Байланысты: Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-9 классов
24. Гормониялық тербелістің негізгі сипаттамасы А нұсқасы 310. Дененің тербеліс жиілігі 2000 Гц. Оның тербеліс периоды неге тең болады?
311. Материялдық нүктенің тербелісінің жиілігі 440 Гц, ол 5 с уақыт ішінде қанша тербеліс жасайды
312. Материялық нүкте 1 мин уақыт ішінде 300 тербеліс жасайды. Осы тербелістің периоды мен жиілігін табыңдар?
313. Материялық нүкте 10 кГц жиілікпен тербеледі. Тербеліс периоды мен 1 мин ішіндегі тербеліс санын табыңдар?
314. Материялық нүкте 20 с уақыт ішінде 50 толық тербеліс жасайды. Тербеліс периодын табыңдар.
Б нұсқасы 315.Массаның қанат қағу тербеліс жиілігі 600 Гц, ал араның қанат қағу тербеліс периоды 5 мс. 1 мин ішінде қай жәндік қанатын көп қағады және қанша көп қағады.
316. x=0.4 cos5πt тербелмелі қозғалыстың теңдеуі берілген. Тербеліс амплитудасын және тербеліс периодын, t=0.1с –тан кейінгі ауытқуының шамасын табыңдар?
317. Амплитудасы xm=0.07м, жиілігі ν=200 Гц бастапқы фазасы нөлге тең гормониялық тербелістің теңдеуін жазу керек.
318. Амплитудасы 8 см –ге тең, 1 мин уақыт ішінде 60 тербеліс жасайтын гормониялық тербелістің теңдеуін жазыңдар?
319. Дененің гормониялық тербелісінің амплитудасы xm=15 см, периоды T=0,05 с, бастапқы фазасы нөлге тең. Жылдамдығы мен үдеуінің максималь мәндерін табыңдар.
С нұсқасы 320. Сантиметр мен өлшенген дененің координатасы, уақыт өтуімен ілесе, мына x=3,5 cos4πt түрде өзгереді. Тербелістер амплитудасы және дөңгелектік (циклдік) жиілік неге тең? Тербеліс басталғаннан 5 с өткендегі тербелістер фазасы неге тең.
321. Тербелістің амплитудасы 2 см. Егер нүкте x=xmcoswt заңымен тербеліс жасайтын болса, ауытқу 1 см-ге тең болу үшін тербеліс басынан есептегенде қанша уақыт керек болады?
322. Дене амплитудасы xm=5 см, периоды T=0,01 с, бастапқы фазасы нөлге тең гормониялық тербеліс жасайды. Тербеліс басталған соң t=1 с уақыттан кейінгі дененің жылдамдығы мен үдеуін табыңдар.
323. 1 мин ішінде 120 рет тербелетін гормониялық тербелістердің теңдеулерін жазыңдар. Амплитуда 5 см, ал тербелістердің бастапқы фазалары: 0,π/2, π,3π/2,2π.
324. Массасы 10 г дене гормониялық тербеліс жасайды. Тербеліс теңдеуі x=0.1 sin (6.28t+0.6) тербелісті тудырушы күштің амплитудасы мен дененің толық энергиясын есептеу керек.