Оқытудың беріктігі Арнайы оқыту процесінде білімнің беріктігіне қол жеткізу үшін көптеген факторлар әсерін тигізеді. Бұл оқыту принциптерді жүзеге асыру, педагогикалық шеберлік, оқушының оқу ынтасы, оқуға деген қызығушылығымен жалпы даму деңгейіне тәуелді.
Білімнің ұзақ сақталуына көптеген обьективтік және субьективтік факторлар, атап айтқанда, баланың мектептен тыс оқушының жеке өмір жағдайы ықпал етеді. Оқытудың беріктігінің шешетін мәселесі оң факторлардың ықпалын күшейтіп, теріс факторлардың рөлін төмендету, жою. Арнайы мектепте оқушылардың даму мүмкіндіктеріне сүйену, сақтаулы анализаторларды белсенді пайдалану қажет.
Оқытудың беріктігі принципінің мазмұнын құрайтын манызды жол берілген оқу материалының басты мәселесін бөліп алу.
Сабақта хабарланатын білімдер өзара шарты байланыста болатын бөліктер мен буындас жиынтықтан тұрады. Зерттелетін білімдегі негізгі ой оқу басқа бөліктерінің логикалық терең қағиданы қарастырады. Сабақтың бір мазмұнының өзі оқушының зерттелетін білімінің логикасын анықтауына, басты қағиданы бөліп ала білуіне байланысты ақылдың, дамуына әр түрлі ықпал жасайды. Оқу материалын оқушының аса терең түсінуін логикалық айқын және түсінікті басты ойлар мен қағидаларын бөлуін күшейтеді.
Негізгі ой оқушы меңгерген білімімен тығыз байланыста болады. Негізгі мәселе ол жөнінде оқушының білетінімен байланысты болуы керек. Ал есте сақтауга қажетті материал қысқа, бала бойындағы кемістікке бейімделген болуы тиіс. Өткенді ұмыту оқу жұмысы біткен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі ұмытудың психологиялық зандылықтарымен сәйкес келуі қажет. Арнайы педагог оқу қарқыны төмендегенін байқаудан, кейінге қалдырмастан оның себебің анықтау қажет. Бұл жағдайдағы себептер, оқу процесіне қызығушылықтың болмауы және психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.Аталған ерекшеліктерді қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіру арнайы педагогтың шеңберінде.
Оқытудың жекелік сипаты. Оқытудың жекелік сипаты принципінің негізгі қағидасы адам танымындағы және дамуындағы жалпы, ерекшелік және даралықтың, үйреншікті мен жекенің, абстрактылық пен нақтылықтың диалектикасына негізделген. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу, оларга жеке қатынасты окыту барысында үйымдастыру үлкен мэн алады. Жас ұрпақты жан - жақты дамыту міндеттерін орындау үшін қогамдық омір мектептен баска да, қосымша құралдарды кептеп береді. Кемтар балалар ез кабілеттерімен мүмкіндікгеріне лайық түрлі үйірмелер мен секцияларға қатынасады. Балалар үшін радио, теледидар хабарлары, кино, диафильмдер, балалар әдебиеті мен театрларының үлкен танымдық мәні бар.
Отбасында бала өмірінің ұйымдастырылуы: материалдық жағдайы жастайынан өз бетіндікке, тәртіпке, еңбекке үйретілуі, еркелетілуі, үлкеннің ақылыссыз, жәрдемінсіз ештемеге қатынаспауы ересектердің ықпалынсыз өз құрдастарының арасында жүруі тағы басқа. Осының бәрі әр баланың жеке айырмашылықтарына әкеліп соғады.
Осымен қатар, арнайы мектеп оқушыларының тәртібі мен іс әрекеттерінде жеке айырмашылықтардың болуына жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі мен темпераменті де ықпал жасайды.
Арнайы мектепке қабылданатын балалардың жоғарыда аталған факторларға байланысты, білім қоры көлемі және тереңдігі жағынан әр түрлі болады. Сондықтан оқу себептері жоғарғы мәнге ие бола бастайды. Оқушылар дамуының әр түрлі деңгейі оларды жеке зерттеуді талап етеді. Оқытудың жекелік сипаты, принціпі оқытудың нақты міндеттерін белгілеуге және шешуге, оқушылардың білімі мен дамуының шамасын анықтауға
көмектеседі.
Білім нақты оқыту процесінде әрбір оқушымен жеке игеріледі. Дегенмен оқытуда білім жеке игеру деңгейі сынып, топ оқушыларында бір дәреже болуы мүмкін, әрбір баланың жеке дамуында жалпыны анықтауға болады. Осыдан оқыту процесінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуы мен тәрбиесі жалпылық ұғымдары, /категориялары/ шығады. Бұл — ең алдымен, балалар дамуының ортақ деңгейі, бірдей білім қоры, ойлау процестерінің бірдейлік сипаты, іс әрекеті мен тәрбінің ұқсастығы, әдетте бұндай ортақ деңгейлік оқуға қабылданатын жас шамасы бірдей балалар да болады. Ортақтык тек биологиялық даму емес, олардың өмір жағдайының ұқсастығы, білімінің мазмұны мен ойлау сипатынан да болады. Мұндай ортақтық неғұрлым жас балаларда болады. Арнайы мектеп оқушыларының психикалық ерекшеліктері оқытуда, арнайы құралдар пайдалану мен жеке дара ықпал ету арқылы әр оқушының оқу материалын өз деңгейінде түсіну мүмкіндігін қамтамас етеді. Бүл жерде оқушылардың жеке ерекшеліктері оқу міндетін шешуді үдететін немесе тежейтінін ұмытпауы керек.
Арнайы мектеп окушыларының жеке ерекшеліктері жұмыс қабілетінен, тәртібінен құрдастары арасындағы қарым - қатынасынан және орнынан мұғалімге қатынасынан ерекше көрінеді.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жеке ерекшеліктерін зерттеудің тәсілдері бар. Олар: оқушыны жоспарлы, жүйелі бақылау (бақылау күнделіктер толтыру); алдын ала жоспарланған жеке не топтық әңгіме; қосымша оқу міндеттері ол жөніндегі оқушының ой - пікірін талдау; баланың ұжымдағы орны (социометриялык әдістер); жолдастармен қарым -қатынас күйіне байланысты арнайы тапсырма беру; т.с.с. ен бастысы -баланы жан - жақты психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеп, оның нәтижелеріне сүйеніп, кемшіліктерін жою. Оқушының жеке ерекшеліктері оқу процесіне оң, бейтарап, теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының өзі оқушыға жеке қатынасты талап етеді. Он салаларды дамыту үшін кейде тек ата -анамен әңгімелесу жеткілікті. Басқа жағдайда мұғалім мен арнайы мектеп ұжымының төккен еңбегін қажет етеді. Дамуында кемісітігі бар оқушының танымдық әрекетен дамыту үшін арнай бағдарлама қажет. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ортақ психикалық және жеке ерекшеліктерін негізделген арнайы оқыту білімді, нәтижелі игеруге, баланың жоғары зият және ізгілікті дамуына әкеледі.