Байланысты: Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-9 классов
20. Мееханикалық жұмыс. Кинетикалық және потенциалдық энергия А нұсқасы 238. 2 км биіктіктен түсіп келе жатқан массасы 20 мг жаңбыр тамшысына әсер ететін ауырлық күшінің істейтін жұмысы қандай болады?
239. Ұзындығы 5 м, көлденең қимасы 100 см2 болат бөренені көтергіш кран горизонталь жатқан күйінен 12 м биіктікке көтереді. Кран қандай пайдалы жұмыс істейді?
240. Массасы 2 кг денені 1 м биіктікке 3 м/с2 үдеумен көтерген кезде адам қандай жұмыс істейді.
241. «Союз» сериялы ғарышкеменің массасы 6,6 т болса, оның орбита бойымен 7,8 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?
242. Дененің импульсі 8 кгм/с, ал кинетикалық энергиясы 16 Дж. Дененің массасы мен жылдамдығын табыңдар.
243. Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциялдық энергиясы 10 кДж-ға тең?
244. 1,5 биіктікке көтерілген, массасы 300 кг-ға тең балғаның қаданы қаққанда соғылатын бөлігінің потенциалдық энергиясы қандай?
245. Балалар пистолетінің серіппесін 3 см-ге жиырған кезде 20 Н күш жұмсалады. Сығылған серіппенің потенциалдық энергиясын табыңдар.
246. Қатаңдығы 40 кН/м серіппені 0,5 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару қажет?
Б нұсқасы 247. Тереңдігі 5 м судағы көлемі 0,6 м3 тасты судың бетіне дейін көтерді. Тастың тығыздығы 2500 кг/м3. Тасты көтеруде істелген жұмысты табыңдар.
248. Массасы 10 т, двигателі сөндірулі автомобиль жол бойымен еңіске қарай жүріп келеді. Еңіс көкжиектен 40-қа тең бұрыш жасайды. 100 м жол жүргендегі ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.
249. Еркін түсіп келе жатқан дененің түсу уақытының бірінші және екінші жартысындағы істелеген жұмыстарды салыстырыңдар.
250. Бала массасы 100 г допты тік жоғары лақтырды да, лақтырған нүктеде оны қайтадан ұстап алды. Доп 5 м биіктікке көтерілді. Доп жоғары көтерілгендегі, төмен түскендегі және оның барлық жолындағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.
251. Әр метрінің массасы 400 г арқанмен массасы 8 кг суы бар шелекті тереңдігі 10 м құдықтан көтергенде қандай жұмыс істелуі тиіс?
252. Өзара перпендикуляр , 30 және 40 Н күштердің әсерімен дене 10 қашықтыққа қозғалды. Әр күштің істеген жұмысын және тең әсерлі күштің істеген жұмысын жеке- жеке анықтаңдар.
253. Хоккей шайбасымен салыстырғанда футбол добының массасы 3 есе көп, ал жылдамдығы 3 есе кем. Бұлардың кинетикалық энергиясын салыстырыңдар.
254. Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8/с-қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар.
255. Серіппені 4 мм-ге созу үшін 0,02 Дж жұмыс істеу қажет. Осы серіппені 4 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару керек.
С нұсқасы 256. Ұзындығы ℓ= 40 см жіпке ілінген, массасы m=100 г шар горизонталь жазықтықта шеңбер сызады. Егер шардың қозғалысында жіп вертикальмен тұрақты а=600 бұрыш тұрса, шардың Ек кинетикалық энергиясы қандай?
257. 44- суретте серіппенің ұзаруы мен созушы күштің шамасының арасындағы тәуелділік графигі берілген. 8 см-ге созылған серіппенің потенциялыдық энергиясын анықтаңдар. А бұрышының тангенсі мен графиктің ОА бөлігінің, астыңдығы жағындағы үшбұрыштың ауданының физикалық мағнасын анықтаңдар.
258. 0-ден 10 Н –ға дейін, 10-нан 20 Н-ға дейін, 20-дан 30 Н-ға динамометрдің серіппесін созғандағы, адамның атқаратын жұмыстарын салыстырыңдар.
259. 40 Н-ға есептелген динамометрдің қатаңдығы 500 Н/м серіппесі бар. Серіппені шкаланың ортасынан бастап соңғы бөлікке дейін созу үшін қандай жұмыс атқару керек?