І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»



Pdf көрінісі
бет3/65
Дата21.10.2022
өлшемі1,04 Mb.
#44770
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Билеттер.І Нұсқа 30 билет-2 11 сынып

3. Сот жүйесіндегі өзгерістер: Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік 
орындарының бақылауында болды. Оның ішінде, христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық 
таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеткерліктер атқарудан бас тарту қылмыстары билер 
сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868жж. ережелер бойынша 
болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің 
төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе облыстық басқарма 
құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болатын. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметі уездік 
начальник тарапынан қатаң бақыланып отырылды. 
4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:1867-1868жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» 
төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал губернаторлындағы қазақтар 3 сомнан, Түркістан генерал 
губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. Ал, 1886-1891жж. 
ережелер бойыша, түтін салығына земстволық алымдар қосылды. Олардың мөлшері жылдан-жылға өсіп отырды. 
Земстволық салық жергілікті әкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды. Әрбір қазақ шаңырағы 
мынадай мөлшерде салық төлеп тұрды: түтін салығы- 4 сом, земство салығы -1 сом 25тиын, қоғамдық салықтар (жеке 
салықтар) -1 сом 25 тиын, мектептерге-50 тиын, барлығы -7 сомды құрады. Отырықшы аймақтарда жер салығы белгіленіп
жер өңдеуші салықты ақша түрінде күзде төлеуге тиіс болды.
1868 (210-бап) және1886 (270бап)- жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ 
жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.
3.1920-1924 жылдары Қазақ АКСР- інің құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картадан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет