Аш ішектін жиырылуы. Ішек қабырғасының ортаңғы кабатын жайлаған бiрыңғай салалы ет талшықтары сакина тәрiздi iшек қуысын айнала көмкерген.
Ішек еттері жиырылып:
біріншіден, ішектегі химусты асқорыту сөлдерімен араластырады да ас қорыту процесін күшейтеді;
екіншіден, ішек түтігіндегі қысымды арттырып сiңуге даяр қоректік заттарды қанға және лимфаға өткізеді;
үшіншіден, қорытылмаған тағам қалдықтарын одан әрі жылжытып тоқ ішекке жеткiзедi де бiртiндеп сыртқа шығарып тастайды.
Ішек кимылы бiрыңгай салалы ет талшықтарының үйлесімді жиырылуына байланысты 5 түрге бөлінеді:
Маятник тәрізді қимыл нәтижесінде ұзыннан ұзақк орналасқан ет талшықтары бiресе жиырылып, біресе босаңсиды да ішектің біраз бөлігі біресе қысқарып, біресе ұзарады. Осыған орай ішектегi химус бiрде алға, бірде артқа карай жылжып, ас қорыту сөлiмен әбден араласады.
Ырғақты-бунақтану қимылы кезінде сақина тәрізді ет талшықтары бірден ішектің бірнеше жерінде жиырылып, оны ұзындығы әртүрлі (1-2 см) көптеген сегменттерге бөледі. Одан әрi әр сегменттi екiге бөледі, сөйтіп келесі сегменттерді кұрады. Ішекті бунаққа бөлу ырғақты түрде қайталанып, оның бір жерінен екінші жеріне көшiп отырады.
Бұл қимыл іштегі химустың ас қорыту сөлімен араласуын қамтамасыз етеді.
Перистальтика қимылын жасауға ішек етiнiң екi түрi де қатысады. Ішек бөлігінің жоғарғы жағында сақина тәрізді көлденең еттер жиырылып, ішек қуысын тарылтады, ал дәл осы кезде төменгі жағында ішекті бойлай орналаскан еттер жиырылып ішек қуысын кеңiтедi. Ондағы химус ендi iшек куысының тарылған жерінен кеңейген жеріне карай жылжиды. Келесі жолы сақина тәрізді еттер ішектің кеңіген жерінде жиырылады. Аталған қимыл он екі елі ішектің басында пайда болады да, аш ішек пен мықын ішектiң бойымен толқын тәрiздi таралып, ток ішекке жетеді. Сөйтіп, перистальтика қимылы химустың жоғарыдан төмен қарай жылжуын қамтамасыз етеді. Перистальтика құрт тәрiздi қимыл деп те аталады.