Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
7. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері Адамның ең манызды игілігі - жеке басының бостандығы мен құқықтыры. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конститиуциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет саласындағы құқытар жайлы халықаралық құжаттар барлық адамдардың өмір сүруге, бостандыққа, жеке тұлғалық дербестігіне, ой-пікір, діңи жолын таңдау, еңбек ету еркіндігіне, дем алуға, әлеуметтік қолдауға, қаржылық және моральды қызығушылықты қорғауды қолдайды.
Барлық еркіндік пен құқықтар жүйесінде ең маңыздысы білім алуға құқық. Бұл тұлғалар үшін ең қажетті негізгі құқық. Бұл құқықтан әр бала немесе жас өспірім ақыл-ойында, дене дамуындағы кемістікке сондай-ақ жыныс әлде кіші елдер өкілі болғандығына қарамастан айырылмайды.
Баланың білім алуға деген құқығы бірқатар халықаралық құжаттарда бекітілген, олар "Адам құқықтары жайлы Жалпы Декларация", "Бала құқықтары жайлы Конвенция" т.б. және өз еліміздегі құқықтық Заңдарда белгіленген, нақты ҚР Конституциясында және ҚР "Білім туралы" Заңы (2007), ҚР "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңы (2002), ҚР "Бала құқықтары туралы" Заңы (2002).
ҚР "Білім туралы" Заңы, 47 бапта білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жаупкершілігі бекітілген. Нақты Қазақстан Республикасы азаматтарынын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар деп жариялайды.
11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру
ҚР "Білім туралы" Заңы 49 бапта ата-аналардың және де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері көрсетілген, олар:
- баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;
- өз балаларын окыту мен тәрбилеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялык көмек алуға құқығы бар.
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңның 4 Тарауында Кемтар балалардың құқықтары бікітілген, нақты ата-аналарының және өзгеде заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15 бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті түрде тегін алуға туралы құқығын бекітті.
"Баланың құқықтары туралы Конвенцияда" мүгедек балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруіне, тәуелсіздігі мен әлеуметтік ортаға қосуды қамтамысдандыру туралы мазмұны 23 бапта белгіленген.
"Мүгедектер тең құқылы мүмкіндіктермен қамтамасыздандыру туралы стандартты ережелер" (БҰҰ), мүгедектердің қалыпты дамыған тұлғалармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екендігі айтылған. Бұл құқықтық құжатта мүмкіндіктігінің түріне қарай (мысалы, көрмейтін тұлғаларға Брайль шрифтімен жазылған, фонографиялық жазалар және қажетті сәйкес келетін технологиялармен қамтамасыз ету) мемлекеттерде арнайы стратегиялар, ақпараттық қызмет пен қол жетімді құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі жайлы бекітілген.
1994 жылы Испания мемлекеттінде Саламанка қаласында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың білім алуына "Саламанка декларациясы" қабылданған. Бұл құжатты еңгізуіне Дүниежүзінің барлық мемлекеттер ат салысты. Аталмыш құжатта барлық адамдардың білім алуына тең құқылы екендігі жайлы, ерекше қажеттіліктілігі бар тұлғаларға арнайы білім алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылған, олар:
әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға;
білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпы мектептерде оқуға;
инклюзивті білімді ұйымдастыру бағытында жалпы мектептерде дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы;
жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру;
арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б.
Мүмкіндіктері шектеулі балардың құқыктарының теңдігі бірқатар заңдар мен құқықтық құжаттар жарияланып бекітілген, арнайы білім беру