Құқық негіздерінің қайнар көздері


Студенттің білімін пысықтау сұрақтары



бет27/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75
Байланысты:
Ëåêöèÿ ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? ???û? íåã³çäåð³ êóðñûíû? ï?í³ æ

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.
1.ҚР еңбек құқығының негізгі принциптері.
2.Тәртіптік жазаның түрлері.
3.Мерзімнен тыс жүмыстарға жол берудің тортібі мен жағдай- ларын атаңыз.
4.Мерзімнен тыс жүмыстың өтемақысы.
5.Демалыс уакыты үғымы және оның турлері.
6.Еңбек демалыстары және олардың ұзақтығы.


Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001
2.Ғ.Сапарғалиев Қазақстан Респубикасыың Конституциялық құқығы Алматы. 2004
3. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы / 1997 ж 14 шілде (өзгертулер мен толықтырулар 2014ж)
4. Қазақстан Республикасының 2011 ж. 23 шілде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы(өзгертулер мен толықтырулар 2014ж)
5 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Е.Баянов, А.,2007
6.Ғ.А. Жайлин «Азаматтық құқық» Жалпы бөлім. І Том. Алматы 2003 ж.
7. Худяков А.И., Бродский Г.М. Теория налогообложения, Алматы, ТОО «Издательство «НОРМА-К», 2002
9. ҚР Еңбек кодексі А., Юрист 2014ж.



Лекция 6.Қазақстан Респіубликасының отбасы және неке құқығының негіздері.
Жоспар
6.1.Некеге тұрудың талаптары, некенің бұзылуы, тоқтауы.
6.2.Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері. Неке шарты.
6.3.Ата – аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері. Ұл (қыз) асырап алу.
6.4.Қамқоршылық және қорғаншылық түсінігі, жалпы сипаттамасы. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.
Некеге тұрудың талаптары, некенің бұзылуы, тоқтауы.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіңдік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С. Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыда нормалаудың объективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынан шығып кетеді.
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушынын арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е.М. Ворожейкин: «Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек», деп жазды.
Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6-тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.
«Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213-баптан тұрады.
Бірінші бөлімдегі «Жалпы ережелерде» неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
«Неке» деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
«Отбасы» деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардын балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
«Қорғаншылық және қамқоршылық» деген 4-бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастырылады.
«Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» деген 5 бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналарын бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
«Азаматтық хал актілері» деп аталатын 6-бөлімде азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі, әртүрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 4-бабында көрсетілгеніндей, неке және отбасы туралы заңға (занның өзінен басқа) отбасы құқығының нормалары кіретін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері жатады. Мұндай актілерге, атап айтқанда, Үкімет немесе республиканың Әділет министрлігі бекіткен түрлі ережелер (мәселен, Қорғаншылық пен қамқоршылык көрсетуші органдар туралы ережелер) мен нұсқаулар (мысалы, азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы Нұсқаулық жатады. Сонымен бірге осы Заңда кейбір басқа актілер де атап көрсетілген. Айталық, 165-бапта азаматтық хал актілеріне тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуге тиісті екені көрсетілген.
Неке-отбасы заңдарының дұрыс қолданылуына Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері де ықпал етеді.
Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының азаматтық құқыққа жақындығын атап өткен жөн. Осыдан шығатын қорытынды, заң неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылатынын (5-бап) арнайы атап көрсетеді. Азаматтық Кодексті қолдану заң ретінде немесе құқық ретінде де жүзеге асырылуы мүмкін, мұның өзі оның жалпы бастаулары мен мәнінен туындайтын жәйт.
«Неке және отбасы туралы» Заңнын 3-бабы Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделетінін белгілейді:
1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;
3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауынын мүмкіндіктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет