Еңбекті тәртібі.Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары.Еңбекті қорғау Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттык саясаттың еңбек саласындағы басты бағыттарының бірі болып табылады. Еңбекті қорғау қайғылы жағдайлардан және өндірісте жарақат алудан алдын ала сақтандыруға, қауіпті және залалды өндірістік факторларды мейлінше азайтуға бағытталған басты принциптер, меншік нысандарына қарамастан, шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың бәріне бірдей белгіленген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы "Еңбек қоғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында айқындалған.
Осы Заңның 1-бабына сәйкес еңбекті қорғау тиісті заңдар мен нормативтік кесімдер негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалык, гигиеналық және емдеу-профилактикалық шаралар және еңбек процесінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтайтын қаражаттар жүйесін білдіреді және т.б.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" жөніндегі заңы жұмыспен қамтылуды азаматтардың Конституциямен өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге қайшы келмейтін және оларға табыс немесе кіріс келтіретін жеке және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыруға байланысты қызметін айтады. Бүл құжатта азаматтарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау (жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, кәсіби даярлау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң кесімдеріне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету) және тағы басқа шаралар қарастырылған.
Еңбек даулары. Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Сотқа дейін еңбек дауларын келісім комиссиясы қарай алады. Ол комиссия тараптардың бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылып, қызметкерлердің екілдері ұйымның жалпы жиналысында сайланып, жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды.
Келісім комиссиясы арыз берушінің өтінішін ол берілген күннен бастап үш күн мерзім ішінде қарайды. Оны қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданып, арыз берушіге беріледі. Арыз қанағаттандырылған жағдайда кінәлі жақ шешімді үш күн мерзім ішінде орындайды.
Сот тәртібімен еңбек даулары 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексіне сәйкес жүргізіледі. Ерекше айта кететін жағдай, қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарды туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгінген кезде олар мемлекет кірісіне сот шығындарын (мемлекеттік баж бен істің қаралуына байланысты шығындарды) төлеуден босатылады.
Ұжымдық дауларды шешу тәртібі 1996 жылғы 8 шілде-дегі "Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы" Қазақстан Республикасы заңымен көзделген. Осы заңда ұжымдық еңбек даулары деп жұмыс берушілер мен қызметкерлер ұжымдары арасындағы ұйымдарда еңбек ету жағдайы мен еңбек ақы төлеуді орнықтыру мен өзгертулер, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және олардың орындалуы жөніндегі, сондай-ақ қолданыстағы заңдардың, ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану мәселелері жоніндегі қайшылықтар ретінде түсінілетін ұғымдарға анықтама берілген. Заңда талаптарды шешу, рәсімдеу және мәлімдеудің, еңбек ұжымдарының талаптарын қараудың белгілі бір тәртібі көзделген.
Аталған заң ұжымдық дауларды шешудің ереуіл сияқты ең шектен шыққан шарасын жеке ереуілдің басталу және созылу уақыты туралы, оны реттейді. Ереуіл - еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіби талаптарын қанағаттандыру үшін (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттерін орындамау) еңбек ұжымы мүшелерінің белгілі бір мерзімге немесе еңбек ұжымының талаптарын жұмыс беруші қанағаттандырғанға дейін жұмысты толык немесе ішінара тоқтату арқылы білдіретін күрес шарасы.
Ереуіл өткізу жөніндегі шешім, егер дау мәмлеге келу жолымен шешілмейтін жағдайда ғана шығарылуы мүмкін. Жарияламастан бұрын, жұмыс берушіге кем дегенде он бес күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде ескертуі тиіс.