І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Жауабы:  1.Ұлы Жібек жолының Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси тарихындағы рөлі



Pdf көрінісі
бет22/65
Дата21.10.2022
өлшемі1,04 Mb.
#44770
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Жауабы
1.Ұлы Жібек жолының Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси тарихындағы рөлі. 
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтардан басталып, Италияның Рим 
қаласымен аяқталады. 


Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған. 
1. Оңтүстік-батыс Жетісу бағыты: Тараз – Алматы – Шелек – Сүмбе- Жаркент арқылы шығысқа шықты. 
2. Солтүстік-шығыс бағыт: Алматы –Қапшағай –Шеңгелді – Алтынемел- Дүнгене – Қойлық қалаларын басып 
өтіп, Алакөл жанымен Жоңгар қақпасы арқылы Қытайға шықты. 
3. Үшінші бағыт: Тараздан шығып Сарқан жері арқылы – солтүсік-шығыс Қазақстанға бет алады. Бұл жол Құлан – 
Хантау – Балатопар- Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді. 
Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы. Жібек жолы Жетісу арқылы тартылған 
бағыттармен Таразда түйісіп, Испиджабқа келіп екі тармаққа бөлінеді. 
1. Отүстік-батыс бағыт: Испиджаб- Шаш –Самарқан – Бұхара қалалары арқылы Батысқа шығады. 
2. Екінші бағыт: Испиджаб–Шымкент –Отырар – Түркістан – Сауран – Сығанақ –Баршынкент. Баршынкенттен 
жол екіге бөлінеді, біріншісі –Хорезмге бағытталды, екіншісі – Жанкент –Арал теңізінің солтүстігі- Каспий теңізінің 
солтүстік-шығысы арқылы батысқа бет алды. 
Отырар – керуен жолдары торабында орналасқан қала. Отырардан шыққан бір жол – Шауғарға, екіншісі – Васидж 
қаласына барған. Васидждан шыққан жол –Сырдың бойымен жоғары өрлеп –Сүткент арқылы Шашқа, екнішісі төмен 
қарай – Жент қаласына жеткен. 
Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуына әсері: 
Қазақстан аумағындағы қала мәдениеті дамуының екінші кезеңі (ІХ-ХІІІ.ғ.)қала өмірінің ең қарқынды 
өркендеуімен сипатталады. Бұл ретте жаңа дін –ислам мен Ұлы Жібек жолының бойымен жүрген сауда-саттық басты 
рөл атқарды. Ұлы жібек жолының бойындағы қалалар қазақ халқының құрамына кірген түрік тілдес ру-тайпалардың 
отырықшы ел болуына, тұрақты мекен-жай салып, қоныстануына зор пайдасын тигізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет