Кемтар балаларды балаларды әлеуметтік және медициналық -педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тіршілігіндегі шектелуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерін көрсететін білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі.
Кемтар бала (балалар) белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және (немесе) психикалық кемістігі бар он сегіз жаска дейінгі бала (балалар).
Қатер тобындағы бала (балалар) – ерте қолға алынбағандықтан әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен , дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі бала (балалар).
Дене кемістігі-ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кажет ететіндей созылмалы бұзылуы.
Психикалық кемістік-адамның психикасы дамуының және (немесе) жұмыс істеуінін уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоция-еркі жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуынын бұзылыстары, соның ішінде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтар.
Күрделі кемістік – дене және психикалық кемістігінің кез-келген ұштасуы.
Ауыр кемістік – мемлекеттік (оның ішінде арнаулы) білім беру стандартарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене кемістігі.