ҚИЯЛДАН ШЫҚҚАН ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРІНІСІ: ШЫҒЫСТЫҢ ШЫҒЫСҚА АЙНАЛУЫ Турасын айтқанда, ориентализм — ғылыми зерттеудің негізінде пайда болатын ғылым. Христиандық Батыста ориентализм ғылымының пайда болуы 1312 жылы Вьенде болған шіркеулік кеңестен бастау алады деп есептеледі. Сол кеңестегі шешімге сәйкес, «араб, грек, иврит және сириялық тілдерді зерттейтін кафедралар Париж, Оксфорд, Болонья, Авиньон мен Саламанкада ашылды». Алайда ориентализм дегенде ғалымдардың зерттеулерімен қатар, салаға қатысы бар географиялық, мәдени, лингвистикалық және этникалық ұғымдарды ескеру керек. Әрине, ұғымдар қолдан жасалған. Уақыт өте келе, ұғымдардың бәрі де бірігіп сабақтасады, себебі зерттеушілер оларды пән аясында қалыптасқан ортақ түсініктерге әкеледі. Бірақ ғалымдар, профессорлар мен мамандар зерттеу ұғымдарын жиі айтқанымен, оларды анықтау оңай емес. Дәстүрлі деп саналатын филология, тарих, теология тәрізді салалардың өзінде зерттеу ұғымдары радикалды өзгеріп, зерттеу бағытын анықтау қиындады. Қызық себептерге байланысты ориентализмде бұл — жиі кездесетін шындық өзіндегі «-изм» деген жалғау бұл саланың басқа ғылымдардан ерекшелігін айқындау үшін қойылған. Кеңістікті барынша ұлғайту ориентализмнің ғылыми сала ретінде дамуы барысындағы негізгі заңдылық болатын. Ренессанс дәуірінің ориенталистері Эрпений мен Гийом Постель Библия тілдерінің мамандары еді, бірақ, мысалы, Постель Қытайға дейін бүкіл Азияны аудармашысыз кезе алатыны туралы мақтанышпен айтатын. XVIII ғасырдың ортасына дейін ориенталистер Библия зерттеушілері, семит тілдерінің зерттеушілері, ислам бойынша мамандар болатын немесе Иезуиттердің Қытайға дейін жетуі себебінен синологтер еді. Осындай жаңа, триумфтық эклектизмнің көрінісі ретінде екі мысалды келтіруге болады. Біріншісі — 1765—1850 жылдардың аралығында Раймон Швабтың «La Renaissance orientate» атты еңбегіндегі Шығысты тануға берген энциклопедиялық анықтамасы. Ғалымдардан бөлек, Ш ығысқа деген қызығушылық философтар, ақындар мен эссеистердің арасында пайда бола бастады. Швабтың пікірінше, «шығыстық» (Oriental) деген сөз — әуесқой мен кәсіби мамандардың азиялық деген нәрсеге қатысты қызығушылығын білдіретін ұғым және осында азиялық деген ұғымның баламасына экзотикалық, тылсым немесе терең деген сөздер келеді. Бұл Ренессанс кезіндегі Еуропаның грек пен латын мәдениетіне деген аса қызығушылығына ұқсады. 1829 жылы Виктор Гюго грек пен латыннан ауысуды келесідей сипаттады: «XIV Людовик ғасыры эллинизм ғасыры болса, біздің заман — ориентализм ғасыры». Сонымен, XIX ғасырдың ориенталисі не ғалым болды, не талантты энтузиаст, немесе екеуі де бола алатын. Вьен кеңесінен кейінгі ориентализм ғылымының өзгеріске ұшырауының екінші көрінісін сол кездегі (яғни XIX ғасырдағы) хроникалардан байқауға болады. Ең толық мысал ретінде Жюль Мольдің «Vingt-sept Ans dhistoire des etudes orientates» атты еңбегін, 1840—1867 жылдар аралығында ориентализм саласында болған елеулі құбылыстарды қамтитын екі томын атасақ болады. Моль Париждегі Азияны зерттеу қоғамының хатшысы болатын, XIX ғасырдың бірінші жартысында Париж ориентализм әлемінің астанасы еді. Мольдің Қоғамдағы қызметі ориентализмді зерттеу саласына тікелей қатысты болды. Мысалы, араб тілі мен көптеген үнді диалектілері, иврит, пехлеви, ассирия мен вавилондық тіл және моңғол, қытай, бирма, Месопотамия, ява тілдері туралы жазылған ориентализмге қатысты деп саналатын еңбектердің саны қисапсыз. Сонымен қатар ориентализмге Азия мен Солтүстік Африкадағы ежелгі және заманауи өркениеттердің барлығындағы нумизматика, антропология, археология, әлеуметтану, экономика, тарих, әдебиеттану және мәдениеттануға қатысты жазбаларды редакциялау мен аударуға дейінгі барлық зерттеулер кіреді. Густав Дюганың «Histoire des orientalistes de I ’Europe du X IIa u XIX, siecle» атты еңбегі (1868—1870) белгілі тұлғалар туралы жинақ болғанымен, ұсынылған ақпараттардың көлемі Мольден кем емес. Алайда осындай эклектицизмдерде ақтаңдақтар кездеседі. Академиялық ортаға жататын ориенталистердің әдеттегі қызығушылықтары зерттеу салаларының (тіл немесе қоғам болсын) классикалық кезеңдеріне жақын еді. Наполеон атындағы Мысырды зерттеу институтын есепке алмағанда, XIX ғасырдың аяғына дейін Шығыс халықтарының заманауи қалпы зерттелмеген. Сонымен қатар ғалымдар Шығысты, негізінен, мәтін арқылы зерттеген. Ренессансқа Грекияның мүсін немесе керамикалық бұйымдардың миметикалық артефактілерінің әсері болса, Шығыстың әсері кітап пен манускриптер арқылы орнады. Ориенталист пен Шығыстың арасындағы қатынастың өзі мәтін арқылы жүрді. Мысалы, XIX ғасырдың басында бірінші рет үндінің сегіз қолды мүсінін көрген неміс ғалымдары ориентализмге деген қызығушылықтарының бәсеңдеп кеткені туралы баяндайды. Зерттеп жүрген еліне саяхатқа шыққан ғалым әдетте сол елге қатып қалған абстрактілі көзқараспен қараған. Осындай «шындықты» дәлелдеу мақсатымен дамуы төмен деп саналатын елге сол «шындықты» лайықтауды жоспарламайтын ориенталист ғалымдар аз болатын. Ақыр аяғында, ориентализм ғылымы Шығыс туралы нақты біліммен қатар, Шығыс ертегісі, тылсым Ш ығыстың мифологиясы сияқты екінші деңгейлі білімді қалыптастырды. Бұны британиялық тарихшы В.Дж. Кирнан «Еуропаның Шығыс туралы елесі» деп атаған. Бірақ бұл жағдай XIX ғасырда аса дарынды жазушылардың арасында Шығысқа деген үлкен қызығушылықты оятты. Менің ойымша, Гюго, Гёте, Нерваль, Флобер, Фицжеральдтардың еңбектеріндегі Шығыс туралы жазбаларды бөлек жанр деп атағанымыз дұрыс. Алайда осы еңбектерде Шығыс туралы еркін тараған мифологияны байқауға болады, яғни Шығыс кең тараған пікір мен заманауи көрініс қана емес, ол, Вико айтқандай, ұлттар мен ғалымдардың пікірінен туындайды. Мен осындай жағдайдың XX ғасырда саяси мақсатта кәдеге асқаны туралы атап өткен едім.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ориенталистер өздерін ориенталист деп сирек атай бастады. Бірақ университеттердегі Ш ығыс тілдеріне және Шығыс өркениетіне арналған факультеттер болғандықтан, осындай атауды қолдану әлі де қажет. Мысалы, Оксфорд университетінде ориентализм факультеті болса, Принстонда ориентализм зерттеулеріне арналған департамент бар. Соңғы рет 1959 жылы Британия үкіметі университеттердегі ориентализм, славян, Ш ығыс Еуропа мен Африка зерттеулеріне арналған бөлімдерді тексеріп, болашақ дамуына қатысты ұсыныс жасау үшін арнайы уәкілетті комиссия құрған болатын. 1961 жылы шыққан «The Hayter report» деп аталатын құжатта Шығыс деген сөздің америкалық университеттерде жиі қолдануы қате деп көрсетілмеді. Ойды бөлетін түрлі ынтызарлық пен импульстердің, бейнелердің болуына қарамастан, адамның санасы, Клод Леви-Стросс айтқандай, нақтылық іліміне құмар. Мысалы, примитивті тайпа тиесілі жерінде бар флора мен фаунасын анықтап отырады. Әрине, бұл шөп пен гүлдің көбінің ешқандай практикалық қажеті жоқ. Бірақ Леви-Стросстың пікірінше, адам санасы реттік тәртіпті қажет етеді. Бұндай реттік тәртіп әр нәрсені анықтап, санамен белгіленген жерге орналастырып, сол нәрсеге жалпы қоршаған ортадан орын беру арқылы жүзеге асады. Классификацияны ң осындай қарапайым формасын қисынмен немесе әмбебап түсінік арқылы түсіндіруге болмайды, оның өзіне тән логикасы бар, мысалы, бір қоғам үшін қырыққұлақ мәртебенің символы ретінде алынса, басқа қоғамда ол қауіп-қатерді білдіруі мүмкін. Осындай ерекшеліктер өздігінен пайда болады. Сонымен қатар бұл ерекшеліктердегі құндылықтардың пайда болуы да, біреу оның тарихын аша алса, шамалас еріктің деңгейін көрсетуі мүмкін. Сән ұстануды дәлел ретінде қарастырсақ болады. Белгілі бір кезде пайда болып, жылдар бойы сән үлгісіне айналған париктер, шілтер жаға немесе ұзын баулы аяқкиімдердің ұмытылуы неліктен? Олардың ыңғайлы болуы және әдемілік деген ұғымдар осы сұрақтың жауабына келеді. Бірақ тарихтағы барлық нәрселерді және тарихтың өзін адам жасайды деген пікірмен келісетін болсақ, онда түрлі объектілерге, уақыт пен мекенге арнайы символикалық кейіптер мен ұғымдардың берілу себебін түсінеміз және бұл ұғымдардың объективті шындыққа айналуы жұмыс біткеннен кейін болады. Бұл жағдай әдетте шетелдік адамды, мутант немесе нормадан тыс келетін мінез-құлық сияқты жат, үйреншікті емес нәрселерге жатқызады.
Кейбір айрықш а нәрселер ойдан шығарылған және олар объективті шынды ққа келгенде тек жасанды болмысқа ғана ие деп айтуға болар. Бірнеше гектар жерде өмір сүретін адамдар өз жерінің шегарасын белгілеп, оның ар жағындағы жерді «варварлардың жері» деп атайды. Басқаш а айтқанда, таныс жерді біздікі деп атап, ал таныс еместі олардың жері деп атау — географиялық ерекшелікті ерікті түрде жасау мүмкіндігін көрсететін тәсіл. Менің «ерікті» деген сөзді пайдаланып отырған себебім «біздің жер — варварлардың жері» деген нұсқаны міндетті түрде варварлар қабылдайды дегенді білдірмейді. Бұл — «біздің» санамызға ғана түсінікті ерекшелік, ал «олар» болса, бізге ұқсамайтын «олардың» территориясы мен менталитеті бар өзгелер. Осындай негативті жолмен заманауи және примитивті қоғамдар өз идентификациясын орнатады. V ғасырда өмір сүрген афиналық азамат өзінің варвар емес екенін афин идентификациясы арқылы түсінген болар. Географиялық шегаралар әлеуметтік, этникалық ж әне мәдени мәселелермен бірге қатынаста болады. Алайда өзін жатжерліктен ажырату идеясы «жатжер» атты бұлыңғыр түсінікке негізделеді. Ал түсініксіз кеңістік туралы пікірді түрлі болжамдар, ассоциациялармен ойдан жасалған болмыс паш етеді. Француз философы Гастон Башлярдің өзі «Кеңістік поэзиясы» деп аталған құбылысты зерттеген еңбегі бар. Үйдің ішкі кеңістігінде қауіпсіздік, жанды қатынас сезімі шынайы болмыстан немесе қиял негізіндегі тәжірибеден пайда болады. Дәліз, жертөле немесе бөлмелер сияқты үйдің объективті кеңістігінің маңыздылығы поэтикалық мазмұнға байланысты.
Дегенмен уақыт пен кеңістік немесе тарих Дегенмен уақыт пен кеңістік немесе тарих және география туралы білетінімізге ерекше әсер еткен нәрсе қиял шығармашылығы екенін мойындауымыз керек. Позитивті тарих пен позитивті география тәрізді ұғымдар Еуропа мен АҚШ -та үлкен жетістікке жеткен еді. Гиббон өмір сүрген заманға қарағанда, қазіргі ғалымдар әлем туралы, оның өткені мен бүгіні туралы көбірек біледі. Дегенмен бұл олар білуге болатынның бәрін біледі, немесе, маңыздысы, заманауи ғалымдардың білімі мен айтып отырған қиялшыл шығармашылықтан шыққан географияның немесе тарихтың тылсымын сейілтті деп қарастыруға болмайды. Біз мұнда қиялдық білім тарих пен географияны тізгіндеп алды, немесе екі ғылыми саланы басып алды деген пікірден аулақпыз. Әзірше бұл тек позитивті білімнен қомақтырақ нәрсе екенін айта кеткеніміз дұрыс. Еуропада ерте уақыттан бері Шығыс тек эмпирикалық біліммен ғана шектелмейтін. Кем дегенде XVIII ғасырдың басына дейін, Р.У. Саутерн аса талғампаздықпен көрсеткендей, еуропалықтардың Шығыс мәдениетінің бір қыры ретінде санайтын ислам туралы түсініктері надандығына қарамастан кешенді еді.Шығыс (East) туралы түрлі ассоциациялар аса надан болмағанымен, аса кәсіби де емес, әрдайым Шығыс (Orient) деген ұғымның айналасында топтасады. Алдымен, Шығыс пен Батыс арасындағы демаркацияны қарастырайық. «Илиада» жазылған кездің өзінде ол өте нақты болып көрінген. Ш ығысқа тән ерекше екі қасиет афиналық ең көне шығармалардың бірі Эсхилдің «The Persians» және Еврипидтің «Вакханкаларында» кездеседі. Эсхилдің еңбегінде Ксеркс патша гректерден жеңілгенін білген парсылардың шексіз қайғыға ұшырағаны сипатталады. Хор келесі сөздерді әуенге қосып айтады:
Бүкіл Азия қайғыда
Жетім қалды бұл жер!
Ксеркс бізді бастағанда,
Әкелді тек жеңілісті!
Ксеркстің жоспары суға батқанда,
Суз патшасы Дарий кезінде Қайғы көрмеді бұл елі!
Мұнда маңыздысы — ол Азияның, яғни «теңіздің арғы жағында» орналасқан жау елдің жеңімпаз еуропалықтардың қиялы арқылы сөйлеп тұрғаны. Эсхил Азияға шарасыздық, жеңіліс және қасірет сияқты сипаттарды еншілеп, оны Шығыстың Батысқа жасаған қарсылығы үшін тартқан жазасы деп көрсетеді және Азияның жеңімпаз болған даңқты өткен шағын жоқтауын әйгілейді. «Вакханкалар» болса антикалық драмалардың арасындағы ең азиялығы шығар және бұл шығармада Дионисийдің азиялық екенін көрсету арқылы шығыстық мистерия молынан көрініс табады. Фивы патшасы Пенфейді анасы Агава мен оның жолдастары вакханкалар өлтіреді. Дионисийдің құдіретін мойындамаған Пенфей жантүршігерлік жаза тартып, драма эксцентристік Құдайдың мойындалуымен аяқталады. Осы заманның сыншылары «Вакханкалар» шығармасында сана мен эстетикалық әсерінің жоғары екенін атап өтеді. Бірақ сонымен бірге олар Еврипидке қатысты тарихи фактіге назар аударады: «ұзаққа созылған қисынсыз Пелопоннес соғысының нәтижесінде Кіші Азия мен Леванттан келіп, Пирей мен Афинаға жеткен Бендис, Кибела, Сабазия, Адонис немесе Изида сияқты жат діндердің Дионисий культіне әсері болғаны анық».
Еврипидтің шығарма арқылы беретін сабағы Кадм мен Тиресий атты екі қария арқылы көрініс табады. Олар басшы болу тек әмір ету ғана емес, сонымен бірге өзгелердің тілін түсініп, мәмілеге әкелетін қасиеттің маңыздылығын айтады. Кейіннен Ш ығыстың мистерияларына байыппен қарай бастады. Бұған басқа жайттармен қоса Батыстың рационалды санасын бітпейтін амбиция мен үстемдіктің жаңа тәжірибесі арқылы сынға алуы себеп болды. Бірақ Батыс пен Шығыс арасындағы үлкен ерекшелік басқа кішігірім ерекшеліктерге әкеледі. Әсіресе өркениетке тән болатын қасиеттер саяхат, жаугершілік пен жаңа тәжірибе жинау сияқты әрекеттерді тудырады. Классикалық Грекия мен Римде нәсілдерді, аймақтарды, ұлттар мен ұстанымдарды бөлетін таксономиялық түсініктерді географтар, тарихшылар, Цезарь сияқты қоғам қайраткерлері, шешендер мен ақындар әрдайым дамытып отырған. Бұл түсініктердің жиыны, негізінен, гректер мен римдіктердің өзге ұлттардан гөрі басымдықтарын дәлелдеуге қызмет ететін. Бірақ Шығысты танудың қалыптасқан дербес дәстүрлі классификациясы мен иерархиясы болды. Біздің заманымызға дейінгі шамамен II ғасырдан бастап тарихшы, саяхатшы Геродоттан немесе жауынгер-патша, ғылым жиһангер Ескендірден кейін Ш ығысқа қарай саяхат жасаған бірде-бір тұлға ұмыт болған емес. Сондықтан Шығыс Геродот, Ескендір немесе олардың эпигондарымен анықталған бөлік және бұған дейін анықталмаған, жауланбаған деген екі бөліктен құралды. Христиандық бұл процесті әрі қарай дамытып, ішкі шығыстық сфераларды нақтылай түсті: Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс, таныс Шығыс, Рене Груссе жазғандай, «t’empire du Levant» және жаңа Шығыс. Сонымен, Шығыс қиялдан шыққан географияда кейде Эдем мен жұмаққа оралып, жаңа нұсқаны орнатуды қажет ететін Көне әлем, кейде Колумбтың Америкасы сияқты мүлдем Жаңа әлем болып қабылданды. Әрине, Шығыстың аталған әр варианты нақты емес еді: мағыналық тұрғыда олардың алма-кезек ауысуы, сананы арбайтын суггестивтілігі және алдап, шатастыруы — назар аудартатын мәселе. Антика заманынан бері Шығыс, нақтырақ айтсақ, Таяу Шығыс, Батыста комплементарлы антитезасы ретінде қабылданған. Бағзыдан бері Библия мен христиан дінінің өркендеуіне жеткізген сауда жолдары және коммерция жүргізу тәсілдерін анықтаған Марко Поло сияқты саяхатшылар болды. Алыс және бөтен нәрсе белгілі бір себептерге байланысты сәл болса да таныс көрінеді. Адамдар нәрселерді мүлдем белгісіз немесе бұған дейін жақсы таныс деп қана анықтамайтын болды, жаңа аралық категория жаңадан көрген нәрсені бұған дейін белгілі нәрсенің жаңа нұсқасы деп қабылдауға мүмкіндік берді. Шын мәнінде, бұл категория жаңа ақпаратты қабылдау тәсілінен гөрі қабылданған көзқарастарды сақтауға арналған еді. Санаға радикалды жаңа өмір формасын қабылдау керек болса, мысалы, Орта ғасырда Еуропада пайда болған ислам сияқты, онда сана аталған тәсіл арқылы бұған консервативтілікпен және қорғаныспен жауап беретін. Айталық, Батыста исламды христиандықтың қате формасы ретінде қабылдаған. Сондықтан қауіп бәсеңдетілді, түсінікті құндылықтар қалыпқа келіп, белгісіз нәрсені сана өзіне түсінікті қалыптарға салып, «жаңа» немесе «бұған дейін болған» деген баға арқылы қатерді азайтты. Яғни ислам «қолға үйретіліп», оның жаңалығы мен суггестивтілігі бақылауға алынып, осыдан кейін салыстырмалы түрдегі күрделі ерекшеліктерін анықтау мүмкіндігі пайда болды. Осыған орай, Батыстың Шығысқа деген көзқарасы құдды бұған дейін білетін нәрсесі сияқты немқұрайдылықтан бастап, мүлдем таңсық, сондықтан қорқыныш араласқан массаттануға дейін аралықта тербеліп тұрады. Бірінші кезекте Парсы, Сирия, Мысыр, одан кейін Түркия мен Солтүстік Африка мұсылман әскерінен жеңіліс тапты. VIII—IX ғасырларда Испания, Сицилия және Францияның бір бөлігі бағындырылды. XIII—XIV ғасырларда исламның билігі Үндістан, Индонезия мен Қытайға дейін жетті. Осындай жаугершілікке Еуропа тек үрей және қорқынышпен ғана жауап бере алды. Исламның жаулауына куә болған христиан жазушылары оның жоғары деңгейдегі мәдениеті мен ұлы мәртебесіне назар аудармады десе болады. Исламның террор мен қырғынның, сүйкімсіз, құбыжық варварлар тобырының символына айналуы бекер емес еді. Еуропа үшін ислам — ұзақ жазылмаған травма. XVII ғасырдың соңына дейін «Осман империясының қаупі» Еуропаны тұтастай қамтып, бүкіл христиан әлемі оны тұрақты қатер ретінде қабылдаған. Осыған орай, еуропалық өркениет тарихында болған ұлы оқиғалар, тұлғалар, жеңістер мен жеңілістер осы қауіпті және қауіпке қатысты жинақталған барлық тәжірибені өмірінің құрамдас бөлігіне айналдырды. Тек ренессанстық Англияның өзінде, Сэмюэл Чью өзінің «The Crescent and the Rose» атты классикалық шығармасында көрсеткендей, орта деңгейлі білімі бар адамның өзі Лондон сахнасынан Осман исламы және оның христиан әлеміне қаупі туралы көптеген мысалдарды көре алатын. Ислам туралы христиандық концепт толық, біртұтас болып қалыптасты». Ислам белгілі бір образға айналды (Дэниэл образ дегенді исламға қатысты айтса да, менің ойымша, ол бүкіл ориентализмді сипаттауға келеді) және оның мақсаты исламның өзін түсіндіру емес, оны ортағасырлық христианға түсінікті ету еді:
«Кұранның мағынасын қабылдамау, немесе мүсылмандардың қасиетті кітап туралы төл пікірлерін қабылдамау, немесе осыған байланысты мүсылмандардың түрлі жағдайлардағы ойлары мен әрекеттеріне назар аудармау арқылы құрандық немесе исламдық доктрина тек христиандарға түсінікті формаға айналды; және осы себептен авторлар мен оқырмандар ислам туралы шынайы түсініктен алшақтаған сайын, неше түрлі оқыс пікірлер пайда бола бастады. Мұсылмандардың өз діндері туралы ықтиярсыз пікір айтуы да қалыптасқан түсініктің дұрыс екенін дәлелдегендей болды. Ислам туралы христиандық пікірде кішігірім нәрселер мүмкіндігінше еленбесе де, негізгі ой ешқашан бұзылмаған. Еуропалықтардың пікірінде адуындылық бар еді, бірақ тек негізгі ойдың шеңберінде ғана. Нақтылауға арналған жұмыстардың бәрі тек қабылданған ой жүйесін күшейтуге ғана бағытталған. Христиандық пікір бұзуға немесе қайта салуға болмайтын үйге ұқсас болды». Ислам туралы осындай тұрақты пікір әртүрлі бағыттармен күшейтіліп отыған. Мысал ретінде, Ортағасырлардағы немесе ерте Ренессанс кезіндегі поэзияны, ғылыми пікірталастарды және танымал қате нанымдарды келтіруге болады.Бұл кезде Таяу Шығыс толығымен латындық христиан түсінігінде қалыптасып бітті.
Дәлел ретінде «Роланд туралы жыр» деген шығармадағы сарациндердің Мұхаммед пен Аполлонға сыйынып тұрған көрінісін айтуға болады. XV ғасырдың ортасына таман Р.У. Саутерн тамаша көрсеткендей, еуропалық ойшылдар ислам туралы тиянақты ойлануға мәжбүр болды, себебі Шығыс Еуропада бұл әскери мәселеге айнала бастады. Р.У. Саутерн сәтті көрсеткендей, 1450—1460 жылдар аралығында сеговийлік Иоанн, кузандық Николас, Жан Жермен және Энеа Сильвио (II Пий) есімді төрт ғалым contraferentia яғни конференция арқылы ислам мәселелерін талқылады. Сеговийлік Иоанның ойы: мұсылмандарды жаппай христиан дініне кіргізу мақсатында ислам туралы сатылы пікір алмасуды орнату қажет. «Ол конференцияны діни және саяси құрал ретінде қарастырды. Оның пікірінше, осындай конференцияның мерзімі он жылға созылса да, ол соғыс пен қақтығыстардан гөрі шығынсыз. Саутерннің қорытындысы келесідей еді:
«Христиандық Еуропадағы белгілі ой жүйелерінің ешқайсысы да ислам атты феноменді толық түсіндіре алмауы түгіл, оған қатысты практикалық маңызы бар оқиғаларға эсер ете алмауы — ерекше назар аударатын нэрсе. Практикалық деңгейде нақтылай түссек, болған оқиғалар кэсіби мамандар болжағандай, не жақсы, не жаман болып ешқашан да шешімін таппаған. Ерекше атап өтетін тағы бір жайт — ол ең білікті мамандардың жобалауына сай оқиғалардың ешқашан сэтті шешімін таппағаны. Христиандық элемде исламға қатысты ойдың прогресі болды ма? Менің ойымша, болды. Мэселенің шешімі көрінбегеннің өзінде оны түсіну рационалдылыққа жетелей бастады. Ислам мэселесін Ортағасырда зерттеген мамандар қалаған шешімдерін таппаған еді. Бірақ олар басқа салада жэне басқа адамдарға қажетті болатын ой ізденісінің жолдарын қалыптастырған». Ислам туралы, Батыс әлемінің ой тарихы туралы Саутерннің зерттеуінде ең құнды пікір — көлемді деңгейде жинақталған білім позитивті нәтижеден гөрі Батыстың ислам туралы надандығын одан әрі комплексті және күрделі етіп жасағанында. Қиял шығармашылығының нәтижелерінде өздеріне тән логикасымен бірге даму және құлдырау диалектикасы көрініс тапқан. Орта ғасырларда Мұхаммедке берілген көптеген сипаттар «XII ғасырда Еуропада пайда болып, сенімге кіріп, ізбасарлары болған «Еркін рухтың» пайғамбарларына ұқсайтын». Сонымен бірге Мұхаммед ортағасыр еуропалықтары үшін жалған уаһидің иесі болғандықтан, оған сәйкесінше түрлі негативті мінездер тағылған. XV ғасырдың ортасына таман Р.У. Саутерн тамаша көрсеткендей, еуропалық ойшылдар ислам туралы тиянақты ойлануға мәжбүр болды, себебі Шығыс Еуропада бұл әскери мәселеге айнала бастады. Р.У. Саутерн сәтті көрсеткендей, 1450—1460 жылдар аралығында сеговийлік Иоанн, кузандық Николас, Жан Жермен және Энеа Сильвио (II Пий) есімді төрт ғалым contraferentia яғни конференция арқылы ислам мәселелерін талқылады. Ислам діні тарих сахнасына шықпастан бұрын христиан дінінің еш бір қарсыласы жоқ еді. Әлемнің алып державасы болған Шығыс Рим және Батыс Рим мемлекеттерінің сенімі христиан дінінде еді. Азғантай уақыттың ішінде Исламның кеңінен жайылып, Византияның қарамағындағы көптеген жерлердің мұсылмандардың қол астына өтуі, атап айтсақ: Құдыс, Стамбул(Константинополь) Испанияның алынуы Батыс елдерін, христиан дін адамдарын бей-жай қалдырған жоқ. Өз сенімдерін қорғау, қасиетті мекендерді қайтару, христиан сеніміндегі халықты қорғау мақсатында христиан дін адамдарының ұйымдастыруымен крест жорықтары басталды. Тарихта асқан жауыздықпен мұсылмандарды қырып, қандарын судай ағызған көптеген крест жорықтары орын алды. Алайда бұл жорықтар мұсылмандардың сенімін, дініне деген беріктіктеріне нұқсан келтіре алған жоқ. Жорықтар нәтиже бермеген соң христиан дін адамдары дұшпаны санаған мұсылмандардың дінін зерттеу, оны масқаралау, әлсіз тұстарын табу, мақсатында зерттеулер жүргізіп арабшадан латыншаға аударма ісін бастады. Мысалы: Силвестр ІІ деген атпен танымал болған Герберт Орильяк (940-1003) есімді поп араб тілін үйреніп Исламды зерттеу үшін Андалусияға барды. Севилья, Кордова университеттерінен тәлім алады. Өз дәуірінде батыстағы араб тілін, математиканы, астрономияны ең жетік білген адамдардың қатарында болды.
Сол дәуірде батыста Ислам діні жайлы, Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жайлы, Мұсылмандар жайлы жалған пікірлер, негізсіз жалалар таратыла бастады. Мысалы: Ислам діні жалған дін, Ислам қылыш діні, Ислам дөрекі дін, Мұхаммед тажал, өтірікші, сиқыршы деген сияқты негізсіз ақпараттар христиан дін адамдары тарапынан халыққа таралды.
Крест жорықтары нәтижесінде батыстықтар мұсылмандардың қол жеткізген өркениеті, ғылыми жаңалықтарымен танысты. Бұл Шығысты танып білуге деген құштарлықтарын арттыра түсті және мұсылмандардың қол жеткізген өркениетіненде пайданалу мақсатын оятты. Нәтижеде Құран Кәрім алғаш 1143 жылы латын тіліне аударылды. Европаның көптеген оқу орындарында араб тілі оқытыла бастады, аударма қолға алынды, жүйелі түрде шығысты бүге-шігесіне дейін зерттеу басталды.
ХҮІ ғасырдағы реформация нәтижесінде Европа мемлекеттері күшейіп Азияны, Африканы отарлай бастады. Бұл уақыт мұсылмандардың тізгінін қолда ұстаған Осман халифатының әлсірей бастаған кезеңдері болатын. Азия, Африка құрлығының тұрғындарының басым көпшілігі мұсылмандар еді. Отарлауға қарсы мұсылмандар тарапынан қарсылықтар басталды. Отарлау саясаты оңай іске аса қоймады. Осы кезден бастап ориентализмның жаңа дәуірі басталды. Осы мезетте христиан ілімімен сусындаған ориенталисттер сахнаға шықты. Олар Ислам дінінің қайнар көздерін Құран және хадистерді зерттеп аударып, Ислами ілімдерін зерделеп мұсылмандардың сеніміне күмән салып, жік-жікке бөліп отарлауды тезірек іске асыру мақсатында жұмыс істеді. Отарлаушылармен бірге миссионерлік басталды. Соғыс арқылы жеңе алмаған мұсылман елдерін ішінен іріп-шіріту, дінінен алыстату нәтижеде шоқындыру мақсат етілді. Яғни отарлаушы елдер мақсаттарына жету үшін ориенталистерді пайдаланды. Бұл көрініс те отарлау болғанымен, түп негізі крест жорықтарының жалғасы еді. Мұсылман елдерін басып алып отарлау батыстықтарға тағыда бір дәме туғызды. Ол - отарлаған жерлерді иемденіп жерүсті, жерасты байлықтарына ие болу.
Ориентализм мен мисионерлік жұмыстар христиандардың рухани орталығы Ватикан арқылы басқарылды. Ватикан 1593-1608 жылдар аралығында Португалия мен Испания корольдеріне жаңадан отарланып жатқан жерлердің барлығына миссионерлерді жіберуге бұйрық берген. Сонымен қатар Парижде миссионерлерді дайындайтын оқу-орындар ашылды. Бұл оқу орындарын шіркеу қаржыландырып отырған. Үкімет пен шіркеу иық тірестіре отырып жұмыс атқарды. 1691 жылы Франция патшасы Луиз ХІҮ миссионерлермен ориенталисттерге шығыстың жазба еңбектерін жинап әкелуге тапсырма беріп Парижде арнайы баспахана салдырды. Ориентализмның тарих бойынша дамып өркендеуін тек бір себепке негіздеп шектеу мүмкін емес. Ориентализм шығысқа бағытталған күйде
а) діни
б) отаршылдық
в) экономиканы қуаттау
д) саяси үстемдік
г) ғылыми зерттеулерге мұрындық бола отырып дамыды.
Ориетализмді әркім әрқалай түсінеді, сол себептен ол туралы әрқилы көзқарастар бар. Мұның себебі ориенталисттердің басты мақсаттарын жасыруы және Ислам мәдениетінен пайдалана отырып оны жамандауы, сынауы, Ислам діні жайлы жалған пікірлер таратуы.
Негізінде ориенталисттердің еңбектерінде Исламға деген жағымсыз көзқарас білініп тұрады. Осы себептен мұсылман елдерінде ориенталисттерге деген сенімсіздік пен күмән және жақтырмаушылық қалыптасқан. Ориентализмның қалыптасу, өркендеу және зерттеу әдістері бұл түсініктің рас екендігін дәлелдейді. Мысалы: Игнац Гольдциердің Хадис жайындағы зерттеулері, Гвиберт де Ногенттің Ислам тарихы еңбегі, Жозеф Саачтың Ислам құқығы жайында жазған еңбектері, Гибтің еңбектері Исламды тек жаман жағынан көрсету мақсатында жазылған еңбектер және ориентализмның алғаш басталу тарихының мақсатын тағыда нақтылай түскендей. Бұл еңбектер әлі күнге дейін әлемнің Ислам зерттеу оқу орындарында оқытылатын негізгі оқулықтар болып табылады. Яғни ориенталисттер Исламды зерттеуде обьективтілікті емес керісінше өз сенімдерімен біте қалыптасқан Исламға деген өшпенділіктері арқылы зерттеу жүргізген десек артық айтқан болмаймыз.
Құран, Хадис жайында жасалған көптеген зерттеулерде ориенталисттердің шынайы нәтижелерге жеткізуге жол бермейтін әдіснамалық қателері орын алып отырды. Дәлірек айтқанда, талдаулар көбінесе материалды-позитивистік пайым тұрғысынан жасалды, бұл өз кезегінде Ислами ілімдерді дұрыс ұғынуға мүмкіндік бермейді және ислам дүниетанымын объективті түрде түсіндіріп бере алмайды, себебі материалды-позитивистік көзқарас мүлдем өзгеше әдіснамаға негізделеді. Ориентализм ұғымы қате методология, «Исламды» қисық өлшем арқылы зерттеу, қабылдау және бұрмаланған күйінде басқаларға таныту методологиясы, ориенталистік түсінік Шығыс пен Батыс арасында онтологиялық қайшылық бар дегенді еш тартыссыз қабылдайтын аксиомалық ұстанымға негізделеді. Сондай ақ бұл түсінік Шығыстың образдарын негізінде қиялдан жасайды және бұл образдар әдетте Батысқа тиесілі жағымды образдарға қарама қайшы сипатқа ие болып келеді.
Ориентализмнің Шығыс жайында образдарына қатысты түсінікті үш топқа жинақтауға болады:
1) Шығыс – «деспотикалық» яғни шығыс халықтары, қоғамдары (әсіресе шығыстың ер адамы) қатыгез, қанышер болып келеді («шығыс деспотизмы» мен «Ислам қылыш діні»
2) Шығыс – «экзотикалық» яғни шығыс халықтары, қоғамдары таңғажайып, тылсым дүние;
3) Шығыс – «нәпсіқұмар» яғни шығыс халықтары, қоғамдары сезімдердің жетегінде кеткен, шығыс әйелі сенсуализацияланады (мысалы гарем, шығыс биі жайындағы мифтер осылайша ойдан шығарылған)
Осы орайда Боснияның президенті болған Алия Изетбегович: «Жануарлар әлемінде жеушілер бар және желінушілер бар. Сол секілді адамдар әлемінде танытушылар бар және танылушылар бар» - дейді.
Қазіргі күнімізде де әдебиет, көркемөнер, медиада тіпті, күнделікті өмірде осы образдар жоқ деп айта алмаймыз. Біздің санамызға осы ориенталисттік сипаттағы образдар кірген. Біз «өзімізге өз төл дүниетанымымызбен», өз призмамызбен қараймыз ба? Әлде біз өзімізді «бізге сырттай танылған көзқарастар мен образдар» арқылы көреміз бе?
Біздің қоғамда кейбір адамдардың өз халқына, өз тарихына, ана тіліне әсіресе Ислам дініне, Мұсылмандарға, Араб халқына және Осман халифатына (түріктерге) қарсы жаңсақ пікірлер, ұнатпаушылық көзқараста болуының негізгі себебінің бірі ориенталистік негіздегі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың және классикалық батыс әдебиетінің әсері ерекше. Алайда, сонғы жылдары Батыс елдерінде батыстық негіздегі гуманитарлық ғылымдардың біржақтылығын, ориенталистік негіздегі стереотиптік призмасын сынайтын, балама, альтернативті көзқарастар, түсініктер, ұстанымдарға негізделген еңбектер де көптеп шығып жатқаны үміт күттіреді. Ислам мемлекеттерінің Еуропаға жасаған көптеген шабуылдарына байланысты ислам қауіп ретінде қабылданды. Еуропалық христиан ғалымдары исламды бидғат ретінде қабылдаған сәттен бастап Мұхаммед пайғамбарға "алдамшы"деген белгі қойылды. «Bibliotheque» атты шығармадан түсінетініміз — ориентализмнің күш-қуаты мен тиімділігі оқырманға Шығысты түсіну үшін тек ориенталист ғалымның жазған тәсілдері мен кодтарын оқу арқылы жүзеге асатынын көрсетеді. Батыстың христиандық моральдық жүйесіне тек Шығыс қана емес, сонымен бірге Шығыстың материалдары және ориенталистердің еңбектері тәуелді болып отырды. Дантенің ислам және оның өкілдеріне поэтикалық жолмен көрсеткен кемсітушілігі мен ерекшеліктері — схематикалық, тіпті космологиялық деңгейде Батыстың географиялық, тарихи және моральдық түсініктерінің репрезентациясының дәлелі. Шығыс туралы немесе оның бөлігіне қатысты эмпирикалық мәліметтің қажеті өте төмен; маңызды мәселе — мен айтып келе жатқан ориенталистің көзқарасы, бірақ ол — тек кәсіби маманмен ғана шектелетін көзқарас емес, Батыстағы Шығыс туралы ойлайтын әр адамның көзқарасы. Мен жинақтап, ориентализм деп айтатын жалпы ұғымда философиялық тұрғыдан тіл, ой мен көзқарас (vision) — радикалды реализм. Ойын білдіру үшін ориентализм деген ұғымды пайдаланатын кез келген адам (Ш ығысқа қатысты сұрақты, обьектіні, сипатты және аймақты айтқанда әдеттегі нәрсе) шындыққа айналған немесе өзі шындық болған атауды, ұғымды пайдаланады. Риторикалық тұрғыдан, ориентализм абсолютті деңгейде анатомиялық және өлшемді: оның сөздігін пайдалану Шығысты нақтылау мен басқаруға икемді болатын бөлшектерге бөлуді білдіреді. Психологиялық тұрғыдан ориентализм — паранойялық форма, яғни әдеттегі тарихи білімнен өзгеше білімді білдіреді. Менің ойымша, бұл — қиялдан туған география және оның драматизмді шегарасының негізінде туындайтын бірнеше нәтижелер. Алайда бұл нәтижелер заманауи өзгеріске ұшырайды және бұл мәселеге мен келесі бөлімде тоқталмақпын. «Шығыс өзінің қиялымен, сәуле мен көлеңке үйлесімінің (chiaroscuro) сиқырымен арбап, жарық құдайларына қатер төндіріп, жеңілместен жыл жып келеді», — деген Мишленің аса қатерлі идеясының қаншалық қате (ақиқатқа қаншалық қайшы) болғанын түсіну үшін ғана ориентализмнің іс жүзіндегі жетістігін зерттеуіміз керек. Батыс пен Шығыстың арасында тартылған шегара Еуропаға тұрақты ықпал еткеніне қарамастан, осы аймақтар арасындағы мәдени, материалдық және зияткерлік қатынастар дамып, сансыз фазалардан өткен. Дегенмен Шығысқа қарай қозғалған Батыс болатын. Ориентализм — жалпылауыш термин және мен оны Шығысты сипаттауға арналған батыстық тәсіл ретінде қолданамын. Ориентализм — ол анықтау, зерделеу объектісіне айналған Шығысты жүйелі түрде зерттейтін пән. Сонымен қатар бұл сөзді мен қиял географиясы белгілеген шегаралық сызықтың шығысында пайда болған қиялдарды, образдар мен түсініктерді атау мақсатында қолданамын. Ориентализмнің бұл екі аспектісі бір-бірімен үндес (конгруэнтті), себебі екеуі арқылы да Батыс ешқандай кедергісіз және тура мағынасында Шығысқа қарай қозғалып отырды. «L’Asie a les prophetes, L ’Europe a les docteurs», — деп жазады ол «Le Genie des religions»» атты еңбегінде.62 Ш ығыс туралы сапалы білім классикалық мәтіндерді зерттеу арқылы ғана жүреді және содан кейін ғана оны заманауи Шығысқа қолдануға болады. Еуропалықтар Ш ығыстың классикалық заманынан алған көрегендікті тек еуропалықтар ғана пайдалана алатын. Заманауи Шығысқа бұл көрегендік еуропалықтардың дана үкімінің арқасында ғана даму мен жақсаруды дарытты. 1797 жылы Италияда өзінің келесі әскери жорығына дайындалған кезде, Наполеонның ойында үш нәрсе бар еді. Біріншісі, Англия әлі де қуатты ірі мемлекет болғанымен, Кампо-Ф ормио келісім шарты Францияның әскери күшін дәлелдеп, Наполеонға Шығыстан да әскери даңққа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Оның жас кездегі жазбаларында Мариньидің «Histoire des Arabes» атты еңбегіне жасаған қорытындысын көруге болады және, Жан Тиридің айтуынша, Ескендірдің Ш ығысы, әсіресе Мысырға қатысты оқиғалары Наполеонның қиялын жаулады. Сондықтан заманның жаңа Ескендірі сияқты Мысырды жаулау және Англияның есебінен жаңа исламдық отарға қол жеткізу қажеті даусыз болатын. Наполеонның Мысыр экспедициясына арнайы жинақтаған танымал «savants» тізімі қайталауды қажет етпейді. Оның негізгі ойы өзі құрған Institut d ’Egypte мүшелері арқылы экспедиция барысында қолға түскен ғылыми ақпараттың жанды архивін жасау еді. 1788 жылы жазылған «Considerations sur la guerre actuel de Turcs» атты еңбегін де аса маңызды деп есептеді. Қасиетті Елена аралында генерал Бертранға жаздыртқан «Campagnes d ’Egypte et de Syrie, 1798—1799» атты естеліктерінде Наполеон Вольнейдің еңбектеріне жиі сілтеме жасап отырған. Вольнейдің еңбегі — Ш ығысқа бет алған еуропалық үшін қиындықтарды жеңе білуге көмектесетін нұсқаулық кітапша. Вольнейдің ақылы: кітап оқу арқылы Шығыстың қиындықтарынан аман өтіп, оны бағындыра аласың. Наполеон Вольнейдің кеңестерін тікелей қабылдағанымен, өзіне тән қосымша қырағылық танытты. Arm4e d ’Egypte М ысырда пайда болған сәттен, 1798 жылғы 2 шілдеде Наполеонның Александрия халқына жолдаған сөзінде айтылғандай, мұсылмандарды «nous sommes les vrais musulmans» деген ойға иландыру жұмыстары жүргізіле бастады. Наполеон экспедициясының хроникасын жүргізген бірінші араб ғалымы Абд-ар-Рахман әл-Жибартиді таңғалдырған екі нәрсе болды: жергілікті халықпен байланысты орнату үшін Наполеонның ғалымдарды пайдалануы және Еуропа интеллектуалдық истеблишментімен жақын танысуы. Наполеонның Мысырдағы тактикасын 1513 жылы испан тілінде жазылып, үндістерге арналған Requerimiento тактикасымен салыстырып көріңіз: «Біз сендерді және сендердің әйелдерің мен балаларыңды құлдыққа аламыз. Оларды сатамыз немесе Ж оғары мәртебелі Испания королі мен королевасы қалағандай пайдаланамыз. Біз мүліктеріңді аламыз және бағынбаған вассалдарға қолданатын жазаны көрсетеміз т.б.
Оның пікірінше, басқа саяси амалдардың бәрі де нәтижесіз және қымбатқа түскен болатын. Гюгоның пікірінше, «Lui» атты поэмасы арқылы ол Наполеонның Шығыс экспедициясы кезінде қол жеткізген даңқын сәтті көрсете білді:
Au N ilje le retrouve encore.
L ’Egypte resplendit des feux de son aurore;
Son astre imperial se leve & I ’orient.
Vainqueur, enthousiaste, eclatant de prestiges,
Prodige, il etonna la terre des prodiges.
Les vieux scheiks veneraient I ‘emir jeune et prudent;
Le peuple redoutait ses armes inouies;
Sublime, il apparut aux tribus eblouies
Comme unMahomet d ’occident.
Үкім айтты ол Ніл бойында ұлысқа.
Мысыр оның шұгыласына малынып,
Мәртебесі асқақтады Шығыста.
Нар көтермес жетістік пен даңқы бар.
Оның аты Тәңірді де таң қылар.
Шейх біткен дәргейіне бас ұрып,
Қаймығады қылышынан қан құмар.
Көктен түскен пайгамбардай көреді
Оны мұқым жансыздар мен жандылар
Наполеонның көптеген ориенталист аудармашылары 1796 жылдың маусымынан бастап ecole publique-те бірінші және жалғыз араб тілінің мұғалімі Сильвестр де Сасидің шәкірттері болды. Бірақ мұсылмандармен қарым-қатынас Наполеонның Мысырды басқару жоспарының бір ғана бөлігі еді. Оның мақсаты — ерте заманның саяхатшылары, ғалымдары мен жиһангерлері арқылы ғана белгілі болған және Шығыстың жасырын бір бөлігі деп аталатын Мысырды француз ғылымының саласына айналдыру. Бұған текстуалдық және схемалық тәсілдің себеп болуы дәлел. Химиктер, тарихшылар, биологтер, археологтер, хирургтер мен антикварлардан тұратын институт әскердің ғылыми бөлімшесін құрады. Оларға қойылған өте батыл міндет — Мысырды заманауи Францияға айналдыру. Сондықтан аббат Ле Маскриенің 1735 жылғы еңбегімен салыстырғанда, Наполеонның «Description de I ’Egypte» атты бастамасы ғаламдық кеңістікті қамтыды. Мысырды оккупациялаудың бірінші сәттерінен бастап Наполеон ғылыми институттың тәжірибелерін, жиналыстарын бақылап, қазіргі заманның лексиконымен айтсақ, ғылыми зерттеудің куәгері болды. Аса маңызды мәселе, айтылған сөз, зерттелген нәрсе мұқият жазылды және, шын мәнінде, бұл жазбалар бір мемлекеттің басқа мемлекетті басып алуының шежіресі деп айтуға тұрарлық «Description de I ’Egypte» атты ғылыми еңбекке айналды, «Description de I ’Egypte» көлемді жиырма үш том болып, 1809 және 1828 жылдары басылды. Еңбектің ерекшелігі оның көлемінде немесе авторлардың интеллектуалдық деңгейінде ғана емес, назар аудартатыны — зерттеу пәніне деген көзқарас. «Африка мен Азияның аралығында орнығып, Еуропамен оңай байланысқа түсетін Мысыр көне құрлықтың төрінде орналасқан. Бұл мемлекет — ұлы тарихи зерденің мекені. Ол өнердің Отаны болып, қисапсыз ескерткіштерді сақтап келеді. Ғибадатханалары мен патшалары тұрған сарайлары әлі орындарында және олардың ең кеш салынған ғимараттары Троя соғысы дәуірімен қарайлас болғанымен, жер бетінен өшпеген. Гомер, Ликург, Солон, Пифагор мен Платон ғылым, дін және құқық салаларын оқу үшін Мысырға барған. Ескендір сол жерде салған қала ұзақ жылдар бойы сауда орталығы болып, онда Помпей, Цезарь, Марк Антоний мен Август Рим және әлем тағдырын шешкен. Сондықтан бұл мемлекет әрдайым әлем билеушілерінің назарында. Әлемнің әлеуеті артқан кез келген ұлт Мысырға қарай бет алып, оны табиғи тәуекелі деп санады». Өнердің, ғылым мен биліктің қайнар көзі болғандықтан Мысыр әлемдік деңгейдегі тарихи оқиғалардың сахнасы еді. Мысырды жаулау арқылы жаңа билік өзінің күшін көрсетіп, тарихи маңыздылығын дәлелдейтін. Мысырдың тағдыры жаулануында болатын және, негізінен, Еуропа тарапынан. Сонымен бірге Мысырды жаулаған жаңа билік тарихқа кіріп, Шығыстың даңқын асыратын Гомер, Ескендір, Цезарь, Платон, Солон және Пифагормен бір деңгейге көтерілетін. Қысқасын айтқанда, Шығыстың өмірі заманына қатысты құндылықтардан гөрі Еуропаның алыста қалған өткен шағы мен байланыстарынан құралған. Бұл — айтып келе жатқан таза текстуалдық, схемалық тәсілдің дәлелі. Өнер немесе текстуалдық еңбек Наполеон экспедициясының жалғыз нәтижесі емес. Сонымен бірге үлкен әсер қалдырған басқа ғылыми жобалар жасалды және солардың бірі ретінде Вольней сыйлығын алуға лайық, 1848 жылы біткен Эрнест Ренанның «Systeme compare et histoire generate des langues semitiques» (Семиттік тілдердің салыстырмалы жүйесі мен жалпы тарихы) атты еңбегін атауға болады. Келесі жобалар қатарында геосаяси бағыттағы Фердинанд де Лессепстің Суэц каналының құрылысын және 1882 жылы Англияның Мысырды оккупациялауын келтіруге болады. Осылардың арасындағы айырмашылық тек көлемінде ғана емес, сонымен бірге ориенталистік сенімде еді. Ренан өз еңбегінде Шығысты бар қалпында қайта тірілтті деп риясыз сенді. Де Лессепс болса, керісінше, көне Шығыста пайда болған жобаның жаңалығынан қорықты және бұл сезім 1869 жылы канал ашылған шараға қатысқан әр адамға берілді. «Tourist advertiser» атты басылымның 1869 жылғы 1 шілдеде шыққан санында Томас Куктің де Лессепс туралы энтузиазмы шексіз еді: «17 қараша күні ғасырдың ең толағай инженерлік ерлігі мәресіне жетеді және керемет инаугурацияны тамашалауға Еуропаның барлық патшалықтарынан арнайы өкілдер жиналады. Шын мәнінде, бұл — аса ерекше оқиға. Еуропа мен Шығысты біріктіретін су жолын салу ғасырлар бойы гректерді, римдіктерді, саксондықтар мен галлдарды толғандырған. Бірақ соңғы жылдары ғана заманауи өркениет жетістігінің арқасында және әлі де ізі қалған екі теңізді біріктірген перғауындардың каналын қалыпқа келтіру мүмкіндігі туды... Қазіргі жұмыстардың бәрі де көлемді, бірақ Шевалье де Сен-Стостың жазған шағын памфлетіне назар аударсақ, Фердинанд де Лессепстің дарындылығы таңғаларлық, себебі тек осы кісінің табандылығы, байсалды ерлігі мен көрегендігі ғасырлар бойы арман болған нәрсені шындыққа жеткізді... бұл дода Батыс пен Шығыс елдерін жақындастырып, екі түрлі заманның өркениеттерін біріктірді». Ескі идеялар мен жаңа тәсілдердің комбинациясы, XIX ғасырға деген түрлі көзқараста өмір сүріп жатқан мәдениеттер арасында байланыс орнату, жаңа технологиялар мен интеллектуалды жігердің бұған дейін тұрақты және оқшау өмір кешкен Шығыс пен Батыс сияқты екі географиялық бөлікке әсері, міне, Куктің түсінгені, әрі де Лессепс осындай пікірді журналдар мен баяндамаларында және хаттарында насихаттады. 1862 жылы Француз академиясы каналға арналған эпикалық поэмаға арнайы жүлде тағайындады. Жүлдені еншілеген Борньенің гиперболалары де Лессепстің суреттегеніне және оқиғаның өзіне қайшы келмейтіні бірден аңғарылады:
Жұмысқа жұмыл! Франция азаматтары,
Әлемге жаңа жол салып беріңдер!
Ер жүрек аталарың осы жерге дейін жетті,
Сендер де қайсар қаһарман болыңдар,
Олар сияқты пирамидалардың қасында шайқасқа түстіңдер,
Төрт мың жыл қайта қарап тұр сендерге!
Иә, бұл бүкіл әлем үшін керек! Азия мен Еуропа үшін,
Алыста қараңғыда жатқан елдер үшін,
Зымиян қытай, аш үнділер үшін,
Бақытты, азат, батыл және мейірімді халықтар үшін,
Қатыгез халықтар мен құл болған адамдар үшін,
Иса Мәсіхті әлі танымағандар үшін
1864 жылы күнделіктегі жазбасында ол Казимир Леконтенің келесі сөзін келтірген: «Эксцентрикалық өмір ерекше қабілетті адамды қалыптастырады, ал ерекшеліктен ұлы және бұрын болмаған табыстар шығады». 1869 жылы болған каналды ашудың салтанатты шарасы де Лессепстің авантюралық идеяларының айқын көрінісі еді. Жылдар бойы жазған баяндамалары, хаттары мен памфлеттері театрлық сөздер мен жалын-жігерге толы болатын. Нәтижеге қол жеткізу үшін де Лессепс өзі туралы айтқанда «біз жасадық», «күрестік», «орнаттық», «қол жеткіздік», «әрекет еттік», «таныдық», «табандылық көрсеттік», «ілгері жылжыдық» деген сөздерді қолданатын. Сонымен қатар ол әрдайым «бізді еш нәрсе тоқтата алмайды», «мүмкін емес нәрсе жоқ» және өзі ойлаған, анықтаған және аяғына дейін жеткізген «соңғы нәтижеден басқаның бәрі мағынасыз» дегенді жиі қайталайтын. «Қазіргі сәт тек біздің ғасырымыз үшін емес, бүкіл адамзат тарихындағы салтанатты сәттердің біріне айналды. Азия мен Африканың тоғысқан тұсындағы бұл мекенде бүгін жарты ай мен крест қатар қойылып, түрлімемлекеттердің жалаулары бірігіп, бұрын тек арман болған ойдың болмысқа айналуы ерекше шаттықпен тойлануда. Осындай ғажап нәтижелер саналы адамға қаншама ой беріп, бүгіні мен болашағын қуанышқа толтырып, қаншама үзілмес үміттер сыйлады!.. Жер шарының екі бөлігі жақындады, жақындаған сайын олар бір-бірін тани бастады, бір Кұдайдың балалары екенін білгесін, оларда бір-біріне деген бауырлық сезім пайда болады. Иә, Батыс! Иә, Шығыс! Жақындаңдар, бір-біріңді көріңдер, таныңдар, сәлем жолдап, бір-біріңді құшақтаңдар!.. Бірақ материалды жақтан басқа саналы адамға бұл сәт түрлі жеңістердің, яғни адамзат үмітінің мәңгілігін көрсетеді... (Құдай), Сенің қасиетті рухың осы жерге мәңгі нұрын төксін! Ол Батыстан Шығысқа және Шығыстан Батысқа қарай өтсін! Иә, Кұдай! Осы жолда адамдарды біріктіру үшін кәдеге жарата гөр!». Де Лессепстен кейін Шығыс басқа әлем деп ешкім айта алмайтын болды. Тек «біздің әлем», «бір әлем» бар деген ұғымдар келді, себебі Суэц каналы әлемдер арасында айырмашылық бар деген жершілдердің дәлелін жоққа шығарды. Сондықтан «шығыстық» деген ұғым демографиялық, экономикалық, әлеуметтік факторларға тәуелді әкімшілік немесе үкіметтік ұғымға айналды. Бальфур сияқты империалист немесе Дж.А. Гобсон сияқты антиимпериалист үшін шығыстық деген ұғым африкалық сияқты географиялықтан гөрі нәсілдік ерекшелікті айқындайтын ұғымды білдіретін болды. Де Лессепс Шығыстың географиялық идентификациясын өшіріп, ислам қатерін аяғына дейін жойды. Жаңа категориялар мен тәжірибелер пайда бола бастады.
ДАҒДАРЫС Белгілі бір нәрсе немесе адам туралы текстуалдық тәсіл арқылы пікір айту түсініксіз көрінуі мүмкін, бірақ Вольтердің «Кандид» шығармасындағы көзқарасын немесе Сервантестің «Дон-Кихот»» шығармасында болмысты сипаттауын еске алсақ, бұл ұғымды түсіну жеңілдейді. Бұл жазушыларға нақты түсінікті болған нәрсе — адамдар өмір сүріп жатқан проблемалық, түсініксіз, шиеленіскен болмысты тек кітап мәтіні арқылы түсіну мүмкін еместігі. Кітапта айтылғанды өмірмен тікелей байланыстырудың үлкен қауіпке әкелетіні сөзсіз. Айталық, Қауымдар палатасын түсіну үшін Библияны пайдаланбайтыны сияқты, XVI ғасырдағы (немесе осы замандағы) Испанияны түсіну үшін ешкім «Amadis o f Gauh-ды оқымайды. Бірақ адамдар өте қарапайым түрде мәтіндерді пайдаланып келеді, нақ осы себептен «Кандид»» пен «Дон-Кихот»» оқырмандар үшін маңыздылығын жоғалтпады. М әтіннің схемалық тәсілін адами қарым-қатынас орнына пайдалануды әдеттегі қателіктер қатарына жатқызуға болады. Бірақ бұл үнемі кездесетін қателік пе, әлде белгілі бір жағдайда текстуалдық тәсілді пайдалану қажет пе? Текстуалдық тәсіл екі жағдайда қажет болады. Біріншісі адам бұған дейін беймәлім, алыс және қорқынышты құбылыспен бетпе-бет кездескенде. Осындай жағдайда ол білімімен қатар, бұған дейін кітаптарда жазылған ақпаратқа сүйенуі керек. Саяхат кітапшалары мен саяхат нұсқаулықтарын мәтіннің «табиғи» түрі деп айтуға болады, олардың құрылымы мен пайдаланудағы логикасы шетелдегі түсініксіз және қауіпті жағдайда саяхатшы адамға сүйеніш болады. Көптеген саяхатшылар жаңа елдегі тәжірибелер кітаптарда жазылғаннан деп айтады. Әрине, саяхат кітаптарын жазған авторлар сипаттап отырған елдерін осындай немесе осыдан жақсы, түрлі түске толы, қымбат және қызық т.б. деп сипаттау үшін жазады. Бұл мысалдардағы негізгі ой — кітаптарда (мәтінде) сипатталған адамдар, мекендер мен тәжірибелер шынайы өмірден артық сипатталып, өзгеше болуы мүмкін. Фабрицио дель Донгоның комедиялық формада Ватерлоо шайқасын іздеуі оның шайқасты таба алмауында емес еді. Мәселе оның мәтіндерде оқыған нәрсесін іздеуінде болатын. Екіншісі — мәтіндерден сәттіліктің көрінісін іздеу. Мысалы, біреу кітаптан арыстандардың айбатты екенін оқып (әрине, мен өте қарапайым формада айтып отырмын) өмірде айбатты арыстанмен кездессе, онда арыстандар туралы жазған 85 ОРИЕНТАЛИЗМНІҢ АУМАҒЫ автордың кітаптарын қайта оқуы әбден ықтимал. Бірақ кітапта айбатты арыстанды кездестіргенде не істеу керектігі туралы нұсқаулық берілсе және сол нұсқаулықтар сәтті шықса, онда кітап авторының беделі жай ғана өспей, оған басқа тақырыптарда шығармашылығын жалғастыру мүмкіндігі ұсынылуы мүмкін. Күрделі диалектикалық байланыстардың себебінен оқырманның өмірдегі тәжірибесі оның оқығанына тікелей қатысты, ал бұл өз кезегінде оқырманның болған тәжірибесі жазушыға тақырып таңдауға әсер етеді. Айбатты арыстанға қарсы тұруды үйрететін кітаптың негізінде арыстандардың айбаты, айбаттың табиғаты т.б. ұқсас кітаптарға себеп болуы мүмкін. Аналогия бойынша келсек, мәтіннің екпіні тақырыпқа қарай ауысқан сайын, арыстанның өзі емес, оның айбаттылығы сияқты, арыстанның айбатына төтеп беру туралы мазмұн, шын мәнінде, оның айбаттылығын күшейте түседі, арыстанның болмысы айбатты болуында екенін паш етеді, түпнегізінде бұл біздің білетініміз немесе жалғыз ғана білетініміз болады. Жоғарыда келтірген мысалмен аналогиялық жағдайда пайда болған маңызды ақпаратты меңзейтін мәтінді оңайлықпен ұмыту қиын. Оның негізінде тәжірибе жатыр. Ғалымдар, институттар мен өкіметтер осындай мәтіннің беделін асырады. Ерекше маңызды мәселе ол осындай мәтіндер тек білім ғана бермей, сонымен қатар сипаттап отырған тақырыптың шынайы болмысын жасайды. Уақыт өте келе, аталған білім мен шынайы болмыс дәстүрге айналады, немесе Мишель Фуконың тілімен айтсақ, автордың дарындылығынан гөрі пайда болған дәстүрдің материалдық болмысы және қоғамдағы салмағы қосымша мәтіндердің пайда болуына себепкер. Мысал ретінде Флобердің «Idees recues» («Тасқа басылған ойлар») атты каталогіндегі ақпарат бірліктерінен құралатын мәтінді келтіруге болады. Осы айтылған ойлардан кейін Наполеон мен де Лессепске қайта оралайық. Олардың Шығыс туралы азды-көпті білгендері «Idees recues» кітапханасындағы ориентализм дәстүрімен жазылған кітаптарға негізделген еді. Олар үшін Шығыс алдарынан шыққан айбатты арыстан сияқты еді, себебі мәтін осындай Шығысты жасады. Бұл Шығыс үнсіз болды, Еуропаға қалаған жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік бергенімен, туғандарына жауапсыз және өзгенің жобаларына, қиял-армандары мен ұғымдарына қарсы тұруға қауқары жетпеді. Осы тараудың басында мен Батыстың жазуы (оның нәтижелері) және Батыс мәдениетінің қуаты мен билікке құмарлығының әсерінен үнсіз қалған Шығыс арасындағы байланыс туралы айтқан едім. Бірақ аталған мәдени қуаттың басқа қырына назар аударсақ, ол ориенталистердің дәстүрі мен мәтіндік тәсілінің Ш ығысқа жасайтын қысымына тікелей тәуелді келеді, себебі оның өмірі бар және бұл өмірдің ұзақтығын айбатты арыстандар туралы кітаптармен салыстыруға болады, яғни арыстандар бұл кітаптарға жауап бергенге дейін. Ш ығысқа қатысты жоспар құрғандардың арасынан Наполеон мен де Лессепске қатысты сирек перспективаның бірін алсақ, бастаған жобаларының жүзеге асуы ориентализм дискурсынан Ш ығыстың үнсіздігіне, қауқарсыздығына байланысты еді және осының бәрі Наполеон мен де Лессепстің әрекеттерін шындыққа айналдырып, оларға мазмұн мен мағына берді. Ориентализмнің дискурсы және оны жүзеге асыратын мүмкіндіктер (Наполеонның жағдайында Батыстың 86 ДАҒДАРЫС әскери басымдығы) оларға «Description de I’Egypte» атты еңбекте сипатталатын шығыстықтарды және де Лессепс Суэцті кесіп өткендей, көктеп өтуге болатын Шығысты берді. Бұған қоса, ориентализм оларды жеңіске әкелді, алайда бұл пікірге шығыстықтардың ешқандай қатысы жоқ. Басқа сөзбен айтқанда, бұл жеңістегі шығыстық пен Батыс адамдар арасындағы қарым-қатынасты Judge’s-те (аудармашыдан: кезінде танымал болған Британиялық операның атауы) айтылған «Мен өзіме айттым, Мен айттым» (said I to myself, said I) деген сөздермен сипаттауға болады. Ориентализмді Батыстың Ш ығысқа түсірген және басқаруға арналған проекциясы деп ойласақ, онда бірнеше күтпеген жайтты кездестіреміз. Мишле, Ранке, Токвиль және Буркхардт сияқты тарихшылардың нарративті «ерекше бағыттағы тарихты»87 құрастыру мақсатында пайдаланғандары шындық болса, онда ғасырлар бойы Ш ығыстың тарихын, мінезін және тағдырын жасаған ориенталистердің әрекеті де — шындық. ХІХ—ХХ ғасырларда ориенталистердің саны айтарлықтай көбейді, себебі қиялдағы география мен шынайы географияның ауқымы тарылды, Ш ығыс пен Еуропаның қарым-қатынасы жаңа нарық, ресурс пен колонияларды іздеу мақсатындағы экспансияға негізделді, ориентализм ғылыми дискурстан империялық институтқа айналу атты дербес метаморфозасын аяқтады. Бұл метаморфозаның дәлелін мен айтқан Наполеон, де Лессепс, Бальфур мен Кромерден көруге болады. Олардың Ш ығыстағы жобаларын тек бір қарағанда ғана көреген, данышпан адамдардың әрекеті ретінде қарастыруға болады (Томас Карлейльдің қаһармандарына теңестіріп). Ш ын мәнінде, д ’Эрбело мен Дантенің схемасын еске алсақ және оған модернизацияланған қозғаушы күшті қосып (XIX ғасырдағы еуропалық империя сияқты), әрі оған позитивті бағыт берсек, онда Наполеон, де Лессепс, Кромер мен Бальфурлардың ерекше қасиеттері болмаған. Өйткені ешкім Шығысты онтологиялық тұрғыдан жоя алмайды (д’Эрбело мен Данте бұны білген болар), жалғыз жол — оны игеру, онымен қарым-қатынас орнату, сипаттау, жақсарту және түбегейлі өзгерту ғана. Менің айтар ойым Шығысты текстуалдық жолмен түсінудің, сипаттау мен анықтаудың қолданбалы мақсатқа ауысқаны туралы еді және ориентализмнің осыған әсері зор болатын (тіке мағынада айту мүмкін болса, «абсурдты ауысу» дер едім). Сонымен, ориентализм таза ғылым саласы ретінде (мүддесіз және абстрактілі таза ғылым саласы ретінде айту қиын болғанымен, интеллектуалдық тұрғыдан қабылдасақ болады) біраз нәтижелерге қол жеткізді. XIX ғасырдағы ұлы кезеңде ол көптеген ғалымдарды шығарды, ол Батыста оқытылатын тілдердің санын көбейтіп, аударылған, сараланған және сарапталған манускриптердің санын ұлғайтты, көп жағдайда ол Ш ығысқа оң қабақпен қарап, санскрит грамматикасын, финикиялық нумизматиканы және араб поэзиясын тамаша зерттеген мамандарға жол ашты. Бірақ осы пікірге қарамастан, біз нақты айтуымыз керек, ориентализм Шығысты басып озды. Шығыс туралы ойлау жүйесі ретінде ол әрқашанда жеке адами детальдан бастау алып, жалпы адамзаттық деңгейге өтетін, мысалы, X ғасырда өмір сүрген араб ақыны туралы зерттеу жұмысы шығыстық менталдылықтың Мысырдағы, Ирактағы немесе Арабиядағы саяси бағытына (әмбе болмысына) әкелетін. Осыған ұқсас, Құрандағы жолдар мұсылмандардың табиғи сезімталдығының жақсы ОРИЕНТАЛИЗМНІҢ АУМАҒЫ дәлелі ретінде қарастырылатын. Ориентализм Шығысты Батысқа ұқсамайтын (дәлел болар себептері ғасырдан-ғасырға ауысып отырды) және өзгермейтін құбылыс ретінде қарастырды. XIX ғасырдан кейін қалыптасқан ориентализмнің ұстанымдары ешқашан қайта қарастырылмаған. Осының бәрі Кромер мен Бальфурдың Шығыстың зерттеушілері мен басқарушылары болуына еш даусыз жол ашты. Саясат пен ориентализмнің жақындығы немесе сыпайы түрде айтсақ, Шығыс туралы ориентализм идеяларының саяси мақсатта пайдаланылу мүмкіндігі — аса маңызды және нәзік шындық. Бұл қаранәсілділер туралы немесе гендерлік бағыттағы зерттеу салаларында айыптау немесе ақтау, ғылыми бейтараптық немесе топтық мүддені қорғау сияқты шешімдерге себеп болуы ықтимал. Бұл — адам санасында мәдени, нәсілдік, тарихи жалпылауға және оларды пайдалану мен бағалауға объективтілік деңгейі мен түпкілікті ниетіне қатысты қарсылық. Бірақ бәрінен бұрын назар аудартатын нәрсе — Батыс ориентализмі Шығыс пен Шығыс адамын кемсітілген нысаны ретінде қарастырудың арқасында дамыды. Әнуар Әбділ Мәлік сипаттағандай, саяси қожайын мен құлдың қарым-қатынасынан басқа нәрсе шығыстанған Шығыс сияқты құбылыс шығара ала ма екен? а) Проблема мен проблемалық деңгейде ... Шығыс пен Шығыстың адамдары (ориентализммен қарастырылатын) зерттеу «объектісі ретінде» өзгешелік деген таңбамен белгіленген кез келген өзге «субъект» немесе «объект» сияқты, бірақ бұл жағдайда өзгешелік конститутивті, мызғымас табиғи мінез ретінде қарастырылады. Осындай «объект» — әдеттегідей енжар, процеске қатыспайтын «тарихи» cубъективтілігі бар құбылыс, сонымен қатар ол белсенді де емес, автономдылықтан ада, өзіне тиесілі дербестігі болмайды: «субъект» деп аталатын Шығыс, Шығыс адамы экстремалды деңгейдегі шектелгендікретінде қарастырылып, философиялық тұрғыдан айтқанда, ажыратылған болмыс, яғни өзгелер арқылы ғана анықталып, танылып әрекет етеді. ә) Тақырыптық деңгейде ориенталистер зерттеу нысаны ретінде Шығыс мемлекеттерін, ұлттары мен адамдарын қарастырғанда, олар туралы ортақ мәндік (эссенциялық) концепцияны қабылдаған. Бұл концепция айқын этникалық типологияға негізделді... және азуақыттың ішінде нәсілшілдікке ұласты. Дәстүрлі ориенталистердің пікіріне сәйкес, осында белгілі бір мәннің (essence) болуы қажет (кейде айқын метафизикалық тілмен түсіндірілетін), яғни барлық айтылатын болмыстың ортақтығын, ажырамастығын білдіру үшін. Бірақ тарихтың бастауынан келе жатқандықтан, бұл мәннің «тарихи» сипатымен қатар түбегейлі «бейтарихи» сипаты да бар, себебі ол барлық мемлекеттер, ұлттар, адамдар мен мәдениеттерді тарихи эволюцияның нәтижесі ретінде қарастырудың орнына, зерттеу «объектісін» бөлінбейтін және дамымайтын ерекшелік деп таниды. Сонымен, мәселе типологиямен аяқталады, шынайы ерекшелігі болғанымен тарихтан ажыратылған, демек, сезілмейтін, бірақ мәнді, яғни ол зерттеу «объектісін» басқа болмыс ретінде қарастырып, зерттелетін субъектіге трансцедентті қасиет дарытады. Нәтижесінде хомо синикус (homo Sinicus), хомо арабикус 88 ДАҒДАРЫС (хомо египтикус деп