7. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғам көзқарасы өзгерген сайын оларға әлеуметтік көмек көрсетудің қолайлы түрлерін іздеуге мүмкіндік тудырады. Әлеуметтік көмек мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекетгік-әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Жәбірлсген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамына кіреді.
ҚР "Білім туралы" Занындағы 6 бапқа сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті- дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету. Ал білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктері бойынша даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедек балалар әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатына кіреді. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шағыстарын толық немесе ішінара өтейді. Әлеуметік көмектің мөлшерін, көздерін және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Әлеуметтік тексеру - тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, дене кіріптаршығына, жинақтылығы, әдеттегі қызметпен айналысу қабілеті, экономикалық дербестігі мен қоғамға кірігу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтайды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ұзақ уақыттық экономикалық, педагогикалық, психологияляқ, әлеуметтік және экономикалық көмек көрсетіліп отырады.
Педагогикалық тексеру арқылы тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, балалардың зияты жағынан даму ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтайды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету бұл ерекше қажеттіліктерді талап ететін адамдарға - үздіксіз педагогикалық ұйымдастырьшған процесте әлеуметтік тәрбие беру.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет адамның өмірлік жағдайларымен, экономикасымен және саясатты тығыз байланысты.