланысты үзіліс белгшеу мүмкін емес жүмыстарда жүмыс беруші жүмыс уақытысы ішінде қызметкердің демалуын және тамақтануын қамтамасыз етуге тиіс. Мүндай жүмыстардың тізбесі, демалудың жөне тамақтанудың тәртібі, орны жүмыс берушінің актілерінде белгіленеді.
Арнаулы үзілістер. Еңбек туралы заңнамада арнаулы деп атала-тын үзілістер көзделген (Еңбек туралы Заңның 57 бабы). Мүвдай үзілістер жылдың суық мезгілінде ашық далада, іші суық жабық үй-жайларда жүмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жүмыстарымен айна-лысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін беріледі. Арна-улы үзілістер жұмыс уақытына қосылады.
Күн сайынгы демалыс. Заңнамада күн сайынғы демалыстың ең аз үзақтығы белгіленген (Еңбек туралы Заңның 55 бабы). Күн арасын-дағы үзілістің үзақтығы (жүмыс аяқталғаннан бастап келесі күнгі жүмыс басталғанға дейінгі кезең) жүмыс уақытының режиміне бай-ланысты. Бірақ, ауысу графигіне қарамастан жүмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы күн сайынғы демалыстың үзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс. Мысалы, 7 сағаттық жүмыс күні және бір сағаттық түскі үзіліс болған жағдай-да (жүмыс уақытын күнделікті есепке алғанда) күнаралык үзілістің ұзақтығы 16 сағат болады.
Демалыс күндері. Заңнамаға сәйкес қызметкерлерге демалыс күндері, яғни апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты беріледі. 5 күндік жүмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына — екі, ал 6 күндік жүмыс алтасында бір демалыс күні беріледі (Еңбек туралы Заңның 56 бабы). Жалпы демалыс күні жексенбі болып та-былады. 5 күндік жүмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні, егер заңнамада анықталмаған болса, жүмыс берушінің актісімен немесе кәсіпорынның (мекеменің, үйымның) жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де, әдетте, қатар беріледі. Ауысымдық жүмыста екінші демалыс күні ауысым кестесінде корсетіледі. 5 күндік жүмыс аптасы жағдайында жүмыс істейтін министрліктердің, ведомстволардың жене басқа орталық мекемелердің қызметкерлері үшін сенбі мен жексенбі демалыс күндері болып табылады.
Мерекелік күндер жүмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жүмыс уақытын үтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Респуб-ликасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жүмыс күндеріне ауыс-тыруға қүқылы
Өндірістік-техникалықжағдайлары бойынша немесе халыққа үнемі үзіліссіз түрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жүмысты тоқтату мүмкін болмайтын кәсіпорындарда (мекемелерде, үйымдарда), совдай-ақ үзіліссіз жүмыс істейтін кәсіпорыңдарда жүмыс беруішнің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сәйкес, кызмет-керлердің әрбір тобына демалыс күндері аптаның әртүрлі күндерінде кезекпен беріліп отырады (Еңбек туралы Заңның 57 бабы). Жалпы ереже бойынша демалыс күндері жүмыс істеуге жол берілмейді. Қызметкерді демалыс күндерінде жүмысқа тарту үшін оның келісімі болуға тиіс (Еңбек туралы Заңның 56 б. 5 т.).
Қызметкерді оның келісімінсіз демалыс күндері жүмысқа тартуға жол берілетін ерекше жағдайлар еңбек туралы завдамада қарастырылған. Бүл жағдайлар Еңбек туралы Заңның 59 бабында көрсетілген, онда:
төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, оңцірістік авария- ны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
жазатайым оқиғаларды, кәсіпорын (мекеме, үйым) мүлкінің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін;
түтас алғанда үйымның (мекеменің, кәсіпорынның) немесе оның жеке бөлімшелерінің одан өрі калыпты жүмыс істеуінің тез орындалуына байланысты болатын шүғыл, аддын ала күтпеген жүмыстарды орындау үшін жол беріледі делінген.
Көрсетілген жағдайлардың бүл тізбесі осымен тамамдалады. Демалыс күндері жүмысқа қызметкерлер жүмыс берушінің актісі арқ-ылы тартылады, занда көзделген шектеулер сақталады. Бүл ретте демалыс күндергі жүмыс үшін етемақы төлеу тәртібі заңнамада керсетілген. Мұндай жүмыстрдың өтемақысы, тараптардың келісімі бойынша қосымша демалыс күнін беру немесе екі еседен төмен емес ақы төлеу түрінде қайтарылады. (Еңбек туралы Заңның 73 б. 2 т.). Сонымен, демалыс күндергі жүмыстың төлемақы мәселесі шарттық негізде шешіледі. Егер қызметкер төлемақы ретінде баска демалыс күнін алғысы келсе, онда жүмыс берушінің демалыс күндеріне жүмыс белгілеген актісінде сол берілетін демалыс күні көрсетіледі. Ондай болмаған жағдайда қызметкер демалыс күндергі жүмысы үшін екі еседен төмен болмайтын мелшерде өтемақы алады.
Мереке күндері. Жалпы ереже бойынша, Қазақстан Республика-сьшда белгіленген мереке күндері жүмыс істелмейді. Мереке күндері мыналар: 1-2-қаңтар - Жаңа жыл, 8 наурыз - Халықаралық өйел-дер күні, 22 наурыз — Наурыз мейрамы, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлік мейрамы, 9 мамыр — Жеңіс Күні, 30 тамыз - Қазақ-стан Республикасының Конституциясы Күні, 25 қазан — Республи-ка Күні, 16 желтоқсан — Тәуелсіздік Күні.