неге айтпасқа), хомо африканус және әдеттегі адам пайда болады, осындағы «әдеттегі адам» дегеніміз — Греция антикасынан бері келе жатқан, белгілі бір тарихи кезеңде өмір сүретін еуропалық адам. Осыдан әркімге түсінікті болатын нәрсе, Маркс пен Энгельс әшкерелегендей, X V III ғасырдан бастап X IX ғасырға дейінгі кіші халықтарды басқару гегемонизмі, Фрейд түсіндірген антропоцентризмі гуманитарлық салада, әсіресе еуропалық емес ұлттармен қарым-қатынас кезінде европоцентризммен байланысты еді,№ Әбділ М әліктің пікірінше, ориентализмнің өзіндік тарихы бар және ол XX ғасырдың «Шығысына» сәйкес жоғарыда айтылған тығырыққа әкеледі. Енді осы тарихқа назар аударып, оның XIX ғасырдан бастап салмақ пен күш жинауын және европоцентризммен бірге кіші ұлттарға қатысты гегемонизміне, антропоцентризміне қалай қол жеткізгенін нақтыласақ. XVIII ғасырдың соңғы онжылдығынан бастап кемінде бір жарым ғасыр бойы Британия мен Франция ориентализм саласының көшбасшылары болды. Джонс, Франц Бопп, Якоб Гримм Ш ығыстан Париж бен Лондонға жеткізілген қолжазбалардың арқасында салыстырмалы грамматика саласында керемет филологиялық жаңалықтар ашты. Кез келген ориенталист өз мансабын филолог ретінде бастаған және Бопп, Саси, Бюрнуф пен олардың шәкірттерінің филологияда жасаған революциялары компаративті ғылымға қатысты еді және оның негізі — тілдер белгілі бір топтарға жатады, солардың ішінде үндіеуропалық және семиттік топтар — ең маңыздыларының бірі. О бастан ориентализмнің екі сипаты болды: (1) жаңадан пайда болған өзіндік ғылыми сана Ш ығыстың Еуропа үшін лингвистикалық маңыздылығына негізделді; (2) Ш ығыс туралы өзгермес, ортақ және радикалды ерекшелігі бар объект деген — ойлау бағытын сақтай отырып, зерттеу объектісін әрдайым бөліп, қайта бөлшектеп отыру тенденциясы. Осы екі сипаттың үйлесімін Парижде санскрит тілін үйренген Фридрих Шлегель анық көрсетті. 1808 жылы « Uber die Sprache und Weisheit der Indier» атты еңбегі шыққанда ол ориентализмнен бас тартты, Шлегель санскрит пен парсы тілі, грек және неміс тілдеріне семит, қытай, Америка мен Африка тілдерінен гөрі жақын деп санады. Бұған қоса, үндіеуропалық топ семиттік топпен салыстырғанда, көркемдігі жағынан жеңіл әрі түсінікті еді. Ұлттар, нәсілдер, ойлар мен адамдар туралы әуестігі өмір бойы жалғасқан (бірінші болып Гердер айтқандай, популизмге дейін төмендеу қаупі болса да) Шлегельді осындай абстракциялар мүлдем мазаламаған еді. Бірақ Шлегель ешқашан жанды һәм заманауи Шығыс туралы тіс жармады. 1800 жылы «жоғары деңгейдегі романтизмді біз Шығыстан іздеуіміз керек» деген сөзі Шакунталаның, Зенд-Авестаның және Упанишадтың Шығысы туралы еді. Тілдері агглютинативті, эстетикадан алыс және механикалық саналған семиттер болса, өзгеше, артта қалған, кембағал еді. Шлегельдің тіл мен өмір, тарих және әдебиет туралы дәрістері осындай дискриминацияларға толы болып келеді. Оның пікірінше, еврейлер пайғамбарлық пен әулиелілік үшін жаратылса, мұсылмандар туралы айтатыны — «өлі, мағынасыз теизм мен негативті сипаттағы унитарлы сенім». ♦ ОРИЕНТАЛИЗМНІҢ АУМАҒЫ Шлегельдің семиттер және «төмен дәрежедегі» Шығыс адамдары туралы нәсілшілдік ойлары еуропалық мәдениетте кеңінен тарады. Бірақ XIX ғасырдағы дарвиндік антропологтер мен френологтерге дейін бұл ойлар тек салыстырмалы лингвистика мен филологияда ғана ғылыми негізін тапты. Тіл мен нәсіл арасындағы байланыстың айқын көрінетіні анық, сондықтан «жақсы» Шығыс дегеніміз, сөзсіз классикалық заман, яғни алыс тарихта қалған Үндістан, ал «жаман» Шығыс дегеніміз — осы күнгі Азия, Солтүстік Африканың бөліктері мен барлық жердегі ислам. «Арийліктер» Еуропа және көне Ш ығыспен шектелген. Леон Поляков көрсеткендей (бірақ «семиттер» қатарына еврейлермен бірге мұсылмандар да жататын90), арийлік мифтің тарихи және мәдени антропологиядағы басымдығы «кіші» ұлттар есебінен болды. XIX ғасырдағы танымал ғалымдардың ойға келген есімдерін атаған күннің өзінде, олар ориентализмнің интеллектуалдық шежіресіне кірген Гобино, Ренан, Гумбольдт, Штейнталь, Бюрнуф, Ремюза, Палмер, Вайль, Дози мен Мюр болады. Сонымен бірге бұл шежіре әлеуеті жоғары болған ғылыми орталықтарды да қамтиды: 1822 жылы ашылған «Societe asiatique», 1823 жылы негізі қаланған «the Royal Asiatic Society», 1842 жылы ашылған «the American Oriental Society» т.б. Ориентализмнің осындай ресми шежіресі салаға үлкен үлес қосып, түрлі ерекшеліктерді күшейте түскен көркем әдебиет пен саяхатты сипаттаған әдебиеттің маңызынан бас тартуы мүмкін. Бірақ мұндай елемеу қате болады, себебі ислам Ш ығысына қатысты аталған әдеби шығармалардың саны мүлдем көп және олардың ориентализм дискурсын жасаудағы рөлі айрықша зор. Бұл әдеби шығармалардың авторлары қатарында Гёте, Гюго, Ламартин, Шатобриан, Кинглейк, Нерваль, Флобер, Лейн, Бёртон (Burton), Скотт, Байрон, Виньи, Дизраэли, Джордж Элиот пен Готье бар. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген Даути, Баррес, Лоти, Т.Э. Лоуренс пен Фостерді атауға болады. Осы жазушылардың бәрі — Дизраэлидің «Ұлы азиялық жұмбақ» деп атаған құбылыстың нобайын жасағандар. Осы жұмысқа Месопатамия, Мысыр, Сирия мен Түркияда жүргізілген археологиялық қазба жобаларымен (еуропалықтардың күшімен) бірге бүкіл Шығыс бойынша жасалған географиялық экспедициялар да елеулі үлестерін қосты. XIX ғасырдың аяғына таман Еуропаның Таяу Шығысты (1918 жылға дейін Осман империясының құрамында болған кейбір өңірлерді есепке алмағанда) отарлауының нәтижесінде бұл жетістіктер материалдық тұрғыдан күшейтілді. Қайтадан негізгі отар иеленуші мемлекеттер Британия мен Франция болса, олардың қатарында Ресей мен Германия да белгілі бір деңгейде өз саясаттарын жүргізіп отырды.91 Отарлау мүддені анықтауды білдіру деп саналғанымен, шын мәнінде, сол мүддені коммерциялық, коммуникациялық, діни, әскери және мәдени бағыттарда қалыптастыру болатын. Ислам мен ислам тараған аумақтарда Британия қауіпсіздік мақсаттарында христиандық мемлекет ретінде өз мүдделерін заңдастыруы керек еді. Осы мүдделерді қорғау мақсатында күрделі аппараттық жүйелер пайда бола бастады. Осыған орай, христиан білімін тарату қауымдастығы (1698), Інжілді шетелде насихаттауға бағытталған қоғам (1701), Баптист миссиясының қоғамы (1792), 90 ДАҒДАРЫС шіркеу миссиясының қоғамы (1799), Британияның және шетелдердегі библиялық қоғам (1804), христиандықты еврейлер арасында насихаттауға арналған Лондон қоғамы (1808) сияқты түрлі тақырыпта жұмыс істейтін мекемелер құрылды. Бұл миссиялар «Еуропа экспансиясына ашық араласты».92 Осыған сауда қоғамдарын, білім қоғамдарын, географиялық зерттеу қорларын, аударма қорларын қосыңыз, қосымша Шығыстағы мектептер, миссиялар, консулдық кеңселер, фабрикалар және кейде үлкен Еуропадан келген қауымдастықтар тағы бар. Осыдан «мүдде» деген сөздің мағынасы ашылады. Одан кейін мүдделер үлкен ынта және шығындармен барынша қорғалды. Бірақ менің айтқаным — тек жалпы мысал ғана. Ориентализмнің көмегімен саяси жаулап алулардың және ориентализмнің ғылым ретінде дамуындағы әдеттегі тәжірибе мен эмоциялардың арақатынасы қандай? Біріншіден, заманауи Ш ығыстың мәтінде сипатталғаннан өзгешелігін атауға болады. 1843 жылы Жерар де Нервальдың Теофил Готьеге жазған хатынан үзінді келтірсек: «Қиялымдағы көріністі іздеумен патшалықтан-патшалыққа өттім, өңірден өңірді құр бекерге араладым. Бірақ мен үшін ең өкініштісі Мысыр болды. Ол қиялымнан біржолата өшті, армандаған көрініс тек ескі арман күйінде қалды».