І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні


ІІ тарау. Ұлттық поэтикалық шығармаларды қазіргі бастауыш мектептің оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану



бет11/23
Дата09.05.2022
өлшемі323 Kb.
#33646
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Дип.-Ұлттық-поэтикалық-шығармашылығын-бастауыш-сынып-оқушыларына-эстетикалық-тәрбие-құралы-ретінд

ІІ тарау. Ұлттық поэтикалық шығармаларды қазіргі бастауыш мектептің оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану

ІІ.1. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ жыраулары мен би-шешендері-нің тәрбие тағылымдарын эстетикалық тәрбиеде пайдаланудың қазіргі жағдайы

Ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та тауысы алмаймыз. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталмаса қиынға соғады. Жас бүлдіршіндерді өз тілін құрметтеуге үйретіп патриоттық тәрбие, адамгерші-лік тәрбие беру әр ұстаздың міндеті. Ал, бүгінгі таңда мектептің мұғалімінің ең қасиетті міндеті рухани бай, жан – жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет – салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері шыққан түп – тамырына жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстамдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілеті, талантын ашу, өзіне - өзінің сенімін нығайтып, өзіне - өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне, бүгінгі білім беру пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «мәнін» ашу, сол мәнді шығармашылық тұлғаға жетелеу.

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектену жалғаса бермек.

Оқыту мен тәрбие үрдісін алдын ала жүйелі түрде жоспарлау және оның тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Біз оқушылардың дербес ізденісі жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз.

1. Алдын ала тапсырма беру;

2. Мақсатқа жету үшін көмек – бағдар, бағыт ұстау;

3.Жаңа сабақта ең алдымен олардың олардың өз жұмыстарын тыңдау, алдындағы өзіндік мақсаттарын саралау, мұғалім қойған мақсаттардың орындалуына назар аудару. Ұжым болып талдау. Жеткен жетістіктерін талдау.

4. Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылардың осы өзіндік жетістіктері тереңдей түседі.



Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез – келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

Қазақстан Республикасы ғылыми техникалық, экономикалық ресурстың және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ білім беру сапасына оның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімінің қоғамдық қажетті деңгеймен қамтамасыз ету, оларды отандық ұлттық және әсемдік мәдениет арналарынан сусындату – басты міндет болып қала береді. Өйткені елдің ертеңі оқу – білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамуды қажет етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс:

1. Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау;

2. Білім мен біліктілігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

3. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас әке мен бала арасындағы қарым – қатынастай ыстық һәм әсерлі болса, сонда ғана қоғам алға қарай өркендемек. Өйткені, қоғамның дамуы білім мен тәрбиеге тікелей байланысты.

Менің ұстаздық жолдағы мақсатым – тақырыпты өмірмен байланыстыру, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынасты сақтау. Сондай – ақ сапалы білім беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі ғылыми педагогикада оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқытудың дамытушы және тәрбиелеуші ықпалының пәрменділігін арттыру көзделуде.

Оқушы жүйелі білім беру үшін оқу мен тәрбие үрдісі қатар жүруі керек. Екеуінің бірі өз деңгейінде жүргізілмесе, сапалы білім беру ақсайды. Сол себепті «оқу мен тәрбие – егіз» дейміз.





«Тәрбие дегеніміздің өзі ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімді тәрбиелеу – яғни, баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық – қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз». (С.Назарбаева. «Ұстаздан ұлағат»).

Оқушыға әсер ететін үш фактор бар, олар:


Отбасы. Қазіргі таңда ата-ананың сексен пайызы жұмыссыз. Көбісі — базарда. Балаларының оқуын қадағалауына уақыты жоқ немесе нарықтық заманға бейімделген ата-ана баласына тек материалдық көмек керек деп түсінеді. Ал рухани байлығына көп көңіл бөлмейді.

Орта. Достарымен теледидар көреді, театрлар мен комьютер клубтарына барады. Алған әсерін олармен бөліседі. Ал теледидар мен театрларда, компьютер клубтарында бала санасын уландыратын нәрселер көп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет