12. Көсемше жұрнағы арқылы жасалған сөзді көрсет.
А) Ертеде В) Тартады С) Көрмейтін Д) Оқығалы
13. Ырықсыз етісті табыңыз.
A) Айтқыз. B) Жуынды. C) Орылды. Д) Жіберді.
14. Ортақ етісті көрсетіңіз.
A) Алысты. B) Жазылды. C) Емізді. Д) Керілді.
15. Тұйық етістік дегеніміз не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі.
В) Зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс – әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі.
С) Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік.
Д) Іс- әректтің болуын, орындалуын, жүзеге асырылуын білдіретін етістіктер.
16. Тұйық етістікті табыңыз.
A) Қуу. B) Бау. C) Сау. Д) Жау.
17. Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеуді анықтаңыз.
A) Бүгін. B) Ретімен. C) Тосыннан. Д) Бұлақтайын.
18. Туынды үстеуді табыңыз.
A) Ақырын. B) Бұрын. C) Жорта. Д) Сұңқардайын.
19. Туынды үстеуді белгілеңіз.
A) Адамша. B) Қазір. C) Кеш. Д) Ерте.
20. Қанша? Қаншама? Қаншалық?Қаншалап? Қалай? Қай үстеудің сұрақтары?
А) Мекен В) Мөлшер С) Мақсат Д) Сын-қимыл
21. Күрделі үстеуді тап.
А) Тездет В) Жорта С) Таңертең Д) Осыншама
22. Себеп- салдар үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді?
А) қашан? қашаннан? қай уақыттан? В) қалай? қайтіп? қалайша? кімше?
С) неге? не себепті? қалай? Д) қандай? қалай? не мақсатпен?
23. Дұрыс жазылған үстеулердің қатарын белгілеңіз.
А) таң сәріде, бірте- бірте, қыстыгүні, абайсызда, биыл В) бұл жыл, емін еркін, бір қыдыру, кейкүні,
С) не ғұрлым, оқта текте, некенсаяқ, таң- ата, ауық ауық Д) білетұра, бір талай, со ғұрлым, өте мөте,
24. Туынды еліктеуіш сөздерді табыңыз.
А) тарс, сарт- сұрт, зу, күрт- күрт, ерби В) селк- селк, талтаң- талтаң, ду, ыршу, қылт- қылт
С) сылдыр- сылдыр, шолп- шолп, жалт, баж, былқ Д) алшаң, арбаң, ирең, сымпың, кілтің, бағжаң
25. Бейнелеуіш сөздерді табыңыз.
А) пыр, тырс, сақыр- сұқыр, күрт, гүрс, шарт- шұрт В) күмбір, сақ- сақ, сылқ- сылқ, күжіл, гүріл
С) жылт, ербең, жалп, томпаң, қайқаң, лып Д) дүңгір- дүңгір, арс, борт- борт, ыз- ыз, тарп
Достарыңызбен бөлісу: |