І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Қазақ АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы



Pdf көрінісі
бет23/65
Дата21.10.2022
өлшемі1,04 Mb.
#44770
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65
2.Қазақ АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы. 
1920 жылы 4 қазанда Қазақ АКСР-і құрылды. Қазақ жерінің байырғы жерін бір республикаға біріктіру 
мақсатында арнаулы комиссия құрылып, республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. 
1920жылы 22 қыркүйекте БОАК жаңа декретпен Қазақ АКСР құрамына Орынбор губерниясын қосты. Декрет 
бойынша Қазақ АКСР құрамына- Семей, Ақмола,Торғай, Орал облыстары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысындағы
Красноводск уезіндегі 4,5 Адай болыстары, Астрахан губерниясының Синеморье болысы, Бөкей Ордасы, бірінші және 
екінші Приморский округының қазақтар қоныстанған аймақтары енгізілді. Қазақ АКСР-нің қарамағында 1920 жылғы 
дерек бойынша 1871239 шаршы версті(1,07км) құрады. Бірақ қазақ жерін аумақтық жинау Қазақ АКСР-нің құрылуымен 
аяқталмады. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан АКСР-і құрамында, Семей мен Ақмола облыстары Сібір 
ревкомының қарамағында болды.
1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан Қазақ АКСР-не берілді. Сондай-ақ Ертіс 
пен Жайық бойындағы казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақтарға қайтарылды.
1924 жылы Орта Азиядағы кеңестік республикаларды ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-і 
құрамына 1млн 468 мың халқы бар Сырдария (Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, уездері, Әулиеата уезінің көп 
бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі) Самарқан облысы, Жизақ уезінің қазақтар тұратын болысы, Жетісу 
облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Орынбор губерниясы 
Қазақстан құрамынан шығарылды. Республика аумағы 1/3-ге кеңейіп, 2,7 млн шаршы шақырымға жетті. 1925 жылы 
Кеңестерінің бүкілқазақстандық V съезінде, Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і деп өзгертілді. 
3.Есік қорғанынан табылған алтын адаммен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ 
белгілері мен айырмашылықтары.
Екеуіне де ортақ белгілер: 
1. 
Екеуі де сақ дәуірінің лауазымды тарихи тұлғалары болған. 
2. 
Екеуінің де киімдері таза алтыннан жасалған және жерлегенде оған о дүниеде керек болады-
ау деп, тірі кезінде пайдаланған заттарының бәрін қоса көмген.
3. 
Екеуінің де басты тақырыбы- әлем бейнесі, әлем туралы түсінігі, діни наным-сенімдері мен 
өмірге деген көзқарасы бейнеленген. 
4. 
Екеуінде де «Аң стилі» мәдениеті жақсы дамыған. Яғни пайдаланған заттары мен 
киімдерінде жануарлардың бейнелері салынған. Атап айтқанда екеуінде де қанатты жолбарыстар, қанатты 
тұлпар құстар бейнеленген. 
Айырмашылықтары:Есік қорғанынан табылған алтын адам б.з.д. V-ІV ғасырларда өмір сүрген сақ ханзадасы 
болса, Шілікті қорғанынан табылған алтын адам б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырларда өмір сүрген сақ патшасы әрі Қазақстан 
жерінде табылған Алтын адамдардың ең көнесі деп есептеледі. Есіктен табылған жәдігердің үстіндегі алтын бұйымдар 
жұқа фольга түрінде киімге тігілген әшекей. Бұл өлген адамға арналған киім. Яғни жерлеу рәсімінде қолданылған 
ритуалдық киім. Ал Шілікті алтын адамының киімі тірі кезінде киген киімі. Ол ритуалдық киім емес. Оның киіміндегі 
алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде емес, құйма алтыннан жасалған. Сонымен қатар Есіктен табылған алтын адамның 
сырт киімдері кезінде қалай көмілсе, сол күйінде бізге аман жеткен. Яғни бұл оба тоналмаған. Ал Шілікті алтын 
адамның обасы тоналған. Ондағы патшамен бірге қойылған ірі заттары: алтын тәжі, семсер, қанжар, асатаяғы және 
киімдерінің біраз бөліктері ұрланған. Есік обасын тарих ғылымдарының докторы Кемал Ақышев зерттесе, Шілікті 
обаларын Әбдеш Төлеубаев зерттеген. 
10 –билет 
1. Түріктердің рухани мәдениеті (жазба ескерткіштері, діни наным-сенімдері) 
2. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оның тарихи маңызы. 
3. Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші жүздер) орналасу аумақтарын картаға белгілеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет