I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары


IV - ТАРАУ. АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУ КЕЗЕНДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ



бет76/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

IV - ТАРАУ.
АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУ КЕЗЕНДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫ


Дәріс № 40-41
Арнайы білімнің даму тарихына шолу
Жоспары:

  1. Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері.

    • кемтарларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейін кезен;

    • қамқорлықтан керең, соқырларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейін кезең;

    • сенсорикалық кемістіктері бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейін кезең;

    • кейбір кемтар балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейін кезең;

    • кемтар тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктірін қамтамасыз етуге бас бұру кезеңі.

Түсініктер: қоғам көзқарасы, тарихи кезең, қамқорлық, біріктіру, қоғамға қосу, құқық тепетеңдігі.


Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері.


- кемтарларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейін кезең (б.э.д ҮІІІғ-б.э. XII ғ.)
Барлық тарихи кезеңдерде арнайы оқыту жүйесінің дамуы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, қоғамның құндылықтары мен кемтар балаларға қатысты мемлекет саясатымен, білім беру жүйесіндегі заңдылықтармен, ғалымының даму деңгейімен, әлемдік арнайы білім беру тәжіребесіне лайық жүреді.
Арнайы білім беру жүйесінің бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі және сапалы кұрылып, қалыптасуы әлеуметтік көрінісімен анықталады.
Антикалық дәуерден бастап бүгінгі күнге дейінгі кемтар тұлғалардың дамуың зерттеу жұмыстары дамудың бес деңгейін ажыратуға мүмкіндік берді. Бұл кезеңдерді ажыратудың негізгі көрсеткіші ретінде Н.Н Малофеев қоғамның кемтар тұлғаларға деген көзқарасы, көрсетілген көмектің дәрежелерімен бекіткен.
Антика заманынан орта ғасырларға дейін қоғам мен мемлекеттің даму барысында «дамуында ауытқулары бар тұлғаларға» деген қарым-қатынас өте төмен дәрежеде болды. Ол кезде олардың азамат есебіне алмай, статустарын құлдардың статусымен тең қойды.
Алғашқы болып қоғамнан шектелгендерге қайырымдылық танытқан шіркеу қорғаушылары болды. Шіркеулер хоспис, баспаналар мен жетімханалар пайда болды.
Мәліметтер бойына ол кездегі өзіне тамақ тауып жеуге мүмкіншілігі жоқтұлғалар, егер өз өлімімен өлмесе, ру басылары күшпен өлтіріп отырған екен. Туа біткен ақыл-ойы кем немесе дене кемістігі бар тұлғаларды азаматтық өлім күтіп тұрды.
Ежелгі Грециядағы балаларды өлтіру туралы мәліметтер ерте жастағы күрделі деңгейдегі кейіп-кеспірсіз балаларға қатысты болған және де өлтіруге негізінен дене кемістігі бар балалар ұшыраған. Спартада осындай балаларды өлтіру ІҮ-Ү ғасырларды қамтиды және олар бұл істерін экономикалық жағдайына тәуелді болған. Бұндай құбылыс Римде де өз орнын алған. Оны ежелгі Рим философы Сенеканың (б.д.д. 6 - б.д.д. 65ж.) сөзінен байқауға болады. «Біз өмірге әлсіз және кейіп-кеспірсіз болып туылған балаларды өлтіріп, суға тұншықтырамыз, бұны біз ызалықтан немесе қолайсыздықтан емес, санамыздың жетекшілігімен істейміз, жарамсыз бен сауды ажырату үшін» деп жазған.
Ал ежелгі грек елінің ұлы философы Аристотель «адам бойындағы «бұзылғандықты», «ашуланшақтықты», «топастықты» - жаман қылықтардың қалыптасуына әкелетін жетіспеушілік» - деп тұжырымдады.
Адамзат тұлғасына деген жаңа мұрат, құндылықтар мен көзқарастар адам өмірінің мәні туралы түсініктерді христиан дініне сеңушілер алып келді. Олар діни сезімталдық пен жан ашу қаситетін енгізді. Қайырымдылық көрсету әркімнің өз еркінде ғана емес, ол әрбір христианның міндеті болып жарияланды. Шіркеулерде ашылған пана үйлер кемтарларға жағымды қатынастың басталу болды. Келесі бес жүзжылдықта Батыс Еуропа мемлекеттерінде алғашқы қайырымдылық мекемелері мен ауруханалар құрылды. Ең алғаш рет соқырларға және соғысқа қатысу салдарынан көрмей қалған тұлғаларға арнайы пана ашылды.
Бұл жүйенің бастапқы қалыптасуы қала билігінің, монархтың жауапкершілігіне айналды. Осы мәселе мемлекет міндетінің нысаны бола берді.
Киевте шеркеулік қайырымдылық жүйесі ресми мемлекеттік түрде христиан дінің ұстау уағыздаудан басталған. Владимир патшасы шіркеу мүгедектер туралы жұмысты қалыптастырудың іргетасын қалаған (996ж). Киевтегі Печор шіркеуін қалаушы Феодосий кемтарлар мен керен-мылқауларға көмек көрсететін алғашқы пана -аурухана ашқан.
Сөйтіп, Еуропа елдері өркениеті дамуында кемістігі бар тұлғаларды басынудан, оларды өлтіруге тыйым салынған уақытқа дейін, өте ұзақ, азапты жолдан өтті.
Ресей елінде зиялы мекемелердің ұйымдастырылуы, яғни кемтарлаға әлеуметтік көмек көрсету туралы мемлекет саясатынын зандылықтары, көбінесе, Батыс Еуропа тәжірибесінің нәтижесімен танысудан бас алған.
- қамқорлықтан керең соқырларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейін кезең (XII г-ХҮІІІ ғ.)
XII ғ. мен ХҮІІІ ғ. аралығында Батыс Еуропа мемлекеттерінде кемтар тұлғаларға арналған зиялы мекемелер мен үйлер (мемлекеттік және жекеменшік) жүйесі құрылды. Реннесанс мәдениеті (қайта өрлеу дәуірі -ХІҮ-ХҮІІ ғ.ғ.) мен Ұлы Реформация ( Ұлы шіркеу төңкерілісі- ХҮІ ғ. екінші жартысы - ХҮІІ ғ. ортасы) ақыл-ойы мен дене кемістігі бар тұлғаларға деген мемлекет пен қоғам қатынасын күрт өзгертті. Реннесанс данышпандарынан туған гуманистік және орталандыру туралы ой-пікірлері еуропалықтардың санасына еніп, адам және адам өмірінің мәні туралы түсініктердін өзгертті, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың дәрежесіне деген көзқарастын өзгеруіне әсер етті. Христиан дінінің тағы бір бағытын тудырған реформация қайырымдылықтың жаңа үлгілерін дүниеге әкелді.
Орта ғасырлар кезеңінде батыс европалық шіркеулерде кереңдікті және басқа да кемістіктерді ата-аналарының кінәлары үшін жіберілген деген. Олар мен қарым-қатынаска түсе алмағандықтан, оларды есі дұрыс емес сиқыршылар деп ойлаған. Инквизиция жағы олардың іздерінен қалмаған.
Біраз уақыттар өте келе дамуында ауытқуы бар тұлғаларға деген немқұрайлық біртіндеп жойыла бастады. Оларға деген жанашырлық пайда болып, мұндай адамдарды тәрбиелеуге болатыны жайлы да көзқарастар қалыптасты. Мысалға, Ян Амос Коменский (1592-1670) өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде былай деп жазған: «Кімде-кім осындай ақылсыз адамдарға табиғи ақылсыздығынан құтылу үшін тәрбие беру» екендігіне күмән келтіре алады. Ары қарай: «Кім жаратылысынан өзі баяу және ашуланшақ болса, сол адам өзіне көмекті көп қажет етеді, өйткені өз бойындағы пайдасыз ақылсыздық пен жындылықтан құтылу үшін». Ян Амос Коменский бұл сөздерінен аномалді балаларға білім беру мүмкін екеніне кәміл сенгенін көреміз. Осылайша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қоғамға артылған жүк болмас үшін оларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері қарастырыла бастады.
XII ғасырдан XVII ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде кемтар балалар мен ересектерге деген көзқарас алдыңғы ғасырларға қарағанда айтарлықтай жақсарды. Бірақ бұл процесс баяу және күрделі жолмен дамыды. Қайта өрлеу ойшылдарынан (Ренессанс дәуірінің ойшылдары) туындаған гуманизм идеялары европалықтардың саналарына ене отырып, олардың адам жайлы және оның өмірі жайлы ой-пікірлердің өзгеруіне, мүмкіндігі шектеулі адамдардың статустарына деген көзқарастардың өзгеруіне әкелді.
Дамуында ауытқуы бар адамдарды «азаматтық» тұрғыда ақтауға ғана емес, сонымен қатар олардың кейбіреулерін оқытуға тырысу жағдайлары да жасалды. Бұл жерге тағы Ян Амос Коменский жазғаннан еске түсіруге болады: «қандай болмасын әйтеуір адамзат баласы білім алудан шет қалмауы керек»... деген сөздерін.
Алғашында әр түрлі кемістігі бар балаларды жеке-дара оқыту тәжірибесі, арнайы оқу мекемелерін өзіне қарай тартқан жоқ. Саңырау және соқырлар жеке-дара оқытудың алғашқы талпыныстары, олардың іс-әрекетке жарамды екенін занды түрде дәлелдегісі келген, ауқатты семьядағы ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Міне, осындай қолдау 1578 жылы Испанияда, 1648 жылы Англияда, 1670 жылы Францияда іске асырыла бастады.
Ағарту дәуірінде дамуында кемістігі бар тұлғаларды оқытуға алғашқы қадам жасалды. Алғашында түрлі мемлекетерден жинақталған балаларды жеке дара оқыту тәжірибесі арнайы оқу мекемелерін ұйымдастыру қажеттігін тудырмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет