15. Көсемшенің жұрнақтарын табыңыз.
А) –ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі В) –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с
С)-атын, -етін, -йтын, -йтін Д) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір,-ыр, -ір, -т
16. Тұйық етістік дегеніміз не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі.
В) Зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс – әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі.
С) Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік.
Д) Іс- әректтің болуын, орындалуын, жүзеге асырылуын білдіретін етістіктер.
17. Дұрыс жазылған тұйық етістікті табыңыз.
А) Оқыұ, йіру, бұу, жүу, байыу В) Оқу, йру, бууу, жұу, баию
С) Оқыу, іиіру, бу, байу Д) Оқу, иіру, буу, жуу, баю
18. Үстеу дегеніміз не?
А) Қимыл, іс- әрекеттің, сын- сапаның әр түрлі белгілерін , сипатын, жай- күйін білдіретін сөздер. Олар өзгертулерге келмейді, грамматикалық тұлғалармен түрленбейді.
В) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін сөздер.
С) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
Д) Заттың сапасы мен сынын, көлемі, түр- түсі, сипатын білдіретін сөздер.
19.Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 6-ға В) 5-ке С) 7-ге Д) 4-ке
20. Туынды үстеулерді табыңыз.
А) қазір, дереу, енді, тым, кеше, кейін В) балаша, жаздай, осыншама, зорға, етпетінен, кезекпен
С) бүгін, биыл, ала жаздай, ендігәрі, сөйтіп, күн ілгері Д) күні- түні, әрең- әрең, ілгері- кейін, алды- алдына
21. Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
А) Іс- әрекет, қимылдың амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? неше? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
В) Қимыл, іс- әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіріп, қашан? қашаннан? қай уақытта? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
С) Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
Д) Заттың сынын немесе қимылдың, іс- әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп немесе солғындатып көрсететін үстеудің түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |