І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні


ІІ.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары



бет13/23
Дата09.05.2022
өлшемі323 Kb.
#33646
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Дип.-Ұлттық-поэтикалық-шығармашылығын-бастауыш-сынып-оқушыларына-эстетикалық-тәрбие-құралы-ретінд

ІІ.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары.

Бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізге дейінгі қоғамда ұлтымыздың тарихы бұрмаланып, тілі мен рухани дүниесі жоғала бастаған еді. Ғылым мен білім жетістіктері бір жақты түсін-діріліп, өркениеттің занды дамуы жаңа кұдіреттердін үлесіне телінді. Ізгілік пен мейірімділік негіздеріне тікелей тәуелді өрелі өркениеттің қоғам құру мұраттарына жету жолдарында жетіліп күтіп тұрған көптеген басты мәселелердің бірі рухани біліктілік пен рухани білімділік еді.

Тәуелсіздікті нығайтуда жас ұрпақты осы айтылған ұлттық биік рухта тәрбиелеу, оның бойында бұрынғы кеңестік дәуірде жоғалтқан имандылық қалпын қайта жаңғыртудың маңызы зор. Осы орайда ел президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда "Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен болашаққа жаңаша көзкарасы бар жас ұрпақты" дер кезінде ең қымбат адами көзқарастар негізінде рухани-адамгершілік, имандылық ізгі қасиеттерге баулу кажет.

Бұл оң өзгерістер педагогтардың алдына жас ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық ерекшеліктер мен жалпы адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, рухани дүниесі бай, жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсат-тарын қояды.

Бүгінгі күні мектептің, ең басты міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке дарынды тұлға тәрбиелеу. Рухани байлық, ең алдымен, ұлттық әдет-салтымыз бен әдебиетімзден, мәдениет өнерімізден, түптамырымыздан басталады. Ұстаздарға жүкттелер міндет – ұрпақ тәрбиесін білім берудің озық ұстанымдарымен байланыстырып әр оқушының қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, түрлі бағытта білім беру.

Қазақстан Республикасының Парламентінің (27маусым, 2000жылғы) әлем парламентариясына жолдаған “ХХІ ғасыр Бейбітшілік - Адамгершілік жүз жылдығы болуы тиіс !” қаулысының басты міндеті - жаңа ғасыр тәрбиесінің негізінде жалпыадамзаттық құндылық арқылы ұлттық мәдениетті меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық пен бейбітшілікті сақтау, ал негізгі мақсаты - адамның жан дүниесіне кішкентай кезінен адамгершілік, имандылық, салауаттылық сияқты қасиеттерді санасына ұғындырып, өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін рухани болмыс арқылы түсіндіре отырып,салауаттылыққа тәрбиелеу. Бұл жаңа ғасыр белесінде жаңа өмір салты бойынша өмір сүру керек деген сөз. Олай болса, оқушыларға мектепте берілетін тәрбие орнықты әрі өзіндік ерекшелігі анықталған, баланың еркін дамуына жағдай жасалған рухани, әлеуметтік өз сипаты, заңдылығы, нәтижесі бар үздіксіз үрдіс болуы қажет. Өмір салты, рухани мұра, адамгершілік ұстанымдар адам баласының тіршілік құндылығымен ұштасып жатса, жинаған білімдері ақыл-ой көмегімен жүзеге асырылса, руханилыққа қол жетпек. Ал руханилықтың өлшемі- адамгершілік, мәні - өмір сүру, шегі - табиғи қажеттілік, яғни адамдық қалыпқа жету.

Мұғалімінің алдындағы сәулелі мұраты өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың "менін" ашу. Сол "менді" шығармашылық тұлғаға жетелеу. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинскийдің: "Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген" - деп ой түюі тәрбие мен білімнің егіз екенін дәлелдемей ме?

Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың колында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында" - деп ұстазға үлкен міндет қойып отыр. Осы жауапкершілікті сезінген ауыл мұғалімі де жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай кетеруде. Жұмыла, бірлесе көтерген жүктің жеңіл болатынын мұғалім мен оқушының нәтижесі көрсетеді. Мұғалім білімінің сапасы шәкіртінен көрінері сөзсіз. Білім жоғары деңгейде беріліп, оқу-тәрбие ісі оқушылардың ой сезіміне әсер етуі үшін:

- біріншіден, тәрбиеші ұстаз саяси сауатты, жан-жакты, білімді болуы шарт;

- екіншіден, тәлімгер ұстаздың өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне ұялата аларлықтай, әдіскерлік шеберлігі болуы қажет;

- үшіншіден, мұғалім оқу-тәрбие үрдісін жүргізу кезінде окушының психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін байқай алатындай сезімтал психолог болуы керек;

- төртіншіден, озат тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа технологияны ұжымға енгізу, пайдалану, нәтижені дамыту;

- бесіншіден, өз білімдерін жетілдіру кезінде оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатын қою. Осы мақсатқа жетуде модульдік оқыту, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, т.б. оқытудың технологиялық әдістерін оқып үйрену ауыл мүғалімдеріне білім сапасын көтеруде септігін тигізеді.

Ертеңге қарап білек сыбанамыз - демекші бүгінгі бала — ертеңгі жаңа әлем. Демек, бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал, қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта - ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет - қасиеттерін дамытатын мектеп қажет. Бүгінгі танда мектеп қабырғасында білім алып тәрбиелетіп жатқан жас ұрпақ алдында "Қазақстан 2030" бағдарламасындағы "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы" - деген ұзақ мерзімдік міндетін іске асыру жауапкершілігі тұр.

Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделеліленіп барады.

Оза оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтежесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Оза оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көзделген мақсатында, мәнінде, мазмұнында мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде т.б. Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуын қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс - амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. Әлемдік педагогиканың көбінесе жүгінетіні Л.С.Выготскийдың идея-ларына негізделген. Ал, бастауыш сыныптарда Л.Н.Лысенкованың іс-тәжі-рибесін алатын оқыту идеялары кеңінен таратылган.

Педагогикалық технологиялары мазмұнына қарай жетілдіреді және топтайды.

1. Педагогикалық қарым-қатынастарды ізгілендіру мен демо-кратияландыру негізіндегі технологиялар. Оған Ш.А.Амонашвили, Е.И.Ильинаның әдістемелері жатады.

2. Оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен тиімділігін
арттыру педагогиканың технологиялары. Оған ойын элементтері, проблемалық оқыту, тірек сызбалары, В. Ф. Шаталов және Е. И. Пассовтың коммуникативті әдістемелері кіреді.

3. Оқыту үрдісін басқару мен ұйымдастыру тиімділігін
арттыратын педагогикалық технологиялар. Оған бағдарламалап
оқыту, дифференциалдап оқыту, топтық және ұжымдық оқыту,
ақпараттық технологиялар жатады.

  1. Оқу материалдарыньщ дидактикалық қүрылымын әдіснама-
    лық тұрғыдан жетілдіретін әдістемелер. Дидактикалық бірлектерді
    түрлендіру жөніндегі П. М. Эрдниев әдістемесі.

  2. Модульдік оқыту технологиясы, оқушыны дамыту құралы
    ретінде қарастырған М. М. Жанпейісованың әдістемесі.

Қандай технологиямен жұмыс істеп, қандай оқыту әдісін пайдалану мұғалімнің өз еркінде. Маңыздысы — түпкі нәтиже, яғни жас ұрпақты жан - жақты дамытып, оқыту.

Сабақты үнемі қалыптасқан бір формада өткізу, әсіресе бастауыш сыныптарында оқушы әрекетіне қозғау сала бермейтіні баршамызға аян. Сондықтан оқушылардьщ белсенділігін арттыру, олардың іс - әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой санасын туғызумен қатар, сабақты өмірмен үштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру - оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

Жаңа технология түрлерін қолданып, сабақты түрлендіріп өткізу үшін мүғалім мен оқушының мүмкіндіктері толық ескерілуі қажет. Сабақ барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға ерекше назар аударылуы тиіс.

Бүгінгі таңда мектептердің негізгі мақсаты — зерделі, дарынды балалардың шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік туғызу және дамыту. Сондықтан да оқудың жаңа технологиясын зерттеу, оны ісіне қолданып, жогары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті.

Шешендік сөздер ежелгі ауыз әдебиетінің жалғасы, жаңа ауыз әдебиетінің бастауы. Шешендердің басым көпшілігі – билер. Бұл бөлімде оқушылардың жас ерекшелігіне қарай билердің өмірінен қысқаша мағлұмат беріледі, олардың төрелігін оқи отырып, сөз өнерінің құдіретін танып, көркемдік ерекшелігін ашуға, астарлы сөздің мағынасын түсіне білуге үйренеді. Бөлімдегі тақырыптар “сахналау”, “дөңгелек үстел”, “рөлдік ойындар” ”пікірталас” сияқты дәстүрлі емес сабақ түрінде ұйымдастырылады. Шешендік өнерге үйретуде төмендегі негізгі әдіс-тәсілдер қолданылады.

1.Сөзбен жұмыс.

2.Салыстыру арқылы астарлы сөздің мағынасын түсіну.

3.Мәтіндегі әр түрлі жағдаятқа талдау жасау.

4.Дәлелдеу, тұжырым жасау.

5.Өз көзқарасын еркін жеткізу.

Мектеп пен ата-ананың міндеті-әр балаға бақыт беру. Бұл адамның өзінің қабілеттерін ашып, еңбекті сүйіп, оның жасампаз болуында, өзін қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауында, басқа адамды сүйіп, сүйікті болуында, балаларды нағыз адам етіп өсіруде. Тек ата-аналармен бірлікте, ортақ күш-жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер балаларға адамдық үлкен бақыт бере алады. Бастауыш сынып оқушыларын әсемдікке тәрбиелеуді дамыта отырып, тәрбие сағатын өткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет