Газдардың қанмен тасымалдану түрлері: * Физикалық еріген түрде.
* Химиялық қосылыстар түрінде.
Оттегінің қанмен тасымалдануы Физикалық еріген жағдайда оттегінің ~1%-ы тасымалданады. О 2 негізгі бөлігі эритроцит Hb-імен қосылыс түрінде тасымалданады. 1 г Hb 1, 34 -1, 36 мл О 2 -ні байланыстыра алады.
СО 2 -нің қанмен тасымалдануы Еріген жағдайда 2, 5 -3 об% тасымалданады. Көмір қышқылының тұздары түрінде 48 -51 % (H2CO3, KHCO3, HHbCO2, NaHCO3). 4,5 % карбогемоглобин арқылы.
Ең алдымен , үлкен қанайналым жүйесінде СО2 тіннен өкпе капиллярындағы эритроциттерге өтеді. Сол жерде 4 турлі СО2 тұздарын түзіп, кіші қанайналым жүйесіне өтеді. Өттегі болса керісінше , Калий гемоглобин оксидінің құрамынан босап шығып, тіндерге өтеді.
Кііші қанайналым жүйесіне түскен тұздар қайта ыдырап процесс керісінше жүреді.
Тыныс алу түрлері (құрсақтық, кеуделік, аралас).
Тыныс алудың 3 түрі бар;
Кеуделік
Құрсақтық
Аралас
Кеуделік тыныс алу Тыныс алудың бұл түрі әйел адамдарда кездеседі. Қабырғааралық бұлшық еттердің қатысуымен жүреді. Нақтырақ айтатын болсақ:
- Сыртқы қабырғаарлық бұлшық еттер мен иық бұлшық еттерінің жиырылуы орын алады.
- Бұлшыққеттердің жиырылу нәтижесінде қабырғалар жоғары көтеріледі.
- Кеуде торының көлемі үлкейеді.
- Плевраішілік қысым төмендейді.
- Өкпе мен альвеолалардың қабырғасы созылады.
- Альвеолаішілік қысым төмендейді.
- Атмосфералық қысым мен альвеолярлық қысым арасында градиент пайда болғандықтан, атмосфералық ауа өкпеге енеді. Яғни кеудік тыныс алу жүзеге асады.
Кеуделік тыныс шығару - Ішкі қабырғааралық бұлшықеттер жиырылады.
- Қабырғалар төмен түседі.
- Кеуде торының көлемі кішірейеді.
- Плевраішілік қысым көтеріле бастайды.
- Өкпе мен альвеола қалпына келеді.
- Альвеолаішілік қысым жоғарылайды.
- Атмосфералық қысым мен альвеолалық қысым арасында градиент пайда болғандықтан, ауа сыртқа шығады. Бұл тыныс шығару.