18. Байланыстырылған бірнеше денелердің қозғалысы. Б нұсқасы 221. Жылжымайтын блоктан асыра тасталған жіпке массасы m және 2m жүктер ілінген. Егер а) массасы үлкен жүкті алақанмен көтере ұстап, жүйенің қозғалуына бөгет жасаса, б) массасы кіші жүкті ұстап тұрса, в) жүйені еркімен жіберсе, жіптің керілу күші қандай болады?
222. Массасы 27,2 т вертолет 15,3 т жүкті арқанмен жоғары қарай 0,6 м/с2үдеумен көтереді, Вертолеттің тарту күшін және жүк тарапынан вертолеттің тіркеу механизіміне әсер ететін күшті табыңдар.
С нұсқасы 223. 40-суретте массасы 400 г білеуше массасы 100 г жүктің әсерінен тыныштық күйден шығып, 2 с ішінде 80 см жол жүрді. Үйкеліс коэффициентін табыңдар.
224. 42-суретте байланысқан m1=0.19 кг, m2=0,27 кг, а=220 екі дене қандай үдеумен қозғалады және жіптің тартылыс күші Ғт неге тең? Үйкелісті ескермеңдер. Мына жағдайда программаны құрастырыңдар: егер массасы m2-ге тең дене оңға қарай қзғалса (төмен ), онда а.>0.
ІІІ тарау. Сақталу заңдары 19. Дененің импульсі. Импульстің өзгеруі . Импульстің сақталу заңы А нұсқасы 225. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 10 т жүк таситын автомобильдің жылдамдығы 25 м/с , ал массасы 1т-ға тең. Жеңіл автомобильдің импульстері неге тең?
226. Массасы 160т шайбаның импульсі массасы 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайба қандай жылдамдықпен ұшуы тиіс?
227. Болаттан және қорғасыннан жасалған, көлемдері бірдей екі дене бірдей жылдамдықпен қозғалып барады. Осы денелердің импульстерін салыстырыңдар.
228. Массасы 2000 т поезд түзу сызықты қозғалып, жылдамдығын 36 км/сағ –тан 72 км/ сағ-қа дейін арттырады. Импульс өзгерісін табыңдар.
229. Массасы 20 кг, тыныш тұрған арбаның үстінде массасы 60 кг адам тұр. Егер адам, арбаның үстінде арбамен салыстырғанда 1 м/с жылдамдықпен жүре бастаса, арба жермен салыстырғанда қандай жылдамдықпен қозғалады?