16. К өлбеу жазықтық бойымен қозғалыс. Б нұсқасы 207. Егер қозғалыс кедергі коэффициенті 0,05-ке тең болса, массасы 600 кг вагонетканы көлбеулік бұрышы 200 эстекада бойымен көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?
208. Көлбеу жазықтық көкжиекке а=300 бұрыш жасай орналасқан. µ үйкеліс коэффициентінің қандай мәндерінде жүкті сүйреп шығару тік жоғары көтеруден гөрі қыйындау болады?
209. Массасы 4 т автомобиль 0,2 м/с2 үдеумен тауға көтеріліп барады. Егер еңістік 0,02 және кедергі коэффициенті 0,04 болса, тарту күшін табыңдар.
210. Үйкеліс коэффициенті µһ0,2 білеуше көлбеулік бұрышы а=300 көлбеу жазықтық бойымен қандай а үдеумен сырғып барады?
С нұсқасы
211. Ұзындығы 13 м, биіктігі 5 м көлбеу жазықтықта массасы 26 кг жүк жатыр. Үйкеліс коэффициенті 0,5. Жүкті жоғары көтеру үшін, жазықтықты бойлай жүкке қандай күш әсер етуі тиіс? Төмен түсіру үшін ше? Рым,282.
212. Лобораториялық жұмыстар жүргізу кезінде мынандай мәліметтер алынды: көлбеу жазықтықтың ұзындығы 1 м, биіктігі 20 см, ағаш білеушенің массасы 200 г, білеуше жоғары қарай қозғалған кездегі динамометр арқылы өлшенген тарту күші 1 Н. Үйкеліс коэффициентін табыңдар.
213. Ұзындығы 50 см, биіктігі 10 см көлбеу жазықтық үстінде массасы 2 кг білеуше жатыр. Жазықтыққа параллель орналасқан динамометрдің көмегімен ағаш білеушені көлбеу жазықтық бойымен жоғары көтеріп, сонан кейін сүйреп төмен түсірді. Динамометр көрсетулерінің айырмасын табыңдар.
214. Арбашаны көлбеулік бұрышы а болатын көлбеу жазықтықтың үстінде ұстап тұру үшін, көлбеу жазықтық бойымен жоғары қарай бағытталған Ғ1 күшін жұмсау керек. Ал, жоғары қарай сүйреп шығару үшін Ғ2 күшін жұмсау қажет. Кедергі коэффициентін табыңдар.
17. Шеңбер бойымен қозғалыс. Б нұсқасы 215. Массасы 2 т автомобиль қисықтық радиусы 40 м дөңес көпірден 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Автомобиль көпірдің ортасына қандай күшпен қысым түсіреді?
216. Массасы 50 кг бала әткеншек теуіп тұр. Әткеншек аспасының биіктігі 4 м. Теп-теңдік қалпынан 6 км/ссағ жылдамдықпен өткен кезде, бала орындыққа қандай күшпен қысым түсіреді?
2 17. 39-суретте көрсетілген мезетте жіптің керілу күші
неге тең екендігін анықтаңдар. Жүктің массасы α
m=100 г, жылдамдығы υ=2 м/с, бұрышы а=600, жіптің
ұзындығы ℓ=40 см.
υ 39-сурет
С нұсқасы 218. Велосипедпен жарысатын жолда радиусы 40 м айналма бар. Жолдың осы аралығы көкжиекке 400 бұрыш жасай көлбеген. Мұндай көлбеулік қандай жылдамдықпен жүруге есептелген?
219. Егер резеңкенің топыраққа үйкеліс коэффициенті 0,4 болса, мотоциклші радиусы 100 м доға жасап, горизонталь жазықтықта қандай максимал жылдамдықпен жүре алады?
220. Ұзындығы ℓ= 60 см жіпке ілінген жүк бір қалыпты қозғалып, горизонталь жазықтықта шеңбер сызып шығады. Егер қозғалыс кезінде жіппен вертикаль арасында а=300 бұрыш пайда болса, жүк қандай жылдамдықпен қозғалады?