Мүліктік құқықтардың белгілері болып: қажет болған жағдайда мүліктік құқыққа ие тұлғадан яғни құқық иесінен мүлікті ажыратып алынатындығынан
әртүрлі мәмілелердің пәні бола алатындығымен
ақшалай бағаланатындығымен яғни материалдық эквивалентке ие болады.
ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері олардың мүліктерінің бөлек және ортақ меншік болып бөлінуіне байланысты сипатталады.
ҚР неке және отбасы заңының 34-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып мыналар табылады. 1. Некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік 2. Ерлі-зайыптылардың некеге тұрған кезіндегі сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі 3. Некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да жеке пайдалану заттары. Оған қымбат заттар мен сән салтанат заттары қосылмайды.
Сән салтанат заттарына күнделікті тұрмыста аса қажет болып табылмайтын заттар-алтын бұйымдар, қымбат картиналар, сирек кездесетін кітаптар, күрделі қымбат техникалар тағы басқалар жатады. Әйтседе, сән салтанат заттарының қатары заңмен белгіленбеген.Сондықтан оның құрамын әрбір нақты іс бойынша сот анықтайды. Некеге тұрғанға дейін жинаған жеке қаражаты есебінен ерлі-зайыптылардың бірі некеге тұрғаннан кейін мүлік сатып алса ол жеке мүлік болып табылады. Сонымен қатар жеке мүліктің қатарына медальдар, ордендер, жасаған ерлігі үшін берілген заттай, ақшалай сыйлықтар сіңірген еңбегі үшін берілетін сыйақылар жатады.
Ерлі-зайыптылардың жылжитыын және жылжымайтын бөлек мүлкіне олар бірлесіп өмір сүрген кезеңде олардың ортақ мүлкінен немесе ерлі-зайыптылардың кез-келгенінің еңбегі есебінен қаражат жұмсалғаны мысалы жөндеуден өткізу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау тағы басқа анықталса жұбайлардың әрқайсысының мүлкі олардың ортақ меншігі болып танылады. ҚР Азаматтық кодексінің 223 бап және неке және отбасы заңының 32-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.Оған мыналар кіреді.Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары,жұбайлардың жеке және ортақ мүлкінен түскен кірістер, зейнетақылар, жәрдемақылар,материалдық көмек сомалары, әртүрлі келтірілген залалды өтеуге тиісті сомалар жатады.Ерлі-зайыптылардың ортақ кірістерінен түскен пайдаға сатып алынған жылжитын және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, салымдар,коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер мен басқа да мүліктер олардың қайсысының атына сатып алынғанына қарамастан ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.Некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығымен және балаларды күтумен айналысу есебінен немесе басқа да себептерден жеке кірісі болмаған жұбайға ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы табыс әкелген жұбаймен бірдей тиесілі. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке билік ету, иелену, пайдалану, мәселелерін өзара келісіп шешеді. Бір жұбай ортақ мүлікке билік ету жөніндегі мәміле жасау үшін екінші жұбайдың келісімі керек. Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөнінде мәміле жасау үшін екінші жұбайдың келісімі керек.Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік жөнінде мәміле жасау үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімі қажет.Керісінше жағдайда келісімі алынбаған жұбай мәміленің жалғандығы туралы білген күннен бастап 1-жыл ішінде мәмілені жарамсыз деп тану жөнінде сотқа шағымдана алады.Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу олардың бірінің талап етуі бойынша неке кезеңінде және ол бұзылғаннан кейін де сонымен бірге ортақ мүлкін бөлу туралы несие берушінің талабы бойынша да жүргізілуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың мүлкі олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін, егер дау туындаған жағдайда сот тәртібімен бөлінеді.Егер шартта өзгеше көзделмесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады. Кәмелетке толмаған балалардың қажеттерін қанағаттандыру үшін сатып алынған заттар бөлінуге жатпайды және бала ата-ананың қайсысында қалса сол жұбайға беріледі.Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салынған салымдар балаға тиесілі болады және ол бөлінуге жатпайды. Дәлелсіз себептермен жұбайлардың бірі табыс таппаған болса, сондай-ақ мүлікті отбасының мүдесіне залал келтіріп жұмсаса үлестердің теңдік негізі сақталмауы.Некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлі-зайыптылардың талап арызының ескіру мерзімі-үш жыл.