I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары


Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері



бет14/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98
4. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері
Дамудағы кемістік-қандайда бір жағымсыз үрдістің себебінен болатыны анық. Бұл жұқпалы ауру, жарақат немесе адам ағзасының функционалдық құрылысын жарақаттауға әкеліп соғатын тұқым қуалаушылық себептері де болуы мүмкін, сондықтан кемтар балалар медициналық көмекті аса қажет етеді. Ал арнайы педагогика емдеу арқылы жойылматын кемістікті, емдік шаралармен жеңілдету жолдарын қарастырады, көмектеседі. Сондықтан арнайы педагогика адамзат биологиясымен медицина және оның салаларымен (анатомия, физиология, психотерапия, нейрофизиология, невропатология, генетика, офтальмология, педиатрия, отоларингология, сурдология, т.б.) тығыз байланысты. Аталмыш медицина салалары арнайы педагогиканын клиникалық негіздерін қалайды.
Арнайы педагогика үшін клиникалық негіздер маңызды мүмкіндік береді, олар:

  • дамудағы кемістіктің биологиялық және әлеуметік себептерін көру;

  • ағзада болған өзгерістің маңызын түсіну;

  • кемтар балалардың даму ерекшеліктерін түсіну;

  • сақталған органдар, онализатор және жүйе негізінде компенсаторлы жолдарды анықтау;

  • арнайы педагогиканың әрбір пәндік саласы ішкі педагогикалық жүйесі мен класификациясын құрастыру;

  • дамудағы кемістіктің алдын алу бойынша сауықтыру шараларын жургізу;

  • кемтар тұлғаларды түзету үрдісін медициналық, психологиялық жағынан ұштастыру.

Болашақ ата-аналар ең алғаш медициналық-генетикалық немесе әйелдер консультацияларына барғанның өзіңде тәуекелділік факторлар анықтай алады. Дамуында кемістігі бар баланың дүниеге келуін болжау (жүктіліктің алғашқы 12 аптасы) бастап туғанға дейін акушер гинеколог жүргізеді. Екінші кезендегі шараларға толғақты қабылдаудың дұрыс тактикасы мен техникасы жатады.
Ауытқудың қандай себебінен пайда болуына қарамай олардың бәрлеріне медициналық көмек керек. Қандай да медициналық көмек болмасын, ол диагностикадан басталады. Диагностика - себептерін, ауытқудың құрамын анықтайды. Медициналық тексерулер жүргізіледі, тексерулер арқылы емдеу шаралары мен емделу мүмкіндіктерін анықталады. Емдік шаралардың нәтижесі ойдағыдай болмаса, онда аурудың себебін қайта анықтау қажет (бұл аурудың өзін емдемеу, аурудың себебін тоқтату, жеңілдету). Адамның қалыпты өмір сүруін, өмірлік әрекетін игеру үшін үлкен үмітті арнайы педагогикаға артамыз. Арнайы педагогика тұлғаның ауытқуына қарамастан, адамдарды өмір дағдыларын оңай меңгеруге, нығайтуға, дамытуға үйретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет