Әлеуметтік бейімдеу - нысаналы әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеру мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.
Әлеуметтік жұмыс - жекеленген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.
Әлеуметтік көмек - бұл экономикалық жағдайы төмен, әлеуметтік әлсіз, психологиялық жағынан әлсіз адамдар тобына әлеуметтік ортада қалыптасуын жақсартуына бағытталған қызмет көрсету кешені. Ол зейнетақы төлемін қосымша төлеумен, сондай-ақ ұзақ қызмет көрсетуімен (медициналық, психологиялық, құқықтық, педагогикалық және т.б.) сипатталады.
Бұл үрдіс үздіксіз жүйелі түрде ұйымдастырылады. Оның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу. Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету институты толығымен ұйымдастырылмаған және әр тұлғаның жеке әлеуметпк қажеттіліктерін анықтау жұмысы толық жүргізілмейді. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР заңына заңға байланысты 2003 жылдан бастап мүгедек балаларға әлеуметгік көмек көрсету, оларды бейімдеу жұмысы алға басты. Заңды іске асыру жоспарына сәйкес 2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасында 212 бөлімі ашылуы тиіс және де сол бөлімдерде 3236 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істеуі тиіс. Қазіргі уақытта әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарында әр түрлі мамандар жұмыс істеді. Олардың арнайы бөлімдері жоқ. Әлеуметтік педагогикалық даярлау басталғанымен олардың қызметтерінің нормативтік базасы құрастырылмаған және білім беру мекемелерінде әлуметтік педагогикалық қолданудың технологиялар жеткіліксіз.
Әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әлеуметтік педагогикалық әрекеттін орны ерекше.
Әлеуметік- педагогикалық әрекет (мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жәрдемдесу)- бұл мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жасына , қоршаған ортасына байланысты даму ерекшелігін ескертетін үздіксіз педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған әлеуметтік және мәдени шартталған кеңістіктен «шығып кетуіне» (Л.С.Выготский) әкеледі. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты бұзады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі тұлғалар әлеуметтік -педагогикалық әрекет арқылы қолдану - бұл білім беру кеңістігінде (оқу орындары мен мектеп жасынан тыс) қалыптасу болып табылады. Әлеуметтік – педагогикалық әрекет адам өмірінің экономикалық, саяси және тұлғалық жағдайымен тығыз байланысты. Бұл арнайы мамандардың көмегімен, әсіресе әлеуметтік педагогтар көмегімен іске асады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қазіргі әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету жүйесі өзіндік көпсалалы инфрақұрылымына ие. Оның әртүрлі бөлімдері білім беру, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметгік қорғау, мәдениет және спорт, сонымен қатар ата-анатар және мамандар ұйымдары, мейірім қорлары, діни және т.б. мемлекеттік емес құрылымдар әрекеттер құрамына кіреді.
Бұл жүйнде негізгі қызмет ететін маман - әлеуметтік педагог. Әлеуметтік -педагогтың негізгі міндеті мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен қоғам расындағы қарым қатынасты және де балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу.
Өзінің мақсатына жету үшін әлеуметтік педагог мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, білім беру мекемелерімен, денсаулық сақтау мекемелерімен, тұрғындарды әлеуметтік корғау және т.б. Мекемелер мен ұйымдарда тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғайтын жерлердегі адамдармен қарым-қатынас орнату қажет. Әлеуметтік педагогтың кәсіби әрекет мазмұнына келесі бағыттар кіреді.
- әлеуметтік ортада жағымды, адамгершілік бағытында қарым -қатынас қалыптастыру;
- баланың тұлғалық дамуына әсер ету;
- тәрбиеленушілер мен түлектердің әлеуметтік бейімделу мен оңалтуына жағдай жасау;
- оқушылардың жеке және әлеуметтік мәселесін шешуге көмектесу;
- арнайы педагогтар мен оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ағартушылық жұмыс атқару;
- сот және заң органдарында арнайы (түзету) мекеме атынан тәрбиелеушілер құқықтарын қорғау ;
- жұмысқа орналастыру үшін немесе оқушылар білім алу үшін қажетті құжаттарды дайындауда әкімшілік, психолог, педагогтармен және т.б. қызметкерлерімен бірлесіп қарым -қатынас жасау;
- әлеуметтік-медициналық көмекті қажетсінетін балаларды есепке алу, көмекпен қамтамасыз ету.
Шет елдерде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған әлеуметтік -педагогикалық көмек көрсету жүйесі интеграция негізінен, яғни қоғамға біріктіру, принципі бойынша құрылған. Мұндай балалар мен ересектер педагогикалық-әлеуметтік көмектің кешеді шараларын отбасы жағдайында алады. Ересектер өздерінің тұрғылықгы жерінде немесе таңдаған жерінде көмек ала алады,
Еуропалық мемлекеттерде мектептер мен әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері арнайы білім берудің өзіндік бағдарламалары мен әдістерін қолданады. Швецияда мүмкіндігі шектеулі тұлғалары бар жанұялар қосымша қаржылық және медициалық көмек алуға және арнайы көмекші маманмен қамтамасыз етілуіне құқылы. Ерте жастан әр балалармен түзетушілік оқыту бағдарламалары әзірленіп жүзеге асырылады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік қорғау көрсетуге байланысты «мүгедек балалар» және «мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы бағдарламалар әзірленген. Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты мүгедектер мен мүгедектердің мәселелерін кешенді түрде шешу.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы әлеуметтік жұмыс жүйесі дұрыс ұйымдаспаған. (Хакимжанова Г.Д.). Мүгедек, кемтар тұлғалардың құқықтары жөнінде арнайы қабылданған заңдар оларды әлеуметтік қорғау туралы жарлықтар, қазіргі заманның беталыстарына сәйкес болуын көздейді. Жалпы әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік қажеттіліктерді анықтау, қамтамасыз ету бағыты өзінше арнайы зерттеулерді қажет етеді. Біздің елімізде Түзеу педагогика Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында "Әлеуметтік жұмыс" зерттхана қызметкерлері әлеуметтік жұмыстардың түрлі жобаларын жүзеге асырып жатыр.